Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет9/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

 
Сыр
 
бойына, Қаратау қойнауларының 
баурайларына орын тебеді. 
Сҿйтіп, IX ғасырдың аяғында оғыз тайпаларының бірлескен одағы арқасында 
патриархалдық-феодалдық мемлекетке айналады. Оғыздардың құрамына тек түрік тілдес 
тайпалар ғана кіріп қоймай, Арал, Каспий бойына келіп орналасқан, тіл жағынан түріктене 
бастаған, үнді-европалықтар, фин-угарлар да кірген. 
М. Қашқаридің дерегі бойьшша, оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрса, ал Марвази 
олардың 12 тайпадан тұрғандығын жазады. Егер 24 тайпадан құрылған кезі оғыздардың 
алғаш ҽр түрлі тайпалардан жаңа қалыптаса бастаған кезін кҿрсетсе, ал 12 тайпалық кезі 
кейінгі мерзімін кҿрсетеді. Бұл заңды құбылыс. Ол тайпалардың бір-бірімен қосылып, 
саны азайып халықтық дҽрежесі кҿтеріле бастаған кезі.
Оғыздардың саяси ҽкімшілік басқаруы кҿп жағдайда ру-тайпалары бірігіп, ірі 
тайпалық одақтар құрып, ал тайпалық одақтар ел деп немесе халық болып, аймақтарға 
бҿлініп басқарылған. "Оғызнамеде‖ Оғыз қаған ҿзінің жерін басты он екі аймаққа бҿліп 
басқарғандығы айтылады.
Сіздер Оғыз мемлекетінің саяси құрылымына кҿңіл бҿліңіздір: мемлекетті ―жабғу‖ 
басқарған, ол атақ жалғыз болып, ол мүрагерлікке қалып отырған. Жабғудың мүрагерлері 
―инал‖ деп аталатын болған. Оларды арнайы сайлап қойған ―атабек‖ атағына ие болған 
тҽлімгерлер тҽрбиелеген. Оғыздарда жабғу ҽйелдері де мемлекеттің саяси істеріне 
араласып отырған. Олар ―қатын‖ деген атаққа ие болған. Оғыз мемлекеті ҽскери 
демократияға сүйенген. Сондықтан да ҽскер басыларының қоғамдағы алған ролі зор 
болған. Ол ―сюбашы‖ атағына ие болған.
Жабғудың ―Кұл еркіндер‖ деп аталатын кеңесшілері болған. Тарихи деректерге 
қарағанда, оғыздарда ―халық жиналысы болған‖, бірақ ол феодализмнің дамуына 
байланысты біртіндеп, шақырылудан қалып, оның орнына Күлеркіндердің кеңесі 
шақырылатын болған. Бүл кеңес ―қаңқаш‖ деп аталған. 
―Оғызнамедегі‖ деректерге қарағанда, оғыз мемлекетінде ел басқарудың ең жоғарғы 
органдары ұлы жҽне кіші қүрылтай жиналыстары болған. Ұлы құрылтай жиналысында 
мемлекеттік маңызы бар ішкі-сыртқы мҽселелер, ал кіші қүрылтайда екінші кезектегі 
сұрақтар қаралаған сияқты. 
Оғыздар Сырдарияның орта жҽңе тҿменгі ағысы мен Арал бойына орын тепкен соң, 
ҿзінің батыстағы шекарасын да ұлғайта түседі. IХ ғасырдың аяғында хазарлармен 
келісімге келіп, Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді біржолата талқандап, 
олардың жерін ҿздеріне қаратады. 


Х ғасырдың аяғында оғыздар Киев князі Святославпен келісім жасап, Хазар 
қағандығын да ойсырата жеңген. 
Оғыздардың жер үшін жүргізген жорықтарының кҿп жағдайда сҽтті болуы олардың 
саяси беделін де кҿтере түскен. Орыс жылнамаларында князь Владимир 985 жылы түркі-
оғыздармен одақтаса отырып, Еділ, Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны 
айтылады. 
Алайда үзақ жылдарға созылған соғыстар, коптеген алым-салықтар халық 
наразылықтарын туғызады. Нҽтижеде, Х ғасырдың соңымен ХI ғасырдың басында Ҽли 
ханның тұсында Оғыз мемлекеті ҽлсірейді. ХI ғасырдың екінші жартысында күшейе 
бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржолата ығыстырады.
* * * 
Лекцияның кезектегі сұрағын талқылау барысында біз Қазақстанның орталығында
солтүстігінде жҽне шығыс болігінде ҿмір сүрген қимақ жҽне қыпшақ тайпаларының 
тарихына тоқталатын боламыз. 
Қимақтардың жеке тайпа ретінде тарих сахнасына шығуы Батыс Түркі қағанаты 
шығыс бҿлігінің 656 жылы ыдырай бастаған кезі. Қимақтар IХ ғасырдан бастап ҿз 
алдына жеке мемлекет болып ҿмір сүрген. "Худуд Ҽл-Алам"да Қимақ мемлекетінің 
орталығы Имақия қаласы болғаны айтылған. Жазба деректертерде қимақтардың екінші 
орталығы Алакҿлдің шығыс жағындағы Қарантия қаласы деп кҿрсетілген. 
Қимақ сҿзінің этимологиялық негізі туралы ғылымда белгілі, тиянақты пікір 
қалыптаспаған. Қимақтардың этникалық құрамы туралы дерек Гардизидің ―Зайн-Ҽл-
акбар‖ атты еңбегінде аңыз түрінде кездеседі. 
―Худуд Ҽл-Алам‖ мен Ҽл-Идриси IX ғасырда, Ертіс пен Жоңғар Алатауының арасында 
12 қимақ тайпалары бірлестігінен жаңа Қимақ мемлекеті құрылғанын хабарлайды. 
Мемлекеттің жоғарғы билігі хақанның қолында болған. Билік мұрагерлік дҽстүрмен 
ауысып отырған. Хақаннан кейінгі билік, қимақ мемлекетінің құрамына енген тайпалар 
бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың кейінгі жеке-жеке ру-
тайпаларды шад, түтіктер билеген, яғни: 
қаған — жабғұ — шад — түтік 
Басқарудың бұл жүйесі, қимақ мемлекетіндегі патриархалдық феодализмнің 
дамуынан келіп пайда болған. 
IХ ғасырдың аяғындағы тарихи-георафиялық еңбектерге қарағанда қимақ мемлекеті 
ҿзінің территориялық жағынан ұлғайғандығын кҿрсетеді. Қимақ тайпаларының бірлестігі 
Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы аудандарына дейін, Орталық жҽне 
Шығыс Қазақстан мен Жетісудың солтүстік-шығыс аудандарының арасындағы ұлан-
ғайыр, кең алқапты алып жатқан. Алайда, бұл кҿрсітілген территорияның барлық жерінде 
таза қимақ тайпалары дерліктей тығыз тұрған деген ой тумауы керек. Жазба деректерде 
қимақтардың негізгі тығыз тұрған жерлері деп Ертістің орталық ағысы мен Жетісудың 
солтүстік- шығыс аудандары аталады. 
Қимақтар бұл кезде мҽдени, ҽлеуметтік-экономикалық жағынан ҿздеріне жақын, 
саяси биліктері де ұқсас қырғыз, ұйғыр, қарлұқ, оғыз, қарахан мемлекттерімен іргелес 
кҿрші болыпқана қоймай, олармен тікелей қарым-қатынаста, байланыста болды.
Сондықтан да олардың ҽдет-ғұрпын, салт-санасын, тілі мен діни наным-сенімдерін 
бірынғай деуге болар еді. X ғасырдың соңында Қимақ мемлекеті біршама ҽлсірей бастады. 
Басты себебі, жаңадан құралған басқару аппаратының ҽлі де болса осалдығы, оның ішкі
 
қайшылықтардың бетін дер кезінде ашып, оған тойтарыс бермеуі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет