Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет48/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

Әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010. 
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тҽуелсіз Қазақстан: 
алғышарттары жҽне қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев жҽне 
т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 
2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Ҽбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010. 
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 
2007. – 344 с. 
Тақырып 23. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. 
1. Қазақстанның тҽуелсіздік алу қарсаңындағы қоғамдық-саяси жағдайы. 
2. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. 
3. Тҽуелсіз Қазақстанды дамытудың мемлекеттік стратегиясының белгіленуі.
Тақырып 24. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қҧрылысы. 
 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымын жасақтау.
2. Мемлекеттің ішкі жҽне сыртқы саясатын қалыптастыру.
3. Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық 
референдум арқылы қабылдануы.
4.«Қазақстан-2030» Стратегиясы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы. 
1. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
тҽуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды. 
Тҽуелсіздік туралы Конституциялық Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы тҽуелсіз, 
демократиялық жҽне құқықтық мемлекет деп жарияланды. Республика ҿз аумағында ҿкімет 
билігін толық иемденуге, ҽрі ішкі жҽне сыртқы саясатын дербес жүргізуге құзырлы болды.
Бастауын мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдаудан алатын
Конституциялық Заң республиканың дамуының жаңа кезеңін айқындап берді. Оның 
мазмұнында ұлттардың ҿзін-ҿзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен 
бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бҿлісу, ұлтаралық келісім т.б. 
іргелі демократиялық қағидаттар кҿрініс тапты. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған 
арманы орындалды. Тҽуелсіздік туралы Заңның негізгі мҽні 18 баптан тұратын жеті тарауда 
айқын кҿрсетілді. Бұл тарихи оқиға қазақ халқының тҽуелсіздік жолындағы ұзақ жылдарға 
созылған күресінің заңды қорытындысы болды. 
Заңның екінші тарауында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық 
бірлестіктерге қатысына, шыққан тегі, ҽлеуметтік жҽне дүние-мүліктік жағдайына, тұрған 
жеріне қарамастан құқығы мен міндеткерліктерін бірдей пайдаланатындығы атап 
кҿрсетілген. Егемендіктің бірден-бір иесі жҽне мемлекеттіліктің қайнар кҿзі республика 
азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы мҽселе екінші 
тараудың 7-бабында қарастырылған.
Қазақстан Республикасындағы кҿші-қон процесін реттеу, жаппай саяси қуғын-сүргін, 
күштеп ұжымдастыру жҽне басқа адамгершілік нормалары бұзылған кезде ел аумағынан 
кетуге мҽжбүр болған адамдарға жҽне олардың ұрпақтарына, бұрынғы кҿршілес кеңестік 
ресубликалар аймағында тұратын қазақтардың қайта оралуына жағдай жасау туралы 


айтылады. Қазақстанда тұратын қазақ ұлтының жҽне басқа ұлт ҿкілдерінің дҽстүрі мен тілін, 
ұлттық құндылығын сақтау, мҽдениетін ҿркендету мен дамыту мемлекеттің басты 
міндеттерінің бірі болып дҽйектелді. Сонымен қатар, мемлекет елімізден тыс аймақтарда 
тұратын қазақтарды, олардың ұлттық-мҽдени, тілдік жҽне рухани қажеттіліктерін 
қамтамасыз етеді, олар азаматтары болып табылатын мемлекеттермен келісім негізінде 
қорғауға жҽне қамқорлыққа алынды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары үшінші тарауда 
анықталғандай, бҿліну қағидаларына қарай заң шығарушы, атқарушы жҽне сот билігі болып 
құрылып, іс жүзіне асырылады. Жоғарғы Кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің 
халықтың атынан сҿйлеуге құқығы бар. Заң шығарушы билік Қазақстан Республикасының 
Жоғарғы Кеңесі тарапынан жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Елбасы жҽне 
атқарушы билігі Президент, сот билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен 
Жоғарғы тҿрелік соты жүргізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық соты – 
Конституцияны сотпен қорғаудың ең жоғарғы органы болып табылады. 
Тҿртінші тарауда Республика мемлекеттік тҽуелсіздігінің экономикалық негіздеріне 
анықтама берілген. Тҽуелсіздік мемлекет мҽртебесіне сҽйкес келетін жҽне меншіктің барлық 
түрлерінің кҿпқырлылығы мен теңдігіне негізделетін дербес экономикалық жүйенің 
болатындығы жан-жақты атап кҿрсетілген еді. 
Жер мен оның қойнауы, су, ҽуе кеңістігі, ҿсімдік жҽне жануарлар ҽлемі, басқа да 
табиғи байлықтары, экономикалық жҽне ғылыми-техникалық мүмкіндіктер Қазақстан 
Республикасының меншігі болып табылады. 
Бесінші тарауда Қазақстан Республикасы ҽлемдік қауымдастықтың мүшесі болып 
жарияланғаны айқындалады. Ол халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады, 
дипломатиялық жҽне консулдық ҿкілдермен алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық 
қауіпсіздік жүйесіне кіре алады жҽне олардың қызметіне қатынасады. Қазақстан 
Республикасы сыртқы экономикалық мҽселелерді ҿз бетінше шешеді.
Алтыншы тарауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігін қорғау 
мҽселесі сҿз етіледі. Ҿз тҽуелсіздігін жҽне территориялық тұтастығын сақтау мақсатында, 
республика ҿзінің Қарулы Күштерін құру құқығына ие болды. Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік рҽміздері – Елтаңба, Ту, Ҽнұран. Астанасы – Алматы қаласы. Осы Заң 
Республиканың жаңа Конституциясын ҽзірлеуге негіз болды. 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тҽуелсіздігі туралы» Конституциялық 
Заңның қабылдануы жаңа тҽуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін бекітті. Оған – 16 
желтоқсанда қол қойылуы, 1986 жылғы оқиғалардан кейінгі Қазақстанда демократиялық 
процестің сабақтастығын дҽлелдеп, елдегі ҿзгерістердің бастамасы болды. Сонымен бірге 
шынайы егемендікті жариялап, сыртқы ҽлемнің елімізді тануына қол жеткізілді. 
Конституциялық Заң Қытай, Түркменстан, Ҿзбекстан, Қырғызстан жҽне Ресей 
елдерімен шекара мҽселесін толығымен реттеуге кҿмектесті. Ол Еуразия кеңістігіндегі 
сенімділік саясатының, серіктестіктің жҽне тұрақтылықтың негізін қалады. Қазақстан 
азаматтарының қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етілді. Сҿйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан 
– Қазақстан Республикасының тҽуелсіздік күні ретінде танылды. Қазақстанның тҽуелсіздігін 
Түркия елі бірінші болып таныды. Сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания 
жҽне тағы басқа ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық жҽне 
консулдық ҿкілдіктер ашуға кірісті. Ал, Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, 
халықаралық жҽне ұлттық ұйымдардың ҿкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың 
егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекет аралық жҽне үкімет аралық 
келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды. Тҽуелсіз Қазақстан Республиканың алдына 
үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан 
мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға кҿшу, жоспарларды іске асыру, 
елдің ішінде кҿп ұлтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. 


Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер – оның бүкіл дүниежүзі елдерімен 
байланыстарын одан ҽрі дамытып, алдыңғы қатарлы ҿркениетті мемлекеттердің қатарына 
қосылу, елдің қҽуіпсіздігін қорғау, ҽлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты 
болғызбау. Халықтың ерік-жігері тек осындай аса маңызды міндеттерді іске асыруға 
бағытталды. Ұлттық мұрат – мүдде алдыға шықты.
2. Кез-келген тҽуелсіз мемлекеттің ең басты белгілерінің бірі - оның ҿзіне ғана тҽн 
мемлекеттік рҽміздерінің болуымен сипатталса,елдің шынайы ҽрі іс жүзіндегі 
нақты тҽуелсіздігі қайсыбір мемлекетке кіріптарлықтан ада ететін экономикалық 
еркіндігімен де ұштастырылып жатады. Бұл рас нҽрсе. Ҽлем елдерімен салыстырғанда 
мемлекеттік шекарасының ұзақтығы дүниежүзі бойынша бірінші орында тұрған Ресеймен 
шекетесетін Қазақстанның шығысында Азияның ғана емес, ҽлемнің алпауыт аждаһасына 
айналған Қытай орын тепкен. Басқасын айтпағанда осы екі ірі мемлекеттің ортасында 
тұрып, ғасырлар бойы бабасынан мұраға қалған ең бірінші байлығы - жерін сақтап қалу 
бір ерлік болса, алмағайып заманалардың қай-қайсысында да экономикалық тұрғыдан 
босаңдық танытпай, алып елдің жетегіне жұтылып кетпеуінің ҿзі үлкен абырой. Олай 
болса, тҽуелсіздікті тек сҿз жүзінде ғана емес, іс жүзінде дҽлелдеу аса маңызды. 
Сондықтан да, қазіргі Қазақ елі 20 жылдық тҽуелсіздік тарихында елдігін ғана емес, 
экономикасының егемендігін де сақтаған мемлекет ретінде межелі табалдырықтан 
абыроймен аттап отырғаны да шындық. Ҿйткені, күні кеше кҿз алдымызда ҿткен тарихқа 
жүгінсек, тҽуелсіздіктің де оңай келе қоймағанын анық байқауға болады. Бұнда да ең 
алдымен елдің экономикалық тҽуелсіздігін сҿз етпеуге еш құқымыз жоқ. 
1991 жылы тҽуелсіздігін жария еткен Қазақстан ҿзінің құрдас мемлекеттері секілді 
ҿтпелі кезеңнің қиыншылықтарын бастан кешірді. Ҿтпелі кезеңдегі негізгі мақсатымыз 
жоспарлы экономикадан нарықтық сатыға кҿшу болатын. Бұрыннан бағынып келген 
орталықтың күл-талқаны шығып, салааралық тұрмақ, ҿңіраралық байланыстардың аяқ 
астынан «жоғалуы» барлық саланы дерлік құлдыратуға сүйреді. Бұл Қазақстан 
тҽуелсіздігінің тарихындағы алғашқы экономикалық дағдарыс болды. 90-шы жылдардың 
басында тҿске ҿрлеген гиперинфляциямен, ҿндірістің толық тоқтатылуымен, тҿлемсіздік 
дағдарысымен күрес экономикалық жағынан да дербестікке ұмтылған жас мемлекетіміз 
үшін үлкен сынақ болды. Ресми Мҽскеу арқылы ғана шешімін табатын бюджеттік жүйе де 
тоқырап, тҽуелсіз елді кҿтермелеп, жығылғанға сүйеу болатын қор мүлдем болмады. 
Кеңес одағы шеңберіндегі Қазақ ССР-інің бюджеттік субвенциясы 50 пайызға дейін 
жететін. Бұның ҿзі сол кезде жеке отау тіккен дербес ел үшін аса қатерлі ғана емес, 
экономикалық тҽуелділікке қайта итермелейтіндей Қазақ елі үшін мүлдем кері кҿрсеткіш 
болғаны даусыз. Тҽуелсіздіктен кейінгі 1993 жылы гиперинфляция орын алып, бұндағы 
инфляция деңгейі - 2165 пайызды құраса, 1994 жылы ол 1158 пайызға жетті. Сондықтан 
да, қалыптасқан күйзелістен шығудың жолы тым қиын еді. Сҿйтіп, Қазақ еліне заң 
жүзінде жарияланып, ҽлемге мойындатылған тҽуелсіздігін іс жүзінде дҽлелдеудің, қайта 
кіріптарлықтан құтылу үшін экономикасын қорғаштап кҿтерудің сынағы келді. Бұл 
дегеніңіз - елдің жерін, территориясын сақтау, ұлттық мемлекеттіліктің белгілерін 
бекітумен қатар, дербес экономикалық саясат ұстану үшін тҽуекелі берік тағдыршешті 
мҽселелерде табандылықты талап еткені белгілі.
Сонымен қатар сол кездері тҽуелсіздік алған мемлекеттердің ішіндегі ең күрделі 
жағдай Қазақстанның басында болғаны да анық еді. Ҽлемдегі ең ұзын шекараның 
ұзақтығы ҿз алдына, жас мемлекеттің қаржылық жүйесін алпайыт кҿршіден бұрып алып 
ҿз алдына тҽуелсіз бағытқа түсіру де үлкен күшті талап еткені түсінікті. Ҿйткені, 
егемендіктің алғашқы жылдары кҿзге кҿрінбесе де ҽртүрлі экономикалық қысымдар 
болып тұрғаны анық. Басқасын айтпағанда, қазақтың мемлекеттілігіне қарсы «рубльдің 
шеңберінде қалыңыздар, ҽйтпесе ел болуларың қиын» деген кері пікірлер де сырттан 
айтылып жатты. Осы шеңбердің ықпалында ұстап тұру үшін нешетүрлі қитұрқы 


амалдарды бастан ҿткеруге тура келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы ҿзінің «Қазақстан 
жолы» атты кітабында былай дейді: «Еңбекақыны, зейнетақыны, жҽрдемақыларды тҿлеу 
үшін біз Ресейден ақша сатып алуға мҽжбүр болдық. 1992 жылдың бірінші жартысына 
дейін Ресейдің Орталық банкісінен ақша қаражатын біз тегін алып тұрғанбыз. Бірақ 
кейіннен бюджеттер бҿлінгенде рубльді сатып алуға тура келді. Ақшаны сатып алуға 
Қазақстан бюджетінде қаражат жетпегендіктен, ел оның тапшылығын бірден сезінді. Біз 
рубльді қарызға (несиеге деп те айтуға болады) алатынбыз. Артынан Ресей біздің 1,5 
миллиард долларға қарызданғанымызды айтты. Бірнеше жылдар ҿткеннен кейін барып, 
«Байқоңыр» айлағы үшін есептескенде ғана осы қарызды жаптық».
Кейіннен тҽуелсіздіктің тірегіне айналған тҿл Теңгенің айналымға енуі елдің 
егемендігін біржолата нығыздай түскен еді. Қазақстан осылайша тҽуелсіздіктің алғашқы 
5-6 жылын түбегейлі дербес мемлекеттікті қалыптастыру, ішкі жҽне сыртқы саясаттың 
жаңа жүйесін құру, экономиканы жұмыс істеуге мҽжбүр ету, оны жекешелендіру, яғни 
либералды мемлекетті, либералды экономиканы қалыптастыру үшін тынымсыз 
жұмыстарды бастан ҿткерді. Соның арқасында тҽуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ 
дағдарыстың жағымсыз салдарынан қарсы тұра алатын экономика құруға шама жетті. 
Осыдан соң барып Тҽуелсіздіктің алтыншы жылында ҚР Президенті Н. Назарбаев 
қалыптасқан жағдайдан шығудың нақты бағдарын айқындайтын, сондай-ақ елдің алдағы 
даму белестерін айғақтайтын «Қазақстан-2030» даму Стратегиясын бекітті. Аталмыш 
Стратегия жас Қазақстанның ұзақ мерзімді, сатылап дамуына берік негіз қалағаны айқын. 
Стратегияға сҽйкес, еліміздің миссиясы 2030 жылға қарай тҽуелсіз, гүлденген, саяси һҽм 
экономикалық тұрақты Қазақстанды қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттің бұған 
дейінгі жүріп ҿткен жолдары да, даму бағыттары да осы стратегиямен берік үндесіп 
келеді. Ҿйткені, «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді 
стратегиялық іс-шаралар жоспары да бекітілді. Кезең-кезеңге межеленген бірқатар 
басымдықтар айқындалды. Ал ондай басымдықтарды игеру бойынша бірқатар мҽселеде 
жағымды динамика мен прогресс орын алды. Мҽселен, кҿрсеткіштердің аса маңыздысы 
болып табылатын Ішкі жалпы ҿнімінің ҿсімі бойынша 2008 жылдың ҿзінде «Қазақстан-
2030» стретагиясында 2010 жылға қарай қол жетуі межеленген мақсат орындалды. Ҽйтсе 
де, Қазақстан тарихындағы тағы бір күрделі кезең Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысымен 
тұспа-тұс келеді. 1998 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы дамыған нарықтарға ғана 
емес, жаңа қалыптасып келе жатқан нарықтарға да кері ҽсерін тигізді. Бұл Қазақстанның 
да ІЖҾ-не жағымсыз рҿл атқарғаны да айқын. Еңсеріп қана қойған жоқ, сол жылдары 
Қазақстанның ел ордасын Ақмолаға кҿшіру туралы алып бастама кҿтерілді. Кейіннен бұл 
бастама елдіктің, егемендік пен тҽуелсіздіктің символына айналған Астананы ҿмірге 
ҽкелді. Сҿйтіп, қазіргі Астана Қазақстан ҿңірлері үшін экономиканы дамыту кҿшбасшысы 
болып қана қойған жоқ, саяси-ҽлеуметтік, қаржылық-экономикалық мҽселелердің 
халықаралық алаңына да айналды. Сол арқылы басқа қалаларға бизнесті жүргізуге 
қолайлы жағдай жасаудың, инвестиция тартудың үлгісін кҿрсетіп келеді. 
Кеңес одағының ыдырауынан, Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысынан кейінгі ел 
басындағы ең үлкен күйзеліс АҚШ ипотекалық нарығынан бастау алған, сосын ҽлемдік 
деңгейде алапат толқын тудырған 2008 жылы бастау алған жаһандық қаржы дағдарысы 
еді. Құрылыс индустриясын қарышты дамытып отырған Қазақстан үшін де бұл оңай 
соққы болған жоқ. Құрылыс саласының соңынан банкілік-қаржылық жүйе де біршама 
шайқалды. Ҽйтсе де, жаһандық дағдарыстың сынағын бұл жолы да Қазақстан сҽтті 
еңсерді. Елдің қаржылық-экономикалық жүйесін құлдырытпау, экономика секторларын 
қолдау бағытында Үкіметтің тұрақтандыру жоспары бекітілді. Ең бастысы, ҽлеуметтік 
бағдарланған бюджетті толық сақтау басты назарда болып, елдің жұмыссыздығын 
ҿсірмеуге кҿп күш салынды. Ҿңірлерде жұмыспен қамту стратегиясы жүзеге асты. Ал 
2010 жылы дағдарыс салқынын еңсеруді одан сайын түгесіп, дағдарыстан кейінгі даму 


сатысына ҿту мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік 
бағдарламасы қабылданды. Осылайша, уақытылы қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар 
Қазақстанның Ішкі жалпы ҿнімінің құлдырауынан сақтап қалды. Мҽселен, Экономикалық 
даму жҽне сауда министрлігінің келтірген деректеріне сүйенсек, Қазақстан, тіпті, ең 
дағдарысты жылы болып саналатын 2008-2009 жылдарының ҿзінде ІЖҾ-нің тҿмендеуін 
емес, ҿсімін қамтамасыз етті. Атап айтқанда ІЖҾ 2008 жылы - 3,2 пайызға артса, ҽлемдік 
күйзелістің шарықтау шегі саналатын ел экономикасына аса ауыр тиген 2009 жылы бұл - 
1,2 пайыздық ҿсімді кҿрсетті.
Сҿйтіп, 2010 жылы еліміздің ІЖҾ 7 пайызға ҿсіп, біраз уақыт «шыр айналдырған» 
дағдарыстан кейінгі экономиканың қалпына келу белгілері кҿрінді. Ҿнеркҽсіптік ҿндіріс 
10,5 пайызға жоғарылады. Жұмыссыздықты жою мақсатында 100-ге тарта жаңа 
кҽсіпорындар ашылды. Тарихи қалыптасқан ҿлшеммен статистиканы тағы да салыстырып 
қарасақ, 1996 жылы жан басына шаққандағы ІЖҾ 1 мың 300 доллар шамасында 
қалыптасса, 2010 жылы бұл кҿрсеткіш 10 мың доллар шамасында болды. Ал орташа 
айлық жалақы аталған кезеңдерде 101 доллардан 526 долларға дейін артты. Ал еңбек 
нарығына келер болса, 90-шы жылдардың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 13-15 
пайыздық кҿрсеткіште қатып тұрса, қазір 5,8 пайызды құрап, бұл кҿрсеткіш бойынша 
бірқатар дамыған елдермен тереземіз теңесті. Икемді салықтық-бюджеттік, ақша-
кредиттік саясаттың нҽтижесінде, жалпы макроэкономикалық тұрақтылық арқасында 
Қазақстанға 1993 жылдан бері 130 млрд. доллар шамасында тікелей шетелдік инвестиция 
тартылды. 
Бір сҿзбен айтқанда, Қазақстан тҽуелсіздік жылдары ішінде жаһандық ауқымдағы 
қатерлі үш дағдарыстың толқынына тҿтеп беріп, жаңа дҽуірге қадам басты. Бұндай 
жетістікті бағындыру ең алдымен ҚР Президенті Н. Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің, 
қазақ халқының ҿршіл мақсатқа ұмтылысын кҿрсететін мінезінің арқасында жүзеге асты. 
Былтырғы 2010 жылы Тҽуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев бұл тұрғысында: «ХХІ ғасыр Қазақстан үшін жаңа қауіп-қатерлерді ҿзімен 
бірге ала келді. Оның ішінде ең ірісі ҽлемдік дағдарыс болды. Осы жағдайда санаулы 
елдер ғана бұл сынды еңсере алды. Оның қатарында біздің Қазақстан да бар. Тҽуелсіздік - 
бұл бҽрінен бұрын елдің экономикалық тҽуелсіздігі»,-деген болатын. Расымен, 
экономикалық жетістіктерді айтқанда, ондай жетістіктердің де оңай жолмен келмегенін 
естен шығармауымыз қажет-ақ. Сонда ғана тҽуелсіздігіміздің тұрығы мығымданып, оның 
ішінде экономикалық дербестігіміз мҽңгілікке ұласа түсері айқын. 
3. Елбасы алғаш рет 1996 жылы 8 қазанда Қазақстан халқына «Елдегі жағдай жҽне 
ішкі, сыртқы саясаттың 1997 жылға арналған негізгі бағыттары туралы» атты Жолдау 
жасады. Бұл Жолдауда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ҽ. Назарбаев еліміздің 
тҽуелсіздік алғаннан бергі бес жыл уақыт аралығында жүзеге асырылған саяси-
экономикалық жҽне ҽлеуметтік мҽселелер бойынша реформаларға жан-жақты тоқтала 
отырып, терең талдаулар жасады.
«Ішкі жҽне сыртқы саясаттың бағыттары мен басымдықтары» деген Жолдаудың 
екінші бҿлімінде Президент елдегі мемлекеттік-құқықтық құрылыс, сыртқы саясаттағы 
бағыттарға арнайы тоқталды. Негізінен алғанда, Елбасы Жолдауда демократиялық, 
құқықтық жҽне ҽлемге ашық мемлекет құру жолындағы басты мақсат-міндеттерді ашып 
кҿрсетеді. Сондай-ақ, Жолдауда іске асырылып жатқан экономикалық реформалар 
барысын жүйелі саралап, ҽсіресе, жекешелендіру, шағын жҽне орта бизнес, тұрғын үй 
құрылысы, шетелдік инвестицияларды тарту, қылмысқа қарсы күрес, бюджет саясатының 
басымдықтары сияқты сол уақыттағы аса күрделі мҽселелерді жан-жақты қарастырды. 
Маңыздысы, Жолдауда ел ҿміріне, ҽлеуметтік-экономикалық ахуалға кҿп кҿңіл бҿлінді. 
Қоғам дамуы ел ҿмірімен, экономика жҽне саясат тҿңірегінде кең ҿріс алды.


4. "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
 
Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ҽ. Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан. 
Қазақстан Республикасы президенті-Елбасы Нұрсұлтан Ҽбішұлы Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ елінің дамыған отыз елдің қатарында болу мақсаты 
баяндалған. 
Жолдауда стратегияның жеті бағыты анықталған: 
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты-пайда алу, инвестициялар мен бҽсекеге 
қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген экономикалық прагматизм. 
2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші-кҽсіпкерлікті жан-жақты қол- дау. 
3 Ҽлеуметтік саясаттың жаңа принциптері-ҽлеуметтік кепілдіктер мен жеке 
жауапкершілік. 
4. Білім мен кҽсіби машық –заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта 
даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары. 
5. Мемлекеттілікті одан ҽрі нығайту жҽне қазақстандық демократияны дамыту. 
6. Дҽйекті де болжамды сыртқы саясат-ұлттық мүдделерді ілгерілету мен ҿңірлік 
жҽне жаһандық қауіпсіздікті нығайту. 
7. Жаңа қазақстандық патриотизм –біздің кҿп ұлтты жҽне кҿп конфессиялы 
қоғамымыздың табысының негізі. 
Жолдауда «Бҽріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз», «Бҽріміздің де туған 
жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы», «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-
Тҽуелсіз Қазақстан». 
Білім сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл туралы «Бҽсекеге 
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» 
деді Елбасы ҿзінің «Қазақстан-2050»стратегиялық Жолдауында. Бҽсекеге қабілетті маман 
қалыптастыру- білім беру саласы мамандарының басты мақсаты. 
Мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындап берген «Қазақстан-2050» 
стратегиясында бҽсекеге қабілетті мемлекет болу үшін сауаттылығы мол елге айналу 
керектігіне аса мҽн берілгені мҽлім. Осы елдің ертеңі, болашағы –бүгінгі ҿскелең ұрпақ 
десек, оларға осы бағытта дұрыс тҽлім-тҽрбие, сапалы білім берілуі міндетті шара. 
Қазақстандық патриотизм-Қазақстанды Отаным деп сезініп, басқа этностардың 
қазақ халқына құрметпен қарауын, ҽр этностың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, 
туған жерін жҽне оны қорғауға дайын болу. Елбасы Жолдауында /Қазақстан-2050/ біздің 
қоғамымыздың табысының негізі-жаңа қазақстандық патриотизм екендігі айтылды. Бұл 
ретте біз ел тҽуелсіздігі мен қоғамдық келісімді сақтауға жҽне нығайтуға тиіспіз. 
Жоғары патриоттық сезімдер-ұлттық намыс, ҿз ұлтының жетістіктерін бағалау, 
отан қорғауға ҽрқашан дайын болу, ерлік дҽстүрін қадір тұту. 
Тҿменгі патриоттық сезімдер-ҿзінің бойында ұлттық намысы жоқ, ҿз ұлтының 
жетістіктеріне қарсы болу, құлдық сезім т. б. жатады. Мұндай тҿменгі патриоттық 
сезімдердің ішіндегі құлдық сезім ҿте қауіпті. 
Патриоттық тҽрбиенің негізі, қазақ патриотизімі ерте кезден бері қалыптасты. 
Себебі сонау сақ дҽуірінен, Күлтегін, Тоныкҿк, Білге қағаннан, Қазан тҿңкерісіне дейінгі 
кезенде туған жер үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек 
ұрпағына Отанымызды, «қазақ‖ атауын біздерге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, 
хандар заманында ауызекі түрде жыр, ҿлеңмен тараған патриоттық ҿсиеттердің негізінде 
бізге жеткен. Демек, қазақ патриотизімі-рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-
бабаларымыздың қаһармандық, батырлық отансүйгіштік тҽлім-тҽрбие беру идеалдарының 
жиынтығы деп айтуымызға болады. 
»Қазақстан-2050"стратегиялық бағытын жүзеге асыруда біздің-қазақ халқына 
айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағлымы мол тарихымыз бен ұлы бабалардың 


ұлағатты ҿмірінен алар тҽлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Осыдан үш 
ғасыр бұрын Аңырақайда болған шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай 
боларын ҿзіне де, ҿзгеге де дҽлелдеген. Сын сағатта туғын елге деген перзенттік парызды 
бҽрінен биік қоя білген. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де батыр 
бабаларымыздың бостандық жолында тҿгілген қаны деп білеміз. Біз бҽріміз бір атаның-
қазақ халқының ұлымыз. Бҽріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл 
дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тҽуелсіз Қазақстан. 
Патриотизм-бұл болашақ елдің игілігіне жұмсалатын инвестиция. Ол- білім, 
жасампаз еңбек арқылы қалыптасады. Патриотизм- бұл ҿз Отанына деген кҿркем 
махаббат. Жүрегінде еліне деген сүйспеншілігі болмаса, қанша білікті болсаңда ҿмірің зая 
кетті дей бер. Сондықтан оның мҽні мен маңызы зор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет