Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе



Pdf көрінісі
бет56/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

2.
 
ҚР қоғамдық қозғалыстарының қҧрылуымен көп партиялық жҥйенің 
қалыптасуы.
Қазақстан тҽуелсіздігін алғаннан кейін кҿппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі 
басталды. Партия рҿлінің күшеюі ҽлеуметтік топтардың саяси бағыттарының жҽне 
ҽлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды. 
Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, 
«Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, 
«Республикалық» партия болды. 


1991 жылдан бастап, қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қазақ КСР-дегі қоғамдық 
бірлестіктер туралы» Заңмен реттеле бастады. Заңға сҽйкес, 1991 жылдың 30 
желтоқсанына дейін республика аумағында қызмет ететін барлық қоғамдық 
бірлестіктердің қайта тіркеуден ҿтуі талап етілді. Партия мен қоғамдық қозғалыстардың 
дамуы мен жұмыс істеу ережесі бүгінде 1995 жылғы Қазақстан Республикасының 
Конституциясымен, сонымен бірге ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңымен (1996 ж.) 
жҽне «Саяси партиялар туралы» Заңымен (2002 ж.) реттеледі. Атап айтсақ, Ата Заңның 5-
бабында: 
1. Қазақстан Республикасында идеологиялық жҽне саяси ҽр-алуандылық танылады. 
Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берілмейді. 
2. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей. Қоғамдық бірлестіктер ісіне мемлекеттің 
жҽне мемлекет ісіне қоғамдық бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық 
бірлестіктерге мемлекеттік органдардық қызметін жүктеуге жол берілмейді, – деп 
жазылған. 
Қазақстанда қоғамдық жҽне саяси-қоғамдық қозғалыстардың дамуын 6 негізгі кезеңдерге 
бҿліп кҿрсетуге болады: 
– 1986 жылдың күзінен 1989 жылдың басына дейін (бейресми бірлестіктердің құрылуы, 
клубтық құрылымның дамуы); 
– 1989 жылдың басы мен 1991 жылдың тамызы (кҿпұлтты жҽне бірұлтты партиялардың, 
қозғалыстардың жҽне ұйымдардың қалыптасуы); 
– 1991 жылдың қыркүйегі мен 1998 жылдар аралығы (КОКП таратылуы, КСРО-ның 
күйреуі, тҽуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дифференциацияның ҿсуі 
жҽне республика азаматтарының саяси белсенділігінің дамуы, жаңа партиялар мен 
қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуы жҽне тіркелуі); 
– 1998 жыл мен 2002 жылдар аралығы (партиялық жүйенің ары қарай дамуы, сайлау 
заңына ҿзгерістердің енгізілуі, жаңа қоғамдық-саяси бірлестіктердің пайда болуы; 
– 2002 жылдан 2007 жылға дейін («Саяси партиялар туралы» жаңа Заңның қабылдануына 
байланысты партиялық жүйе конфигурациясының ҿзгеруі, мемлекет пен БҰҰ ара-
қатынастарының жаңа форматы); 
– 2007 жылдан бүгінге дейін (ҚР Конституциясына түзетулердің енгізілуі, 
пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі, «Саяси партиялар туралы» Заңға 
ҿзгерістердің енгізілуі). 
1990 жылдың басы мен орта шенінде ұйым ретінде тіркелген саяси партиялар үгіт-
насихат, жақтастарын іріктеу жҽне саяси іс-қимылдарға тарту кезеңінде болды. Орталық 
ұстанымдағы анағұрлым кҿрнекті партиялар қатарында Қазақстанның «Социалистік» 
партиясы, Қазақстанның «Халық Конгресі» партиясы, Қазақстанның «Халық Бірлігі» 
Партиясын атауға болды. Қазақстанның саяси партиялары, қозғалыстары, қоғамдық 
бірлестіктері Жоғарғы Кеңестің XІІ жҽне XІІІ шақырылымдағы сайлауларына, сонымен 
бірге 1990, 1994, 1995 жылдардағы Парламент мҽжілісінің сайлауларына қатысып, 
олардың кейбірі еліміздің жоғарғы ҿкілдік органында депутаттық фракцияны құрады. 
Атап айтар болсақ, 1995 жылғы депутаттық корпуста Қазақстанның халық бірлігі 
партиясы, Қазақстанның халық Конгресі партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, 
Қазақстанның қайта ҿрлеу партиясы, «Лад» қозғалысы жҽне т.б. болды. 
1998 жылы басталған партиялардың жҽне қоғамдық қозғалыстардың дамуының жаңа 
кезеңі саяси белсенділіктің кенеттен болған дүмпуімен ерекшеленді. Бұған бірнеше 
факторлар ықпал еткен болатын. Бірінші – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ. 
Назарбаевтың 1998 жылдың 30 қыркүйегіндегі «Елдегі жағдайлар жҽне ішкі жҽне сыртқы 
саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демокртияландыру, жаңа жүзжылдықтағы 
экономикалық жҽне реформалар туралы» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы. 
Онда демократияландырудың негізін салушы жеті элементтердің қатарында қоғамның 


саяси жүйесіндегі партиялардың рҿлін күшейту аталды: «Саяси партиялар демократияның 
құрылысын қалайтын негізгі «құрылыс материалы», біз құқықтық қатынастарда да барлық 
мүмкіндікті жасауымыз қажет, партиялар ҿсіп, нығаюы үшін олардың қоғамдағы орнын 
бекітуіміз керек», – деп тұжырымдады
Партиялық жүйенің ары қарай дамуы үшін маңызды жайт парламентте партиялардың 
пропорционалдық ҿкілдерін енгізу туралы ұсыныс болып табылады. Бұл Қазақстан 
Республикасының Парламентінің 1998 жылғы 7 қазандағы елдің Негізгі Заңына енгізілген 
ҿзгерістер мен толықтыруларында іске асты. Аталған түзетулерге сҽйкес, Парламенттің 
Мҽжілісінде партиялық тізім бойынша сайланған депутаттар үшін қосымша он орын 
берілді.1999 жылы ҿткен Қазақстан Республикасының Парламентінің Мҽжілісіне сайлау 
депутаттық мандат үшін партияаралық бҽсекелестіктің алғашқы тҽжірибесіне айналды. 
Бұл жылғы Мҽжіліс сайлауына тоғыз партия қатысты. 1999 жылдың қазанында партиялық 
тізім бойынша дауыс беру ҿткізіліп, сайлау қорытындысы бойынша Парламенттің тҿменгі 
палатасы - Мҽжілістен 10 орынды «Отан», Коммунистік, Аграрлық, Азаматтық 
партиялары жеңіп алды. 
Партиялық жүйенің қалыптасуының жҽне дамуының жаңа кезеңі біріншіден, 2002 жылы 
саяси партиялар туралы заңның қабылдануымен, екіншіден, 2004 жылғы парламенттік 
сайлауға партиялардың қатысуымен байланысты болды. 
2002 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» жаңа Заңы 
қабылданды. Заңда партиялардың қызмет ету тҽртібінің жаңа шарттары бекітілді: 
партиялардың құрылу, қызметін уақытша тоқтату жҽне мүлде тоқтату тҽртіптерін 
құқықтық реттеу; партияны қаржыландыру; сайлау процесіне қатысу. Заңға сҽйкес, 
азаматтардың, ҽртүрлі ҽлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің ҿкілді жҽне 
атқарушы, жергілікті ҿзін-ҿзі басқару органдарында білдіру жҽне оларды қалыптастыру 
ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы 
азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады . Саяси партия саны бір мың 
адамнан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша 
құрылады. Саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында партияның барлық 
облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы ҽрқайсысында кемінде 
жеті жүз партия мүшесі бар құрылымдық бҿлімшелерінің (филиалдары мен 
ҿкілдіктерінің) атынан ҿкілдік ететін кем дегенде елу мың партия мүшесі болуға тиіс. 
Депутаттық мандатқа бҽсекелестік үшін конфигурациясын «Саяси партиялар туралы» 
жаңа заң анықтаған партиялық жүйе форматын құраған 12 саяси партия қосылды. 
Партиялар тіркеуден ҿткенде қатарында кемінде 50 мың адам болуының қажеттігі туралы 
заң нормаларының қолданысқа енуі, барлық партиялардың тіркеуден ҿте алмауына ҽкелді. 
Атап айтсақ, оппозициялық партиялар Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы, 
«Азамат» демократиялық партиясы, «Алаш» ұлттық партиясы, сондай-ақ «Қайта ҿрлеу», 
«Ел Дана», «Соотечественник» жҽне т.б. қайта тіркеуден ҿте алмады. 
2004 жылы парламенттік сайлауда саяси одақтардың стратегиясы алғаш рет заңды түрде 
жүзеге асты. Партиялық негізде сайлауалды блоктарды құру 2004 жылы сайлау туралы 
заңнамаға ҿзгерістер енгізілгенде заңдастырылды. Атап айтсақ, мұндай блок Орталық 
сайлау комиссиясында тіркелуі қажет болды, бір партия тек бір блок құрамында ғана бола 
алды, сайлау процесінде блок ҿзге саяси партиялар сияқты құқықтық иемденді. 
Тҿрт партия сайлауға белсене қатысқан екі блокқа бірікті: Аграрлық жҽне Азаматтық 
партиялары АИСТ (еңбеккерлердің аграрлы-индустриалды одағы) блогына, ал 
Қазақстанның Коммунистік партиясы мен Қазақстанның Демократиялық таңдауы 
халықтық партиясы – «Коммунистердің жҽне ДВК оппозициялық халықтық одағына» 
бірікті. 


Партиялық тізім бойынша сайлау қорытындысы: Отан – сайлаушылардың 60,61% 
(парламенттегі 10 орынның жетеуі); Ақ жол – 12,04 % (1 орын); Асар – 11,38 % (1 орын); 
АИСТ блогы – 7,07 % (1 орын). 
2006 жылы саяси-партиялық кеңістік конфигурациясы айтарлықтай ҿзгерістерді басынан 
кешірді, бұл партиялардың бірігу процесіне байланысты болатын. Бағдарламаларының 
жҽне саяси жарғыларының ұқсастығы себепті «Асар» партиясы, Аграрлық жҽне 
Азаматтық партиялары билеуші «Нұр Отан» («Отан» партиясы атауын «Нұр Отан» ХДП –
на ҿзгертті) партиясына бірікті. 
2007 жылы 18 тамызда Қазақстанда Мҽжіліске кезектен тыс парламенттік сайлау ҿткізілді, 
нҽтижесінде «Нұр Отан» партиясының – 88,41 % кҿрсеткіштегі жеңісімен аяқталды. 
2007 жылғы мамыр айындағы Конституцияға енгізілген толықтырулар мен ҿзгерістер 
партиялық жүйенің дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруда, яғни Конституциялық 
реформаларға сҽйкес, мемлекеттегі саяси партиялардың рҿлдері мен мҽртебелері артуда. 
Тҽуелсіздік жылдарындағы еліміздегі саяси күштердің тарихына жасалған қысқаша шолу 
кҿрсеткендей, Қазақстанда кҿппартиялықтың қалыптасуы жалғасуда жҽне толыққанды 
тұрақты партиялық жүйе туралы, саяси күштердің айқын түрде анықталуы туралы айтуға 
ҽлі де болса ертерек. Республиканың саяси партиялары алдында дҽстүрлі міндеттермен 
қатар, партия дамуының ортақ тенденцияларын жҽне ҿтпелі қоғамды Қазақстанның 
ерекшеліктерін анықтайтын жаңа міндеттер де тұр. 
Келешекте партиялық жүйенің одан ары нығаюы жҽне Парламенттегі партиялық ҿкілдікті 
кеңейту Қазақстандағы саяси процестерді демократияландыруды жеделдетеді. 
Қазақстандағы кҿп партиялық жүйенің қалыптасуы. Еліміздегі демократиялық 
процестердің жандануына байланысты 80-жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде 
Республикамызда түрлі бағыттағы қозғалыстар мен партиялар құрылды. Олар: 
экологиялық бағыттағы «Невада-Семей» қозғалысы, Балқаш пен Арал проблемалары 
жҿніндегі комитет, Азат қозғалысы, белгілі бір ұлттың немесе ұлттық топтардың мүддесін 
кҿздейтін «Единство», «Алаш», «Желтоқсан», Қазақстан социал-демократиялық, Халық 
конгрессі тҽрізді партиялар еді. 90 жылдардағы құрылған саяси қозғалыстардың бірі 
«Азат» қозғалысы еді. Халқымыздың тҽуелсіздік алуы жолындағы қажырлы еңбек еткен 
саяси қозғалыстардың бірі «Азат» ұйымы болғандықтан оның жарғысына тоқтала кетейік. 
Қазақстанның «Азат» республикалық қозғалысы еріктілік негізде Қазақстан 
азаматтарының басын қосатын саяси ұйымы. «Азат» Қазақстан жерінде гуманистық
ҽлеуметтік мұраттар мен ұлттық ҽділеттілікті мақсат ететін иманжүзді қазіргі дҽуірге сай 
ұлттық 
демократиялық 
тҽуелсіз 
мемлекет 
орнату 
жолында 
күреседі. 
Қазақстанның толық саяси жҽне экономикалық тҽуелсіздігіне жету, ел басқаруда «Халық 
үкіметі» принципін қатаң сақтау, ұлттың ҿзін-ҿзі билеу саясатын іс жүзіне асыру, олардың 
саяси-ҽлеуметтік 
қамқоршысы 
болу 
«Азат» 
қозғалысының 
басты 
мақсаты. 
Осы құрылған партиялармен қозғалыстардың ішінде ұлтаралық тыныштықты бұзып, 
келеңсіз қылықтарымен кҿрінгендері де болмай қалған жоқ. Мҽселен, «Единство» 
партиясының қабылданған құжаттарында, партия халықтың барлық топтарын біріктіреді, 
ұлтына қарап бҿлінуге жол бермейді, қозғалыс ұлтшылдықтың, шовинизмнің, ұлтына 
қарай артықшылық жасаудың кез келген кҿріністеріне қарсы күреседі делінген. Ал іс 
жүзінде олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне қарсы күресуде. Тек славян 
халықтарының мүддесін кҿтеруде.1994 жылға дейін Қазақстанда арнайы ҽділет 
министрлігінің тіркеуінен ҿткен мынандай партиялар мен қозғалыстар болды. Партиялар: 
Қазақстан социалистік партиясы, Қазақстан Республикалық партиясы, Қазақстан Халық 
Конгресі партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның халықтық-
кооперативтік партиясы. Қозғалыстар: «Невада-Семей», «Азат»,«Қазақстан жұмысшы 
қозғалысы», «Лад» республикалық славян қозғалысы. 1995 жылдан бастап елімізде 
жаңадан құрылған саяси партиялар пайда болды. 1995 жылы қаңтар айында Қазақстанның 


«Ҿрлеу» партиясы құрылды. Партия еліміздің ҽлеуметтік қорғансыз бҿлігі: ҽйелдер, 
мүгедектер, зиялы еңбек қызметкерлерінің мүддесін қорғайды делінген. 1995 жылдың бас 
кезінде Қазақстанның аграрлық партиясы құрылды. Оның басты мақсаты ауыл 
шаруашылығы саласы халқының ҽлеуметтік-экономикалық жҽне саяси мүддесін қорғау 
болды. Сонымен бірге 1999 жылы елімізде «Отан», Азаматтық партия сияқты жаңа 
партиялар да пайда болып, саяси процесстерге белсене араласуда. Бұлардың қатарын 2002 
жылы наурыз айында құрылған «Ақ жол», 2003 жылы желтоқсан айында құрылған «Асар» 
партиялары толықтыра түсті. Сонымен, Тҽуелсіздік алғаннан бергі саяси процестерді 
қортындылайтын болсақ, ол бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезең (1991-1993 жж.) 
бұрынғы саяси жүйені ҿзгертіп, жаңа саяси жүйені қалыптастыруға бағыт алынды. Бір 
партияның билігі жойылып, кҿппартиялық жүйе енгізілді. Азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтары кеңейтілді. Елімізді парламенттік-президенттік басқару формасы 
қалыптасты. Екінші кезең (1994-1995 жж.) саяси жүйедегі еліміздің саяси, экономикалық, 
ҽлеуметтік-мҽдени, психологиялық, геосаяси, ұлттық ерекшеліктерін қарастыру процессі 
жүргізілді. Алғаш рет еліміздегі Жоғарғы Кеңеске баламалы түрде сайлау ҿткізіліп, 
жергілікті жерлердегі ҿкілетті билік ҿкілдері қалыптасты. Үшінші кезеңде (1996-1998 
жж.) 1995 жылы референдумда қабылданған Конституция, Президенттік басқару 
формасына ҿтуде заңдық тұрғыдан бекітіп, алдағы уақыттағы саяси жүйенің даму 
бағытын айқындап берді. Елімізде екі палаталы кҽсіпқой Парламент жҽне басқа да саяси 
жүйе институттары құрылды.Тҿртінші жаңа кезең 1998 жылдың қыркүйегіне бастау 
алады. Бұл кезең Президенттің Қазақстан халқына арналған жолдауын жария етуден жҽне 
1998 жылы күзде еліміздің Конституциясына жҽне басқа заңдық актілеріне ҿзгеріс 
енгізуден, Парламенттің құқықтарын кеңейтуден басталды. Сайлау жүйесіне реформа да 
жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет