Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


 Бәсекеге қабiлеттi экономика



Pdf көрінісі
бет52/75
Дата19.10.2023
өлшемі1,46 Mb.
#119202
түріЛекция
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75
Байланысты:
Д ріс м тіндері аза стан тарихы курсына кіріспе

1. Бәсекеге қабiлеттi экономика 
Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық ҿсiмнің 
барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу - негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi. 
Бiз бұған ҿз экономикамыздың бҽсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi 
дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сҽйкес қол жеткiземiз. 
Бҽсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, 
бҽсекелестермен қатаң күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мҽлiм. 
Мен бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рҿлi, бiр жағынан, экономиканы 
барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан - 
инфрақұрылымды жасау жҽне белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту 
жҿнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн. 
Сондықтан, 2005 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар 
болуға тиiс: 
- экономиканы одан ҽрi ырықтандыру жҽне жүйелi реформаларды жалғастыру 
арқылы бҽсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру; 
- Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту; 
- Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру; 
- ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру; 
- инфрақұрылымдарды дамыту. 
Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ ҽлеуметтiк салаларда да 
еуропалық стандарттарға жету стратегиясын ҽзiрлеуге кiрiсуiмiз керек», - деп атап ҿтіп, 
бірқатар негізгі бағыттарды айқындады. Бҽсекеге қабілетті экономика, адам ресурстарын 
дамыту жҽне мемлекеттің бҽсекеге қабілеттілігі мҽселелерін топтастырып, оның 
ҽрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар жүктеген Елбасы осы Жолдауында мемлекеттік 
саясаттың басты бағдарын да ашып кҿрсеткен еді. 
4. Елбасымыз халқымыздың, еліміздің мҽртебесін ҽлемдік аренаға кҿтеру 
мақсатымен «EXPO-2017: болашақтың энергиясы» тақырыбындағы халықаралық 
кҿрмесін Қазақстанда ҿткізу арқылы қазақ елін аса іргелі елге айналдыруды кҿздеді. 
Бұндай кҿрме ата-бабаларымыздан бастау алған болатын , сонау 1925жылы 
Парижде ҿткен дүниежүзілік кҿрмеде Ҽміре Қашаубаевтың ҽн салғаны жҽне ЭКСПО 
кҿрмесіне қатысқан ең алғашқы қазақ екені белгілі .Сол бір ҽсем де ҽсерлі үні арқылы 
бүкіл Париждің журегін жаулаған болатын.. Франция астанасы Парижде ҿткен 
Халықаралық EXPO кҿрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы аясында 
Қазақстанның елордасы Астананың 2017 жылы халықаралық кҿрмені ҿткізетін орын 
ретінде таңдалып алынуы ең алдымен тҽуелсіздікке қолы жеткен жылдардан бері кемесі 
алға жүзген қазақ ұлтының кҿшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҽлем алдындағы 
абыройы мен зор беделінің айғағы екенін жұрт мойындады. Парижде ҿткен сессияда 
EXPO-2017 кҿрмесі ҿткізілетін қаланы анықтау үшін 161 мемлекеттің ҿкілі жасырын 
дауыс берді. Астана үшін Халықаралық кҿрмелер бюросына қатысушы 103 ел, ал 
Бельгияның Льеж қаласына 44 ел дауыс берді. 
ЭКСПО дегеніміз не? ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық 
жетістіктер мен техниканың ҿзін назарға салатын халықаралық кҿрме. «ЭКСПО» 
кҿрмелерінде ҽлемнің барлық мемлекеті ҿздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, 
мҽдени «ЭКСПО» кҿрмесі экономикалық, ҽлеуметтік, мҽдени дамудың жаңа үрдістерін 
қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.


Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы 
Гайдпаркте ҿткен болатын. Хрустальды сарайда орын алған ЭКСПО-ның тақырыбы: 
«Барлық ұлттардың ҿнеркҽсіптік жұмыстарының ұлы кҿрмесі» болып аталды. 
Сенсеңіздер, дҽл сол кҿрмеден кейін халықаралық аренада дизайн мектептері, туризм 
саласы жҽне ҿндіріс ҿнері пайда болды. Осы кҿрме халықаралық сауданың жандануына 
септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985 
жылы Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы Лиссабон — 
Португалияда, 2000 жылы Шанхай — Қытайда ЭКСПО халықаралық кҿрмелері болып 
ҿткен. Астанадағы ҿтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болды. Кҿрмеге 
қатысушы мемлекеттер ҿздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен 
барша жұртты тҽнті етті. Ҽсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия кҿздерін алу 
мақсатындағы құрылғылармен таныстырды. Сарқылмайтын энергия кҿздеріне жататын: 
күн сҽулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті 
ресурс түрі.
EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында ҿтті. ЭКСПО бізге 
не берді? Оның Қазақстан үшін қандай пайдасы бар? Елдің дамуындағы экономикалық 
тиімділігі қандай? Біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой. Ауқымы жағынан 
Олимпиада ойындары мен ҽлемдік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрған кҿрмені 
ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстанда ҿтті. Бұл бізге берілген сенім квотасы 
һҽм Елбасының дҽрежесін сыйлау болса керек. Ҽрі сыртқы саясаттағы табысымыз бен 
елді біріктіріп, тұтастыра түсетін уақыттық нышан. 
Екіншіден, Астанаға 3 айдың ішінде 5 миллионның үстінде адам келді. 
Бұл миллиондардың ішінде инвесторлар да, туристер-де, журналистер-де болды. Демек, 
Қазақстан ақпараттық шу, туристік қызығушылық һҽм инвестициялық климат жағынан 
болсын, бұл кҿрме ҽбден тиімді болды.
Үшіншіден, кҿрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс ҽкеледі. 
Жаңа қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жеңіл рельсті трамвай 
жолдары салынып, сауда-саттық дамиды. Шағын жҽне орта бизнес ҿркендейді. 
Жҽне бұл кҿрме елдегі новаторлық рухты жанудың, ғылымға ұмтылуға құлшыныс берудің 
таптырмас тетігі.
Тҿртіншіден, Астана кҿрмесінің бас тақырыбы — «Болашақ қуаты». Жасыл 
технологияларды дамыту, балама қуат кҿздерін табу мҽселесі ҿзекті боп тұрған заманда 
2017 жылғы кҿрме талай бастаманы іске асыру кілтіне айналды. Мысалы, 1939 жылы Нью 
Иоркте ҿткен ҽлемдік кҿрмеде Рузвельттің телеэкранда пайда болып, жиналғандарды таң 
қалдыруымен ҽлемде телевидение ҿрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші 
Парих 
кҿрмесінде 
танымал 
болып 
кетті. 
Ендеше, 
Астана 
кҿрмесінде-де 
жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктердің бағы жанды. 
Бесіншіден, ЭКСПО-ны ҿткізу тарихына қарасаңыз, үлкен кҿрмелердің құрметіне 
ҽр ел ҿзінің техникалық мүмкіндігін паш ету үшін сҽулет туындыларын салуға тырысқан. 
Мысалы, алғашқы ЭКСПО-дан Лондонда Хрусталь сарайы қалған еді, ол 1936 жылы 
ҿртке оранып кетті. Парижде Эйфель мұнарасы, Брюссельде Атомиум, Монреальда 
Хабибат деген ерекше тұрғын үй кешені тұрғызылғанын тағы білесіздер. Ендеше, Астана 
кҿрмесінде-де сҽулет тарихына ұялмай кіретін туындылар салынды. 
Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Энергия — бұл адамзат тіршілігінің 
дамуына жағдай жасаушы жҽне ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар кҿз.
Елді индустриялық-инновациялық дамытудың жҽне Астанада «ЭКСПО-2017» 
халықаралық мамандандырылған кҿрмесін ҿткізу жоспарының аясында жаңаша сипат 
алған «Жасыл экономиканы» игерудегі алғашқы қадамдар жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет