Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет38/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ МИКРОБ КАЗ (1)

Саңырауқұлақтардың лимон, қымыздық және басқа да қышқылдарды түзуі. Табиғи 

лимон қышқылы цитрустық жемістердің шырынында болады және кристалл түрінде 1784 

жылы  бөлініп  алынған.  Лимоннан  аталған  қышқылды  бөлу  экономикалық  тұрғыдан 

тиімсіз  болғандықтан,  қышқылды  өндірудің  басқа  жолдары  іздестірілген.  Aspergillus 

туыстасына  жататын  саңырауқұлақтың  көмірсуларды  лимон  және  қымыздық  қышқылын 

түзе тотықтыратындығы анықталынған. Бұрынғы Кеңестер Одағында (В.С. Буткевич, С.П. 

Костычев),  кейін  шет  елде  лимон  қышқылын  саңырауқұлақтар  көмегімен  алу 

технологиясы әзірленген.  

В.С.  Буткевич  тәсілімен  Aspergillus  niger  саңырауқұлағын  30-35°С-де  минералды 

тұздар  және  0,3%  NH

4

NO



  қосылған    20%  қант  ерітіндісінде  өсіреді.  Екі  тәуліктен  соң 

саңырауқұлақтың  қыртысты  қабықшасының  астындағы  ерітіндіні  құйып  алып,  оның 

орнына  дәл  сондай  көлемде  қант  ерітіндісін  қосады.  Осы  жағдайда  төртінші  тәуліктің 

соңына қарай қант толығымен тотығады. Қоректік ортада 10% лимон қышқылы болады, 

бұл  пайдаланылған  қанттың  60%-ын  құрайды.  Тазартқаннан  кейін  оны  әртүрлі 

техникалық  мақсатта  пайдаланады.  Өндірістік  жолмен  қышқылды  ферментаторларда 

алады. Лимон қышқылымен бір мезетте қымыздық қышқылы пайда болады. Соңғысының 

түзілу механизмі әлі зерттелінбеген. 




Мукор  саңырауқұлақтары  көмірсуларды  тотықтырып,  янтар  және  фумар 

қышқылдарын  түзеді.  Бұл  тотығу  процестерінде  заттардың  ыдырауымен  қатар,  олардың 

энергия  бөліп,  синтезделуіде  жүреді.  Қазіргі  кезде  фумар  қышқылын  мукор 

саңырауқұлақтарының көмегімен өндірістік өндіру жолы белгілі. Бұл қышқыл бояу және 

синтетикалық смола алуда қолданылады. 

Микрорганизмдердің  клетчатканы  ыдыратудағы  рөлі.  Клетчатка  құрамына 

биосферадағы барлық органикалық көміртегінің 50% астамы кіреді. Клетчатка өсімдіктер 

әлемінің  кең  таралған  полисахариді,  жоғары  сатыдағы  өсімдіктердің  15-20%  целлюлоза 

құрайды.  Өсімдік  шіріген  кезде  клетчатка  ыдырап,  көміртегі  бөлініп  шығады. 

Клетчатканың  (целлюлоза)  түрленуі  аэробтық  және  анаэробтық  жағдайларда  өтеді. 

Табиғатта  клетчатканың  ыдырауы  топырақта,  су  көздерінде,  көңде  және  шөп 

қоректілердің асқорыту жолдарында байқалады. 

Клетчатканың  анаэробтық  ыдырауының  (ашуы)  көміртегінің  айналуында  үлкен 

маңызы бар.  

1875  жылы  Л.  Попов  микроорганизмдердің  анаэробтық  жағдайда  клетчатканы 

ыдырататындығын  анықтаса,  қоздырғышты  1889-1902  жылдары  В.Л.  Омелянский  бөліп 

алды.  Ол  қоздырғыштарды  клетчатканы  сутектік  (Bac.  cellulosae  hydrogenicus)  және 

метандық  (Bac.  cellulosae  methanicus)  ашыту  бактериялары  ретінде  суреттеді.  Бұл 

бактериялардың  пішіні  барабан  таяқшасына  ұқсас,  бірақ  өлшемі  жағынан 

айырмашылықтары  бар.  Метандық  ашыту  бактериясы  сутектік  ашыту  бактериясынан 

кішірек, сонымен қатар біріншісінің спорасы екіншісіне қарағанда ертерек пайда болады. 

Соңғы  ерекшелік  қоздырғыштарды  қыздыру  арқылы  бөліп  алуға  мүмкіндік  береді. 

Метандық  ашыту  қоздырғышының  спорасы  өскеннен  кейін,  оның  өсіндісін  қыздырады, 

нәтижесінде  жасуша  өледі  де,  осы  кезге  дейін  өсіп  үлгермеген  сутектік  ашыту 

бактериясының спорасы тірі қалады. Сутектік ашу кезінде май қышқылы, сірке қышқылы, 

көмір  қышқыл  газы  мен  сутегі  түзіледі.  Метандық  ашу  нәтижесінде  газтәріздес  өнімдер 

көбірек болып, ол ыдыраған клетчатканың жартысын құрайды. 

Целлюлоза 

ыдыратушы 

микробтар 

(Ruminococcus 

flavefaciens

күйіс 


қайырушылардың  асқазан-ішек  жолдарында  тіршілік  етеді  және  өсімдік  клетчаткасын 

ыдыратуға  қатысады.  Осы  кезде  пайда  болатын  сутегі  мен  метан  ірі  қара  малының 

метеоризмін (месқарынның кебуі) туындатады. Басқа жануарларда бұндай құбылыс жеңіл 

ашитын жем бергенде байқалады. Метандық ашу қоздырғышы – В

12

 витаминін өндіреді. 



Клетчатканың  аэробтық  целлюлоза  ыдыратушы  микроорганизмдер  әсерінен 

тотығуы.  Клетчатканың  анаэробтық  тотығуы  табиғатта  кең  таралынған.  Бұл  процестің 

қоздырғыштарын С.Н. Виноградский ашты және оларды үш топқа біріктірді: 

1)  Cytophaga туыстасы – иректелген, шеттері үшкірленген таяқша; 

2)  Cellvibrio  туыстасы  –  ұзын,  сәл  иректелген,  полярлы  орналасқан  жіпшелері  бар 

таяқша; 

3)  Cellfalcicula туыстасы – қысқа, шеттері үшкірленген таяқша. 

Целлюлоза  ыдырататын  микроорганизмдерді  анықтау  үшін  қағаз  сүзгіні  қоректік 

орта  құйылған  және  топырақ  қосылған  эрленмейер  шыны  сауытына  салады.  Біраз 

уақыттан  кейін  сұйықтық  пен  ауаның  шекарасында  шырышты,  сары  түсті  дақтар  пайда 

болып,  қағаз  талшықтарға  ыдырайды.  Целлюлоза  ыдыратушы  микробтар  клетчатка  бар 

ортада 

ғана 


өседі. 

Клетчатканы 

аэробтық 

жолмен 


актиномицеттер 

және 


саңырауқұлақтарда  ыдыратады.  Топырақтың  құрамында  клетчатканы  ыдырататын 

бактериялардың  болуы  аталған  бактериялардың  тіршілік  әрекеті  нәтижесінде  түзілетін 

өнімдерді  қоректік  заттар  ретінде  пайдаланатын  азот  сіңіруші  микробтар  үшін  өте 

маңызды.  Әртүрлі  аэробтық  микробтар  пектиндік  заттарды  да  ыдыратады.  Оларды 

зығырды және басқада талшықты өсімдіктерді шық  

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет