Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет41/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Пропион  қышқылды  ашудың  гетероферменттік  сүт  қышқылды  ашуға  ұқсастықтары 

бар.  Ашу  процесі  Propionibacterium  туыстасына  жататын  пропион  қышқылды 

бактериялардың  тіршілік  әрекетінің  нәтижесінде  туындайды.  Олар  сүт  және  сүт 

өнімдерінде,  топырақта  өмір  сүретін  облигаттық  анаэробтар.  Агарланған  ортада  беткі 




колониялар түзбейді, 14-35°С-де өсетін, ұсақ, грам-оң, қозғалмайтын таяқшалар (дөңгелек 

пішінді түрлері де кездеседі). Өздерінің дамуы үшін протеин, амин қышқылдары сияқты 

азотты органикалық қосылыстарды қажет етеді. 

Пропион  қышқылды  бактериялар  сүт  қышқылын  оңай  ашытады.  Ең  белсенді 

қоздырғышқа  -  Bacterium  acidipropionici  жатады.  Ол  қысқа,  қозғалмайтын,  көбінесе 

тізбекше түрінде орналасатын спорасыз таяқша. Қуат көзі ретінде кейбір қанттарды және 

сүт қышқылының тұздарын пайдаланады, бактериялар үшін азот көзі - протеиндік заттар. 

Пропион қышқылды ашудың соңғы өнімдері пропион және сірке қышқылдары, сондай-ақ 

көмір қышқыл газы мен су:  

3



Н

6

О



=  2С


3

Н

6



О

2

 + СН



3

СООН + СО

2

 + Н


2

О. 


Пропион  қышқылды  бактериялар  ірімшік  дайындауда  кеңінен  қолданылады,  олар 

сырдың  пісуінде үлкен рөл атқарады. Сүт  қышқылын  ашыту  арқылы ірімшік қанығатын 

көмір  қышқыл  газын  түзеді.  Газ  баяу  бөлінген  жағдайда  ірімшікте  еріп  кетеді.  Ірімшік 

газбен қаныққанда, оның кейбір жерлерінде газ көпіршіктері пайда болады. Егер, ірімшік 

қамырының  консистенциясы  созылмалы  болса,  онда  оның  көзшелері  домалақ,  дұрыс 

пішінді,  ал  егер  нәзік  болса  -  көзшелері  дұрыс  пішінді  емес.  Ірімшікке  газ  түзетін 

бактериялар енген жағдайда өте көп мөлшерде сутегі бөлініп, ол өз кезегінде суда ерімей, 

жиақталынады да нәтижесінде ірімшікте сызаттар пайда болып, ісінеді. 



Bacterium  acidipropionici  В

12

  витаминін  түзе  алатындықтан,  оны  микробиологиялық 



өндірісте кеңінен пайдаланады. 

Май қышқылды ашу анаэробтық жағдайда өтетін күрделі биохимиялық процесс. Май 

қышқылды  ашу  нәтижесінде  май  қышқылы,  көмір  қышқыл  газы,  сутегі  түзіліп,  энергия 

бөлінеді: 

С

6



Н

12

О



6

= СН


3

СН

2



СН

2

СООН+2СО



2

+ 2 Н


+ 62,8 кДж. 

Май қышқылы жағымсыз иісті, ұшқыр сұйықтық. Бұл процестің қоздырғышын 1861 

ж.  Л.  Пастер  ашты.  Clostridium  туыстасына  жатады,    табиғатта  кеңінен  таралынған,  

жасуша денесінің бетінде перитрихиалды орналасқан жіпшелер көмегімен қозғала алады. 

Кейін,  спора  түзілуі  және  крахмал  тәріздес  заттардың  (гранулеза)  жинақталуы 

нәтижесінде  жіпшелерін  жоғалтады.  Май  қышқылды  бациллалар  анаэробтық  жағдайда 

дамиды.  Олар  жем-шөптің  сапасын  бұзып,  ашытады.  Қоздырғыш  атмосфералық  азотты 

бекітуші болып табылады. Май қышқылды ашудың негізгі өкілдері: 

4.  Clostridium  pasteurianum  –  С.Н.  Виноградский  атмосферадағы  азотты  бекітуші 

ретінде сипаттаған; 

5.  Clostridium  felsineum  –  құрамында  пектиназа  ферменті  бар,  пектиндік  заттарды 

ыдырата алады; 

6.  Clostridium butyricum – көмірсуларды ашытып, бутил спиртін түзеді.

 

Май  қышқылын  алу  үшін  крахмалды  шикізаттарды  (картоп,  бидай  және  басқа  да 



өсімдіктердің  қалдықтары)  пайдаланады.  Крахмал  0,4-0,5%  күкірт  қышқылымен 

гидролизденеді.  Қоректік  ортаны  әкпен  бейтараптандырып,  азотты  зат  қосқаннан  кейін, 

оған  қоздырғыштың  таза  өсіндісін  қосады.  Ашу  нәтижесінде  эфир  түрінде  парфюмерия 

және кондитерияда пайдаланылатын май қышқылы түзіледі. 



Ацетон  бутилді  ашу.  Л.  Пастер  1862  жылы  май  қышқылды  ашу  барысында  бутил 

спиртінің  түзілетіндігін  дәлелдеген.  Кейіннен  басқа  өнімдердің  арасынан  ацетон  және 

этил  спирті  анықталынды.  Ацетонбутилді  ашу  қоздырғышы  –  Clostridium  acetobutylicum 

морфологиясы  жағынан  май  қышқылды  бактерияларға  өте  ұқсас:  солар  сияқты  спора 

түзеді, қозғалады, грам-оң, анаэроб. Жасуша цитоплазмасында гранулеза бар.  

Май  қышқылды  бактериялар  биохимиялық  қасиеттері  бойынша  ерекшеленеді. 

Ацетонбутилді ашу екі кезеңде өтеді (В.Н. Шапошников). Бірінші кезеңде май және сірке 

қышқылдары  жинақталынып,  нәтижесінде  орта  қышқылданады,  ал  бұл  өз  кезегінде 

микробтардың  өлуіне  әкеп  соғады.  Екінші  кезеңде  қышқылдық  азайып,  қышқыл  бутил 

және этил спиртіне дейін тотығады, ацетон жиналады. 




Жүргізілген  зерттеулер  нәтижесінде  екінші  кезеңде  сірке  қышқылы  ацетонға,  май 

қышқылы  –  бутил  спиртіне  айналатындығы  анықталынды.  Егер  субстратқа  сірке 

қышқылын қоссақ, ацетонның пайда болу мөлшері артады, ал егер май қышқылын қоссақ, 

онда бутил спиртінің шығымы көбейеді.   

тық жібіту үшін қолданады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет