Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Таяқша  немесе  цилиндр  тәріздес



Pdf көрінісі
бет4/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Таяқша  немесе  цилиндр  тәріздес  микроорганизмдердің  пішіндері,  ұзындығы  мен 

жуандығы  әр  түрлі  болады.  Олардың  пішіндері,  таяқша,  сопақ  цилиндр  тәрізді  болуы 

мүмкін. Таяқшалардың ұшы жұмыр немесе үшкір болып келеді. 

Таяқша  тәріздес  микробтар  бактерияларға,  бациллаларға  және  клостридияларға 

бөлінеді.  Бактериялар  –  таяқша  тәрізді,  спора  түзгіштік  қабілеттері  жоқ 

микроорганизмдер.    Бациллалар  мен  клостридиялар  спора  түзеді.  Бациллалардың 

спораларының  көлемі  жасуша  енінен  аспайды,  ал  клостридияларда  бұл  құрылымның  

диаметрі  вегетативті  жасушасының  енінен  үлкен  болып,  оған  ұршықтың,  теннис 

ракеткасының,  барабан  таяқшасының  пішінін  береді.  Клостридиялар  анаэробты 

микроорганизмдер  қатарына  жатады.  Олардың  арасында  азот  сіңіруші,  анаэробты 

инфекциялардың  қоздырғыштары  және  басқалары  кездеседі.  Кейбір  микробтардың 

ұзындығы олардың енінен сәл ғана үлкен болып, пішіні жағынан коккаларға ұқсас болып 

келеді.  Мұндай  микробтарды  коккобактериялар  деп  атайды.  Бактериялар  мен 

бациллалардың  пішіні  мен  мөлшері  әртүрлі,  таяқшаларының  ұштары  дөңгеленген,  тік 

немесе  көлбеу  кесілген  болып  келеді  де,  жазықтықта  орналасуына  қарай 

монобактерияларға  (жеке-жеке),  диплобактериялар  мен  диплобациллаларға  (қос-қостан) 

немесе  стрептобактериялар  мен  стрептобациллаларға  (тізбектеліп)  ажыратылады  (3-

сурет).  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет