Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Дәріс 2.ПРОКАРИОТТАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет3/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
 

Дәріс 2.ПРОКАРИОТТАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ, 

ЦИТОЛОГИЯСЫ,ЭЛЕМЕНТТТІК ҚҰРЫЛЫМ 

 

 

Микробтардың  пішіні.  Микробтар  –  негізінен  бір  жасушалы  хлорофилсіз, 

прокариотты  организм.  Пішіндері  бойынша  олар:  дөңгелек,  таяқша  және  ирек  пішінді 

болып бөлінеді (1-сурет).  

Дөңгелек  пішінді  микробтар  (коккалар)  сыртқы  түріне  қарағанда  шардың  пішінін 

еске  түсіреді.  Олардың  сопақша,  бұршақ,  ланцет  тәрізділері  де  кездеседі.  Бөліну  сипаты 

мен  жасушалардың  орналасуына  сәйкес  коккалар  микрококкаларға,  диплококкаларға, 

тетракоккаларға,  стафилококкаларға,  стрептококкаларға  және  сарциналарға  бөлінеді  (2-

сурет).  



Микрококкалар  (грекше  мicros  –  кішкене)  –  зиянсыз,  сапрофитті  микробтар.  Олар 

бөлінген соң бір-бірімен қосылмай, жеке дара орналасады. Диплококкалар (diplos – қос) – 

қосарланып, ал  стрептококкалар (грекше  streptos  – тізбек)  – бір-бірімен моншақ тәрізді 

тізбектеліп  орналасады.  Тетракоккалар  (грекше  tetra  –  төрт)  –  бір-бірімен 

перпендикулярлы  екі  жазықтықта  бөліну  себебінен  түзіліп,  төрт  жасушадан  тұрады. 

Сарциналар  (латынша  sarcio  –  байланыстыру)  –  өзара  перпендикулярлы  үш  жазықтықта 

бөлініп,  сыртқы  пішіні  кірпіш  тәріздес  8-16  және  одан  да  көп  жасушалар  тобы  ретінде 

кездеседі.  Стафилококкалар  (грекше  staphyle  –  жүзім  шоғыры)  –  жасушалар  әр  түрлі 

жазықтықта ретсіз бөліну салдарынан жүзім шоғыры тәрізді болып келеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет