Комменсализм – микробтардың басқа организмдермен бірігіп өмір сүруінің түрі.
Бұл жағдайда бір организм өзіне қоректік зат ретінде басқа организмді немесе оның
бөлетін заттарын пайдаланады. Комменсалдарға асқорыту және тыныс алу жолдарында,
теріде тіршілік ететін жануарлардың қалыпты микрофлорасы, сондай-ақ өсімдіктердің
эпифиттік микробтары жатады.
Метабиоз – микробтың бір түрі екіншісінің өмір сүруі барысында түзілетін
өнімдерді пайдаланып, олардың өсуі үшін қолайлы жағдай тудырады (аммонификаторлар
мен нитрификаторлардың, целлюлоза ыдыратушы және азот бекітуші бактериялардың
бірігіп тіршілік етуі). Нитрификаторлар шіру микробтарының тіршілік ету барысында
бөлетін өнімдерін аммиакқа дейін тотықтырады, ал азотобактер клетчатка ыдырағанда
түзілетін органикалық қышқылдарды қоректік зат ретінде пайдаланады.
Сателлизм – бір микроорганизмнің тіршілік әрекетінің нәтижесінде түзілген
өнімдері екінші микроорганизмнің өсуін ынталандырып, оған серіктес болуы.
Азотобактериялар бөлетін витаминдер және басқа биологиялық белсенді заттар
органикалық фосфорды бейорганикалыққа түрлендіретін микробтардың өсуіне қолайлы
жағдай тудырады. Ал бұл өз кезегінде жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуын
қамтамасыз етеді. Дәл осындай әсерді В тобының витаминдерін өндіретін ашытқылар
басқа микробтарға тигізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |