Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Ауыр  металдардың  тұздары



Pdf көрінісі
бет55/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ МИКРОБ КАЗ (1)

Ауыр  металдардың  тұздары  (қорғасын,  мыс,  мырыш,  күміс,  сынап)  жасуша 

протеиндерін  коагуляцияға  ұшыратады.  Ауыр  металл  тұздары  протеинмен  әрекеттесіп, 

металл альбуминатын және бос қышқылдарды түзеді: R – COOH + AgNO

3

 → R – COOAg 



+ H NO

3.

   

Кейбір  металдар  (күміс,  мыс,  мырыш,  қалайы,  қорғасын  және  т.б.) 

олигодинамикалық  (бактерицидтік  қабілет)  қасиет  көрсетеді.  Мысалы,  күміс  ыдыстар, 

күмістелген  заттар,  күмістелген  құм  сумен  жанасқанда  көптеген  бактерия  түрлеріне 

қатысты бактерицидтік қасиетін береді. Олигодинамикалық  әсердің механизмі  металдың 

оң  зарядталған  иондарының  бактерияның  теріс  зарядталған  беткі  қабатына  сіңірілуімен 

және  осының  нәтижесінде  цитоплазматикалық  мембрананың  өткізгіштігін  өзгертіп, 

бактерияларды өлтіруімен түсіндіріледі.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет