Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Азық-түлік  өнімдерінің  сақталуы



Pdf көрінісі
бет62/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75
Азық-түлік  өнімдерінің  сақталуы  биологиялық,  физикалық  және  химиялық 

қағидаларға негізделген. 



Биоз  (bios-өмір).  Жас  жемістер  мен  көкөністерді  сақтау  осы  құбылыс  негізінде 

жүзеге асырылады. Осындай өнімдер сақталынатын бөлмеде температураны +5°С-ге дейін 

төмендету  және  қалыпты  ылғалдылықты  ұстау  арқылы  микробтардың  өсуіне  жол 

берілмейтін  жағдай  тудырылады.  Беткі  қабатта  орналасқан  микробтар  өздерінің  дамуын 

баяулатуы  нәтижесінде  олардың  өнімдегі  органикалық  заттарды  ыдыратуына  мүмкіндік 

берілмейді. 



Абиоз (abiosis-жоққа шығару, тіршілікті жою) физикалық және химиялық әдістермен 

жүзеге асырылады. Бұл ет және көкөніс консерваларын 120°С-де бумен өңдегеннен кейін 

сақтауда  негіз  етіп  алынған.  Жоғары  температурада  микробтардың  вегетативтік  және 

споралық формалары өледі, тіршілік әрекеті толығымен тоқтайтындықтан консервіленген 

тағам  ұзақ  уақыт  сақталынады.  Микробтарды  адам  ағзасы  үшін  қауіпсіз  химиялық 

заттардың көмегімен де өлтіруге болады. Консервілерді термиялық әдістермен стерилдеу 

сенімді және адам өмірі үшін қауіпсіз тәсіл болып табылады.  

Анабиоз  (anabiosis-тіршіліктің  тежелуі)  құрғату  немесе  қатыру  кезінде  байқалады. 

Балық және ет өнімдерін, жемістер мен көкөністерді осылайша сақтайды. Бос су аз болған 

жерде микробтардың өмір сүруі тоқтайды, олар туындататын процестер тежеледі. Ылғал 

мөлшерінің және жылудың артуы микробтардың тіршілік әрекеттерінің қалпына келуіне, 

органикалық заттарды ыдыратуына, өнімнің тез бұзылуына мүмкіндік береді.  

Ценнабиоз  -  өсімдік  өнімдерін  сақтау  әдісі.  Бұл  жағдайда  консервілеуші  затты  (сүт 

қышқылы) сүрлемдеу, ашыту процесі барысында микроорганизмдердің өздері түзеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет