Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері


Микробтардың  химиялық  құрамы



Pdf көрінісі
бет26/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75
Микробтардың  химиялық  құрамы.  Бактериялық  жасушаның  80-85%-ын  су,  ал 

қалған 15-20% құрғақ заттар құрайды. Анабиотикалық күйдегі бациллалардың құрамында 

судың мөлшері 40% шамасында болады. Спораларда су байланысқан түрде, ал вегетативті 

жасушаларда бос күйде кездеседі. Спораларда  магний мен кальцийдің көп болуы, судың 

байланысуына  мүмкіндік  тудырады.  Әртүрлі  химиялық  процестер  осы  ортада  өтетін 

болғандықтан,  су  –  микробтық  жасушаның  басты  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Су 

молекуласын  қосып  алу  нәтижесінде  протеин,  көмірсу,  липидтердің  гидролитикалық 

ыдырауы  жүзеге  асады.  Микроорганизмдер  денесіндегі  су  коллоидтар  үшін  дисперстік 

орта, ал кристалдық заттар үшін еріткіш қызметін атқарады.  

Микробтық  жасушаның  құрғақ  заты  негізінен  көміртегі,  оттегі,  азот  және  сутегі 

элементтерінен  құралған.  Осы  органогендерден  түзілетін  күрделі  органикалық 

қосылыстар құрғақ заттың 90-97%-ын құрайды. Микроорганизмдердің құрғақ заттарының 

3-10% күлдік элементтерден тұрады. Бұл элементтердің ішіндегі маңыздылары – фосфор, 

калий, магний, күкірт, кальций. Күлде өте аз мөлшерде темір, натрий, хлор кездессе, мыс, 

мырыш және т.б. элементтердің ізі ғана анықталады.  

Бактерияның  негізгі  және  өмірлік  маңызы  бар  құрамдас  бөлігі  –  протеиндер.  Олар 

микробтардың  құрғақ  затының  65-80%  құрайды.  Протеиндердің  негізгі  екі  түрі  белгілі: 



протеиндер  және  протеидтер.  Протеиндер  гидролиз  кезінде  амин  қышқылдарына 

ыдырайды. 

Протеидтер 

қарапайым 

протеиндердің 

нуклеин 


қышқылымен 

(нуклеопротеидтер),  полисахаридтермен  (глюкопротеидтер),  май  тәріздес  заттармен 

(липопротеидтер) қосылыстары. 

Құрамында  фосфор  бар  нуклеопротеидтер  микроорганизмдердің  ядролық 

заттарының,  сондай-ақ  цитоплазмасының  құрамына  кіреді.  Протеидтердің  бір  түрі  – 

хромопртотеидтер 

(цитохромдар), 

микроорганизмдерде 

тотығу 

процестерінің 

катализаторы ретінде ерекше рөл атқарады.  

Нуклеин  қышқылдарының  микробтың  тіршілік  етуіндегі  маңызы  өте  зор.  Бұлар 

рибонуклеин  қышқылы  (РНҚ)  және  дезоксирибонуклеин  қышқылы  (ДНҚ)  түрінде 

кездеседі. ДНҚ әдетте жасушаның ядросында, ал РНҚ цитоплазмасында болады. РНҚ-ның 

үш түрі белгілі: рибосомалдық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ).  

Вирустарда  ДНҚ  және  РНҚ-ның  біреуі  ғана  болатындықтан,  олар  ДНҚ-лы  және 

РНҚ-лы вирустар болып бөлінеді.  

Микробтық  жасушада  протеиндер  жасуша  құрылымының  түзілуіне  (құрылымдық 

протеиндер) және қор заттарын түзуге (резервтік протеиндер) қатысады.  

Физикалық  және  химиялық  әрекеттердің  әсерінен  тез  өзгере  алатын  микробтық 

протеиндер, микробтардың сыртқы орта әсеріне байланысты реактивтілігін анықтайды.    

Микробтық  жасушалардың  көмірсулары  негізінен  полисахаридтерден  тұрады. 

Көмірсуларға, әсіресе капсулалық бактериялар (пневмококтар, азотобактериялар, т.б.) бай 

келеді. Цитоплазмада көмірсулар крахмал және гликоген түйіршіктері  түрінде кездеседі. 

Көмірсулар  микробтық  жасушада  12-28%  мөлшерінде  болады  және  негізгі  қуат  көзі 

болып табылады. Әр микроорганизмнің өзіне ғана тән полисахариді болатындықтан, бұл 

қасиеттің  ауру  қоздырғыштарының  түрін  ажыратқанда  ерекше  маңызы  бар.  Патогендік 

микробтардың беткі қабатында түзілетін көмірсулардан тұратын капсула, бактериялардың 

вируленттілігін анықтайды және қорғаныштық рөл атқарады. Күрделі полисахаридттердің 

құрамында 1-5% азот болады. 



Липидтер  негізінде  жасушаның  қабықшасында  және  протоплазманың  беткі 

қабатында  орналасады,  физиологиялық  белсенді  фактор  ретінде  микробтық  жасушаның 

тіршілік  етуінде  аса  маңызды.  Олардың  мөлшері  3,8-40%  аралығында  ауытқиды. 

Липидтер  цитоплазманың  белгілі  бір  құрылымын  сақтап,  цитоплазмалық  мембрананың 

құрамына  кіреді.  Олар  микробтардың  қышқыл  және  басқа  да  заттардың  әсеріне 

төзімділігін  арттырады.  Мысалы,  өздерінің  спорасы  мен    капсулалары  жоқ  болса  да, 

туберкулез  және  шошқа  тілмесінің  қоздырғыштары  қоршаған  ортаның  қолайсыз 

жағдайларына төзімділік көрсетеді.  

Бактерия  жасушаларының  құрамынан  анықталынған  майтәріздес  заттарға 

фосфолипидтер,  стероидтар,  каротиноидтар  және  балауыз  жатады.  Микробтың  құрғақ 

қалдығында  липоидтардың  мөлшері  3-7%-ды  құрайды.  Туберкулез  таяқшасында 

липоидтардың үлесі 20-40%-ға дейін жетеді.  

Микробтық жасушаның құрамындағы протеин, көмірсу және май мөлшері қоршаған 

ортаның  әсерінен  және  бірінші  кезекте  қоректену  жағдайларына  байланысты  ауытқып 

отырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет