Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет33/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ МИКРОБ КАЗ (1)

Микробтардың  өсу  сипаты.  Тығыз  қоректік  орталарда  микробтар  жасушалардың 

шоғырлануынан  пайда  болатын  колониялар  түрінде  өседі.  Әртүрлі  микробтардың 

колониялары  пішіндері,  концистенциясы,  түсі  және  басқа  да  белгілері  бойынша 

ерекшеленеді.  Колония  өлшемі  бір  миллиметрден  бірнеше  миллиметрге  дейін  болады. 

Колониялар жасушалардың алға қарай қозғалуы нәтижесінде де түзіледі. Мысалы, протея 

жасушасының  (Proteus  vulgaris)  қоректік  ортаның  ылди  бетімен  қозғалу  мүмкіндігі  бар 

(Шукевич  сынамасы).  Капсулалы  микробтар  кілегейлі,  тұтқыр,  жартылай  мөлдір 

колониялар  түзеді.  Бациллалардың  колониялары  сұр  түсті,  әдетте  мөлдір  емес.  Сұйық 

қоректік  орталарда  микробтар  лай,  тұнба,  қабықша  және  сақина  түзіп  өседі.  Кейде 

қоректік ортаның түсі  микроб түзетін пигменттің түсіне боялады. Әр микроб үшін өзіне 

тән өсу сипаты бар, бұл өз кезегінде диагностикалық практикада ескеріледі. 

Микробтардың  пигменттер,  токсиндер,  хошиісті  және  басқа  да  заттар  түзуі. 

Пигмент  түзуші  микробтар  ерекше  бояғыш  заттарды  –  пигменттерді  түзу  қабілетіне  ие. 

Бұл  қасиет  тұқым  қуалау  арқылы  берілетіндіктен,  микробтардың  басқа  да  қасиеттерін 

қосымша ескере отырып, түрін тез анықтауға мүмкіндік береді. Ауа құрамында көптеген 

пигмент  түзуші  бактериялар  бар.  Егер  ішіне  қоректік  орта  құйылған  Петри  табақшасын 

ауада  қақпағы  ашық  күйінде  қалдыратын  болсақ,  оның  бетіне  біраз  уақыттың  ішінде 

микробтар  қонады.  Олар  қоректік  ортада  әртүрлі  түске  боялған  колониялар  түзеді. 

Айталық  сарциналар  сары  түсті,  микрококкалар  –  қызғылт,  стафилококкалар  –  алтын 

түстес немесе ақ, актиномицеттер және ашытқылар  – қызыл, көк ірің таяқшалары  – көк, 

күлгін  хромобактериялар  –  күлгін,    саңырауқұлақтар  –  жасыл,  қара  және  бурыл  түсті 

колонияларды  қалыптастырады.  Пигменттер  қорғаныштық  рөл  атқарады,  жасушаны 

жарықтан  және  ультракүлгін  сәулелерден  қорғайды.  Боялған  колониялар  түссіз 

колонияларға қарағанда оттегі бар ортада жақсы сақталады. 

Суда  және  спиртте  еритін  пигменттер  белгілі.  Бірақ,  осы  ерітінділер  де  ерімейтін 

пигменттерде  бар  (саңырауқұлақтар  мен  ашытқылардың  қара  және  бурыл  пигменттері). 

Пигмент түзетін микробтардың көпшілігі сапрофиттерге жатады. 

Қан  түстес  қызыл  пигмент  –  продигиозинді  Serratia  marcescens  түзеді  және  бұл 

пигмент  суда  ерімейді.  Бұл  адамның  назары  ауған  алғаш  пигмент  болуы  мүмкін  деген 

жорамал  бар.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі  332  ж.  Тира  қаласын  қоршауға  алған    А. 

Македонский  әскерінің  жауынгерлері  наннан  «қан  түстес»  дақтарды  байқаған. 

Продигиозин  жасуша  қабырғасында  синтезделінеді.  Қызыл  пигментті  актиномицеттер 

және басқа да микроорганизмдер түзе алады. 

Көк  пигмент  –  виолацеинді  Chromobacterium  violaceum  және  Chromobacterium 

lividum түзеді. Ол спирт және ацетонда ериді, суда ерімейді. Бұл пигменттің антогонистік 

қасиеті бар. Қоректік ортада триптофанның болуы осы пигменттің түзілуін қолдайды. 

Көк-жасыл  пигмент  –  пиоцианинді  көкірің  таяқшасы  Pseudomonas  aeruginosa 

өндіреді.  Бұл  ең  алғашқы  антибиотиктердің  бірі,  оны  1895  ж.  Эммерик  және  Лоу  ашты. 

Пиоцианин фенозиннің туындысы, ыстық суда жақсы ериді. Көкірің таяқшасы ластанған 

жарақатта  жиі  болады  және  іріңді  пигменттің  түсіне  бояйды.  Псевдомонаданың  кейбір 

түрлері  темірге  кедей  қоректік  орталарда  суда  еритін  флуоресцин  (флуоресценциялық 

қасиеті бар сары-жасыл пигменттердің кешені) түзеді. 



Каротиноидтар – микробтық пигменттердің кең таралған тобы. Бұл топтың 300-ден 

астам  түрлері  белгілі.  Оларды  фототрофты  бактериялар,  төменгі  сатыдағы 

саңырауқұлақтардың,  ашытқылардың  және  актиномицеттердің  кейбір  тұқымдастары 

синтездейді.  Каротиноидтар  алифатикалық  немесе  алициклдық  құрылымды,  бірнеше 

изопрендік қалдықтан тұратын, молекуласында 40 және одан да көп көміртегі атомы бар 

пигменттер. Гликозидтік каратиноидтерді тек бактериялар ғана емес, сондай-ақ балдырлар 

да  түзеді.  Фоторофтық  бактериялардың  каротиноидтары  фотосинтездеуші  аппаратта 

орналасқан  және  фотосинтез  кезінде  жарықты  сіңіреді.  Гетеротрофтыларда  бұл 




пигменттер  цитоплазмалық  мембранада  орналасса,  ал  мукор  саңырауқұлақтарында 

негізінде липидтермен байланысқан. 



Жарқырауық  бактериялар  (фотобактериялар)  күші  қараңғы  жерде  көптеген 

заттарды айыруға және қосымша жарық көзінсіз фотосуреттер түсіруге мүмкіндік беретін 

фосфорлық  жарық  шығарады.  Бактериялардың  жарқырауы  жасуша  денесіндегі 

процестеріне  байланысты  және  анаэробтық  жағдайда  ешқашан  байқалмайды. 

Фотобактериялар  теңізде  мекендейді,  кейде  тұщы  су  көздерінде  кездеседі.  Бұл 

бактериялар  үшін  ең  қолайлы  орта  құрамында  3%  ас  тұзы  бар  балық  сорпасы  болып 

табылады. Ауаның түсу екпіні  күшті болған сайын, пигменттің жарқырауы да өте жарық 

болады.    

Фотобактериялардың  ішінен  патогенді  түрлері  анықталмаған.  Ет  және  басқа  да 

өнімдерде жарқырау тоқталғаннан кейін шіру процестері дами бастайды.  



Хош  иісті  заттар  түзетін  микробтар  тобына  ашытқылар,  сүтқышқылды  және 

сіркеқышқылды  бактериялар,  зең  саңырауқұлақтары,  актиномицеттер  кіреді.  Олардың 

көпшілігі  сірке  этилді  және  сірке  амилді  эфирлер,  сонымен  қатар  тотыққан  кезде 

диацетилге,  ұшқыр  қышқылдарға  айналатын  ацетилметилкарбинол  сияқты  хош  иісті 

заттарды  бөледі.  Бұлар  тамақ  өнімдеріне  және  сусындарға  жағымды  иіс  береді.  Табиғи 

қоректік орталарда өсірілген жас өсінділер хош иістерін сақтайды. Микробтарды жасанды 

қоректік  ортада  өсіру  бұл  қасиеттің  жоғалуына  әкеп  соғады.  Шараптардың  хош  иісі 

көбінесе бактериялар мен саңырауқұлақтардың құрамына байланысты болып келеді.  



Токсин  түзуші  микробтар  патогендік  түрлерге  жатады  және  әртүрлі  уланулардың 

туындауына себепші болады. Кейбір микробтар өздерінің тірі кезінде токсинді қоршаған 

ортаға  бөлсе,  басқаларының  токсиндері  микробтық  жасушаның  денесімен  байланысты 

болғандықтан  қоршаған  ортаға  өлгеннен  кейін  ғана  шығады.  Осыған  байланысты 

экзотоксиндер  және  эндотоксиндер  белгілі.  Экзотоксиндерді  токсин  түзуші 

бактериялардың  сорпадағы  өсіндісінен  сүзіп  алу  арқылы  ажыратуға  болады.  Мұндай 

сүзінділер  жануарларды  уландырады  және  өлімге  ұшыратуы  да  мүмкін.  Токсигендік 

қасиет  сіреспе,  ботулизм  және  дифтерия  қоздырғыштарында  айқын  байқалады. 

Эндотоксиндер  микробтық  жасушаны  физикалық,  химиялық  және  биологиялық 

тәсілдермен  талқандағанда  ғана  бөлініп  шығады.  Эндотоксиндер  сальмонеллаларда, 

эшерихияларда, бруцеллез және туберкулез қоздырғыштарында және т.б. болады. 

Микробтық  экзотоксиндердің  протеиндік  табиғаты  бар  және  жоғары  белсенді 

толыққұнды  антигендер  болып  табылатындықтан  оларға  қарсы  организм  антиденелер 

түзеді.  Антитоксиндік  сарысулар  құрамында  микробтық  жасушаға  қарсы  емес,  оның 

токсиніне қарсы бағытталған антиденелер болады.  

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет