және олардан күрделі органикалық заттардың синтезделуі нәтижесінде жасушаның
массасы артады. Өсіп-өнудің белгілі бір сатысына жеткеннен кейін жасуша көбейе
(вегетативтік көбею) арқылы қарпайым (бинарлық) жолмен көбейеді. Бүршіктену арқылы
көбею сирек кездеседі. Саңырауқұлақтар спора көмегімен, жыныстық жолмен және
қоректік ортаның құрамына, температураға, ауа оттегінің болуына немесе болмауына
және басқада факторларға тәуелді. Жасушалардың көпшілігі 20-30 минуттан кейін бөлініп
отырады.. Мысалы, жаңа жасуша ішек таяқшасынан 15-30 минут, нитрификациялаушы
бактериялардан 5-10 сағат, туберкулез қоздырғышынан 18-24 сағаттан кейін пайда
болады. Ортадағы жағдай қолайлы болса микроб жасушасы тез көбейеді. Мысалы, ішек
таяқшасы пептонды суда 33 минуттан кейін бөлінсе, ал ет-пептонды сорпада бұл процесс
10 минутқа жылдам өтеді. Бөліну жылдамдығына температура да әсер етеді. Жануар және
Микробтардың дөңгелек пішінді түрлерінің бөлінуі әртүрлі кеңістікте өтуінің
Таяқша тәріздес бактериялар көлденеңінен бөлінеді, бұл жағдайда бастапқы кезеңде
тартылыңқы жер пайда болады, кейіннен ол үзіледі де түзілген ұрпақтық жасушалар
бөлініп кетеді. Саңырауқұлақтар әдетте спора көмегімен, ал ашытқылар бүршіктену
арқылы көбейеді. Споралар қолайлы ортаға түскен жағдайда өсіп, жаңа вегетативтік
жасушаға бастама береді. Ашытқы жасушасының беткі қабатында әдетте қалташа
(бүршік) пайда болып, оған цитоплазма мен ядроның бір бөліктері өтеді, олар бөлінген
соң жаңа жасуша түзіледі. Микробтың бөлінуі изоморфтық (жаңа жасушалардың
өлшемдері бірдей) және гетероморфтық (бір жасуша екіншісінен үлкен) болуы мүмкін.
Цитоплазмамен бірге жаңа жасушаға қос спиральді құрылымды ДНҚ нуклеоид те
өтеді. Сутектік байланыс үзілген соң ДНҚ-ның екі жіпшесі пайда болып, олардың
әрқайсысы жаңа жасушаның құрамына енеді де, кейіннен екі еселенеді (репликация).
Нуклеин қышқылымен бірге тұқым қуалау белгілері де беріледі.
Бактериялар популяциясының өсуі және көбеюінің жалпы заңдылықтарын
графикалық жолмен тірі жасушалар саны логарифмінің уақытқа тәуелділігін көрсететін
қисық түрінде белгілеу қабылданған. Өсу қисығы S әріпі пішінді және бірін-бірі ауыстыра
өтетін бірнеше өсу кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді (22-сурет).
Микробтардың көбеюі тез өткенімен, ол шексіз процесс емес. Өсу мен көбеюдің
қолайлы жағдайын бұзатын көптеген факторлар бар. Бұларға қоректік ортаның
құнарсыздануы, жоғары немесе төмен температура, жарық, тіршілік ету өнімдерінің
әсерлері жатады. Микроб өсіндісінің ауыстырылмайтын қоректік ортада өсуі біркелкі
болмайды. Оның бірнеше сатысы немесе кезеңдері бар. Кейбір авторлар өсіндінің өсуін
сегіз кезеңге бөлсе, екіншілері төрт кезеңнен тұрады деген ұстанымда.
1 Бастапқы кезең (стационарлық, латенттік, немесе тыныштық күйдегі кезең)
бактерияны қоректік ортаға сепкеннен бастап, оның өсе бастауына дейінгі кезең.
Ұзақтығы 1-2 сағат болатын бұл кезеңде өсінді қоректік ортаға бейімделеді, тірі
бактериялардың саны көбеймейді, керісінше азаюы мүмкін. Микробтық жасушада РНҚ
мөлшері көбейіп, соның көмегімен қажетті ферменттердің синтезі жүреді.
2 Көбеюдің тежелуі кезеңінде микробтық жасуша жақсы өскенімен, оның көбеюі өте
баяу. Бұл кезеңнің ұзақтығы 2 сағат шамасында және өсіндінің жасына, микробтық
жасушаның биологиялық ерекшеліктеріне, қоректік ортаның толыққұндылығына, өсіру
температурасына, орта реакциясына, тотығу-тотықсыздану потенциалына, ортаның
аэрация дәрежесіне, т.б. жағдайларға тәуелді. Кейде осы екі кезеңді «лаг-фаза» атауымен
біріктіреді.
3 Логарифмдік кезең культурада жасушаның геометриялық прогрессияда (1, 2, 4, 8,
16, 32, 64.....256....), максималдық көбеюімен сипатталады. Бұл кезде қоректік ортада жас
және биологиялық белсенді жасушалар көп болады. Кезеңнің соңына қарай қоректік орта
құнарсызданады да осы микробтың түріне қажетті заттар таусылып, оттегінің мөлшері
азаяды, сонымен қатар зат алмасу өнімдері көбейеді – культураның өсуі баяулайды.
Кезеңнің ұзақтығы 5-6 сағат.
4 Кері үдеу кезеңі бактериялардың көбею жылдамдығының шектелуімен, бөлінуші
жасушалардың азайып, өлгендерінің саны артуымен сипатталады. Бактериялардың
көбеюнің баяулауының бір себебі – қоректік ортада осы бактерияға қажетті заттардың
таусылуы болуы мүмкін. Ұзақтығы – 2 сағат.
5 Тұрақты (стационарлық) кезең 2 сағатқа созылады. Графикалық түрде бұл кезең
абсцисс осіне параллелді жүретін жазық. Осы кезеңде жаңадан пайда болған және өлген
жасушалардың саны арасында тепе-теңдік орнайды. Қоректік ортаның мөлшері азайып,
популяциядағы жасушалардың тығыздығы артады, алмасу өнімдерінің улы әсері күшейеді
– осының бәрі микробтың өлуіне әкеп соғады.
6 Қырылудың үдеу кезеңі өлген жасушалардың санының жаңадан пайда болатын
жасушалар санынан анағұрлым артуымен сипатталады. Бұл кезең 3 сағатқа созылады.
7 Логарифмдік қырылу кезеңінде (ұзақтығы 5 сағат шамасында) жасушалар тұрақты
жылдамдықпен өледі.