Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет53/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75
Сілтілер  (күйдіргіш  натрий,  күйдіргіш  калий,  сөндірілген  әк,  каустикалық  сода) 

электролиттік  диссоциациялануға  қабілетті.  Бұлардың  құрамында  гидроксил  иондары 




(ОН)  көп  болса,  олардың  әсері  де  күшті  болады.  Протеиндермен  байланысқанда 

денатурация  туындайды,  көмірсулар  бұзылып,  майлар  сабынданады.  Сілтілер  бактерия 

және  вирустарды  өлтіре  алады.  Сілтілерден  натрий  гидрототығы,  калий  гидрототығы, 

кальций гидрототығы (сөндірілген әк), натрий карбонаты, натрий гидрокарбонаты (сода) 

жиі қолданылады. 

Қышқылдар  (күкірт  қышқылы,  тұз  қышқылы,  азот  қышқылы  және  басқалары) 

протоплазмалық  у  болып  саналады,  протеиндерді  ұйытады.  Температура  10°С-ге 

көтерілгенде  қышқылдардың  микробтарға  әсері  2-3  есеге  күшейеді.  Зарарсыздандырғыш 

заттар ретінде көбінесе карбол, күкірт, тұз және сірке қышқылдары пайдаланылады. 



Спирттер.  70%-ды  спирт  бактерицидтік  қасиет  көрсетіп,  микробтық  жасушаның 

протеиндерін  ұйытады.  Ұйыған  протеин  микробтың  бетін  жауып,  бактерияның  терең 

қабатына  спирттің  өтуіне  мүмкіндік  бермейді.  Спирттердің  бактерицидтігі  олардың 

молекулярлық массаларының өсуіне  байланысты (метил-этил-пропил-бутил спирттері).  



Хлорлы  әк  құрамында  25%  және  одан  да  көп  мөлшерде  белсенді  хлор  болады.  Ол 

сумен араласқанда хлорлы сутектік және хлорлы қышқылдар түзеді. Осы кезде бөлінетін 

оттегінің микробтық жасушаның құрамдас бөліктерін тотықтыруы нәтижесінде микробтар 

өледі.   



Фенол  (кристалды  қарбол  қышқылы)  –  тотығу-тотықсыздандыру  процесіне 

қатысатын  гидроксилді  ароматтық  қосылыс.  Фенол,  крезол  және  олардың  туындылары 

бастапқыда жасуша қабырғасын, одан кейін жасуша протеиндерін зақымдайды. Осы топқа 

жататын  кейбір  заттар  глюкоза  және  сүт  қышқылының  дегидратациясына  қатысушы 

коферменттердің (дифосфопиридин нуклеотид) қызметін тежейді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет