Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет54/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75
Тотықтырғыштар  –  белсенді  протеиндердің  сульфгидрилдік  тобына  әсер  етеді. 

Тотықтырғыштарға  дегидраза,  гидролаза,  амилаза,  бактериялардың  протеазасы,  хлорлы 

әк,  хлорамин  жатады.  Марганец  қышқылды  калий  ұлпалармен  жанасқанда  атомарлық 

оттегін беріп, марганец тотығына айналады да микроорганизмдерге қысқа мерзімді беткі 

әсерін  тигізеді.  Асқын  сутегінің  ыдырауы  барысында  бөлінетін  оттегі  бактерияларды 

тотықтырады.  Жақсы  тотықтырғышқа  йодтық  ерітінді  түріндегі  йод  та  жатады.  Ол 

бактерия 

цитоплазмасының 

протеиндерінің 

белсенді 

топтарын 

тотықтырып, 

денатурацияға ұшыратады. 

Формалин  –  формальдегидтің  40%  сулы  ерітіндісі.  Протеинмен  реакцияға  түсіп, 

олардың амин топтарымен байланысуы нәтижесінде денатурацияға ұшырайды және жаңа 

қосылыстар 

түзеді. 


Вегетативтік 

формаларға, 

спораларға, 

вирустарға 

және 

саңырауқұлақтарға  күшті  әсерін  тигізеді.  Формалин  –  мал  шаруашылық  нысандарын 



зарарсыздандыру  үшін  қолданылатын  өте  тиімді,  нәтижелілігі  жоғары  химиялық  заттың 

бірі болып табылады.  

Зарарсыздандырғыш  заттардың  концентрациясы  неғұрлым  көп  болса,  олардың 

микробтық  жасушаға  әсері  де  соғұрлым  күшті  болады.  Фенолдың  концентрациясын  2 

есеге көбейту стерилдеуге кететін уақытты 64 есеге қысқартады (В.И. Вашков, 1973). Бұл 

қасиет  барлық  химиялық  заттарға  бірдей  емес.  Мысалы,  карбол  қышқылының  91% 

ерітіндісінің микробтарға әсері 4-5% ерітіндіге қарағанда әлсіздеу болуы мүмкін. Хлорлы 

мыстың  3-5%  ерітіндісі  сібір  жарасының  қоздырғышының  спорасын  12-14%  ерітіндіге 

қарағанда  тезірек  өлтіреді.  Зарасыздандырғыш  заттардың  майдағы  ерітінділері  сулы 

ерітінділерге  қарағанда  әлсіздеу  болады.  Стерилдеу  сілтілі  ортамен  салыстырғанда 

қышқылды  орталарда  тезірек  өтеді.  Химиялық  заттардың  әсеріне  спора  түзбейтін 

бактериялардан – дөңгелек пішінділер төзімдірек болып келеді.  

Спораларда  бос  су  жоқтың  қасы  және  олардың  тығыз  қос  қабатты  қабықшасы 

микробтардың химиялық заттар әсеріне жоғары төзімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен, 

химиялық заттардың әсері олардың құрамына, концентрациясына, экспозицияға (әсер ету 

уақыты), температураға және басқада факторларға тікелей байланысты. 



Бояғыш  заттар  бактериялардың  өсуін  тежеу  қабілетіне  ие.  Бактерицидтік 

қасиеттері  бар  бояғыш  заттарға  бриллиант  жасылы  (бриллиантгрюн),  риванол, 




трипафлавин,  акрифлавин,  фуксин  және  т.б.  жатады.  Бұлардың  нуклеин  қышқылына 

туыстығы болғандықтан жасушаның бөліну процесін бұзады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет