Дәріс микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері



Pdf көрінісі
бет63/75
Дата15.04.2022
өлшемі1,17 Mb.
#31164
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   75
 

 


Дәріс 12.Микроорганизмдердің  экологиясы 

 

Микроорганизмдер  экологиясы-олардың  қоршаған  ортамен  қарым-

қатынасын  зерттейтін  микробиологияның  бір  саласы.  Оның  пайда  болуын 

Л.Пастер, С.Виноградский, М.Бейерник т.б ғалымдар өздерінің зор үлестерін 

қосты.Микроорганизмдер  жердің  барлық  геологиялық  сфераларында  –

литосферада, гидросферада, атмосферада табылады.  

 

Топырақ микрофлорасы 

Топырақ  микрофлорасының  құрамы  оның  түріне,  ылғалдығына, 

температурасына  байланысты  құбылмалы  келеді.  Микрофлора  тығыздығы 

10-20см. тереңдікте жоғары болып келеді. Топырақ микрорганизімі зат және 

энергия  алмасуының  барлық  процесіне  қатысады:  биомасса  синтезі  мен 

энергия 


аккумуляция, 

нитрификация, 

дезинтрификация, 

күкірт 


трансформациясы  т.б.  Топырақта  көптеген  патогенді  микрорганизмдер 

әртүрлі  уақыт  ұзақтығында  сақталуы  мүмкін.  Микробтар  судан,  ауадан, 

жануарлардан, өсімдіктерден түседі. Топырақта өзі тазарту процесі жүреді. 

Нәтижесінде  органикалық  заттар  гумусқа  қайта  өңделеді.  Вирустар 

топырақта бірнеше күн және ай сақталады. Ал спор түзуші ботулизм, сіреспе, 

анаэробты  жарақат  қоздырушылар  бірнеше  жылдар  бойы  сақталады. 

Ботулизм  актиномикоз,  терең  микоздар  мен  микотоникоз  қоздырушылары 

үшін қалыпты өмір сүру (меншікті) орны болып табылады 

Топырақтың  санитарлық  микробиологиялық  жағдайы  термофильді 

бактериялардың  және  фекальды  ластану  көрсеткіші  бактерияларды 

салыстыру арқылы бағаланады. Нәжістік залалдануға душар болып, шамадан 

тыс бактерия саны көбейген топырақ санитарлы қолайсыз болып есептеледі. 

Топырақтың  қаншалықты  бұрынырақ  залалданғанын  бірнеше  санитарлы 

көрсеткіш  микроорганизмдер  арқылы  анықталады,  яғни  E.colі  және  Стаф. 

және  энтеробактерия  болса  ескілеу,  ал  кластидиум  перфрингенс  болса  ескі 

залалдану болғаны. Анықтау, бағалау коли-титр топырақтың бір грамындағы 

сапрофитті  термофильді  және  нейтрофицирлеуші  бактериялардың  саны 

анықталады. Клостридиум перфрингенс титр арқылы анықталады. 

Топырақта  топырақ  түзу  және  топырақтың  өзін  –  өзі  тазарту 

процесстеріне  қатысатын,  табиғатта  азот,  көміртегі  және  т.б  элементтер 

айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта 

бактериялар,  саңырауқұлақтар,  мүктер  (  саңырауқұлақ  пен  цианобактерия 

симбиозы) және қарапайымдар мекендейді.Топырақтың 1 грамында бактерия 

саны-  10  млрд.  жасауға  жетеді.  Топырақ  беткейінде  УК-  сәулелері, 

құрғақшылық  т.б  факторлардың  әсерінен  микроорганизмдер  салыстырмалы 

түрде азайып отырады.  

Микроорганизмдердің  көпшілігі  10  см  қалыңдықтағы  топырақтың 

жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері 

азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді. 

Топырақ  микрофлорасының  құрамы  оның  типіне  және  жағдайына, 



өсімдік 

құрамына, 

температурасына, 

ылғалдылығына 

және 

т.б 



байланысты.Топырақ  микроорганизмдерінің  көпшілігінің  рН-  ы  бейтарап, 

салыстырмалы  жоғары  ылғалдылықта,  25-45

0

  С  температурада  дамуға 



қабілетті. 

Топырақта  азотбекіткіш  молекулалы  азотты  сіңіруге  қабілетті 

бактериялар  (Azotobacter,  Azomonas,Mycobacterium  және  т.б.)  тіршілік 

етеді.Азоттұтқыш  цианобактериялар  түрлерін  немесе  көк-  жасыл 

балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады. 

Топырақ-  Bacillus  және  Clostridium  туыстығының  спора  түзетін 

таяқшаларының  тіршілік  ету  ортасы  болып  табылады.Патогенді  емес 

бациллалар  (Bac.megaterium.  Bac.  Subtilis  және  т.б.  ),  псевдомонадалармен 

қатар,  протей  және  кейбір  бактериялар  аммонифицирлейтін,  шіріткіш 

бактериялар  тобын  құрап,  органикалық  заттардың    қатысады.  Патогенді 

спора  түзетін  таяқшалар  (күйдіргі,  ботулизм,сіреспе,  газды  гангрена 

қоздырғыштары  )  ұзақ  уақыт  сақталып,  кейбіреуі  топырақта  көбеюге 

қабілетті (Clostridium botulinum). 

Ішек бактериялары ( тұқ. Enterobacteriaceae)- ішек таяқшасы, іш сүзегі, 

сальмонеллес,  дизентерия  (жерше)  қоздырғыштары-  нәжіспен  топыраққа 

түсуі  мүмкін.  Бірақ  мұнда  көбеюге  қолайлы  жағдай  болмағандықтан,  олар 

біртіндеп  жойылады.  Таза  топырақта  ішек  таяқшасы  және  протей  сирек 

кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және 

жануарлардың  нәжісімен  ластану  көрсеткіші  болып,  санитарлық- 

эпидемиологиялық 

қолайсыздығын 

дәлелдейді 

(ішек 

жұқпалары 



қоздырғыштарының берілу тұсында). 

Топырақта  көптеген  саңырауқұлақтар  болады.Олар  топырақ  түзу 

процесіне,  азот  қосындыларының  айналымдарына  қатысады,  биологиялық 

белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі. 

Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар 

және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады. 

Қарапайымдылар  мөлшері  1  г  топырақта  500-500 000-ға  дейін 

жетеді.Бактериялармен  және  органикалық  қалдықтармен  қоректене  отырып, 

қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді. 

 

                                         Ауа  микрофлорасыАуа 



Ауадағы 

микрорганизмдер 

клеткасының 

бар 


жоқтығы 

жөніндегі 

мәліметтерді  алғаш  рет  Л.Пастер  (1860ж)алған.Ол  теңіз  деңгейінің  әр  түрлі  

биіктігінде( Юра тауының етегінде 850ж және Монблан шатқалында 2000м) 

Қоректік  орталары  бар  колбаларды  ашып,  содан  соң  өсіп  шыққан 

коллониялар  санына  қарай  ауаның  ластану  дәрежесіне  баға  берген.  Соған 

орай  ауадағы  микроорганизмдер  саны  теңіз  деңгейінен    биіктігіне 

байланысты  деп  тұжырымдаған.  Атмосферадағы  микроорганизмдердің 

жалпы  саны  жыл  мезгіліне  байланысты  жаз  мезгілінде  қоңыржай  климат 

жағдайында  микроорганизмдер  концентрациясы  жоғары  болса,  ал  қыс 

мезгілінде олардың концентрациясы төмен болады. 

   


Ауада олар едәуір мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. 

Сондықтан  ауа  микроорганизмдердің  уақытша  мекені  болып  есептеледі. 




Ауаға  микроорганизмдер  шаң-тозаңмен  көтеріледі  де,  қайтадан  солармен 

бірге  шөгеді.  Егер  жер  бетіне  шөгіп  үлгермесе,  ауада  тез  арада  қырылып 

кетеді.  Сондықтан  ауада  микроорганизмдердің  саны  мен  сапасы 

топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе 

қозғалысы  күшті  өнеркәсіп  орындары  көп  қалалардың  үстіндегі  ауада 

микроорганизмдер  өте  көп  болады.  Ал  керісінше  ауыл-село,  орман,  тау, 

теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде 

аз  болады.  Құрамында  органикалық  заттары  көп  өңделген  топырақтың 

бетіндегі  ауада  микроорганизмдер  әжептәуір  болады.  Сол  сияқты  құмды 

аңызақ жел тұратын жерлердегі ауада микробтар өте аз кездеседі. Тіпті бір 

жердің  ауасының  өзінде  жауын  жауғанға  дейін  микробтар  көп  болса, 

жауын  өткеннен  соң  едәуір  азайып  қалады.  Ауаға  көтерілген  сайын 

микробтар  да  азая  түседі.  Мұндай  жағдайда  тіпті  үлкен  қалалардың 

үстінен  де  байқауға  болады.  Е.Н.Мишустиннің  зерттеуіне  қарағанда 

Москваның  үстінде  500м  биіктікте  ауаның  500-700  бактерия  кездескен. 

Осындай биіктікте, бірақ Москвадан 5-7 км дей қашықтықтағы ауа мүлде 

таза 

болған.  



Ауада  микроорганизмдерге  күннің  ультракүлгін  сәулесі  күшті  әсер  етті. 

Түссіз  бактерияларға  қарағанда  төзімділеу.  Әдетте  спора  түзбейтін 

микроорганизмдер  төзімсіз  болғандықтан  спора  түзетіндеріне  қарағанда 

олардың  саны  да  аз  болады.  Әр  түрлі  қоғамдық  орындардың  да  ауасына 

микробтар саны бірдей болмайды. Бұдан адам көп жүретін жерлерде және 

көп  қатысатын  мекемелер  маңындағы  ауада  микроорганизмдер  көп 

болатыны 

көрініп 


тұр. 

Жыл 


мерзіміне 

байланысты 

ауа 

микроорганизмдерінің саны мен сапасы да өзгерістерге ұшырап отырады. 



Олардың ең аз болатын мерзімі қыс, ал көп болатын кезі жаз. Көктем мен 

күзде  олардың  саны  аса  көп  болмайды.  Бұл  әрине  түсінікті.  Қыс  кезінде 

қар  жер  бетін  жауып  қалады  да  шаңның  көтерілуіне  мүмкіндік  бермейді. 

Ал  жаз  кезінде  жел  шаң-тозаңдармен  бірге  ауаға  микроорганизмдерді 

ұшырап  шығарады.  Күз  бен  көктем  кезінде  жауын  –  шашын  жиі  болып, 

көтерілетін  шаң-тозаңда  аз  болады.  Сондықтан  бұл  мезгілде  ауадағы 

микробтар 

саны 


көп 

болмайды.  

Ашық  жерлерге  қарағанда  бөлме  немесе  үй  ауасында  микроорганизмдер 

көп болады. Мәселен, бөлме ауасының бір текше метріндегі олардың саны 

100 мыңға жуық жетеді. Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаңда 

көбейеді, 

микробтар 

саны 


артады. 

Кейбір 


ауру 

туғызатын 

микроорганизмдер  бөлме  ауасына  таралып,  дем  алған  адамға  жұғады.  

Бөлме  ауасындағы  микробтар  құрту  мақсатында  арнаулы  санитарлық-

гегиеналық 

ережелерді 

сақтау 

ұсынылады.  

Сапасы  жағынан  алғанда  ауа  микроорганизмдері  түрліше  болып  келеді. 

Көбінесе  шар  тәрізді,  олардың  ішінде  түрлі  пигмент  түзетіндері  де 

кездеседі.  Сонымен  қатар  онда  спора  түзетін  аэробты  микроорганизмдер 

де көп. Ауру тудыратын топтары тек ауасы ластанған жерде кездеседі, ал 

далалы және орманды жердің ауасында олар мүлде болмайды.  

 



Ауа  микрофлорасы  топырақ  және  су  микрофлорасымен  өзара 

байланысты. 

Адамдар  мен  жануарлардың  сілекей  тамшыларымен  және  тыныс 

жолдарынан микроорганизмдер ауаға түседі. Мұнда шартәрізді және таяқша 

бактериялар,  костридиялар,  актиномицеттер,  саңырауқұлақтар  мен  вирустар 

табылады  Ауадағы  микроб  тығыздығын  азайту  мақсатында  бөлменің 

ылғалды жиналуын желдетумен және түсетін ауаны тазалаумен( фильтрлеу) 

бірге  жүргізеді.  Сонымен  бірге  аэрозольді  дезинфекция  және  УК  сәулемен 

бөлмені (мысалы микробиологиялық зертханаларда, операциялық блоктарда 

т.б. ) қолданылады. 

Ауаны 

зерттеудің 



сандық 

микробиологиялық 

зерттеу 

әдісі 


тұндыру(седиментация),  аспирация  немесе  фильтрация  принциптеріне 

негізделген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет