Дәріс Микропроцессорлық жүйенің архитектурасы Мақсаты: Микропроцессорлық жүйенің базалық архитектурасымен танысу. Жоспар



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі185,08 Kb.
#137085
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 6

Сурет 6. Pentium II/ III процессорларына арналған SECС2 қорабы.

Алғашқы процессордың IBM РС компьютерінің пайда болғанына дейін 10 жыл бұрын шыққанына назар аударыңыз. Ол 1971 жылы 15 қарашада Intel 4004 деп аталды. Бұл процессордың жұмыс жиілігі 108 кГЦ (0,108 МГц) құрады. Процессор 2300 транзистордан тұрып, 10 – микрондық техногогиямен шығарылады. Мәліметтердің шинасының ені 4 разряд болды, ол 640 байт жадыны адрестеуге мүмкіндік берді. Бұл процессор бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды. 1972 жылдың сәуір айында Intel 200 кГЦ жиілігінде жұмыс жасаған 8008 процессорын шығарды. Ол 3500 транзистордан тұрып, сол бұрынғы 10 – микрондық технологиямен шығарылды. Мәліметтердің шинасының ені 8 разряд болды, ол 16 Кбайт жадыны адрестеуге мүмкіндік берді. Бұл процессор терминалдар мен бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды. Процессордың келесі модулі 8080 Intel фирмасымен 1974 жылдың сәуір айында шығарылды. Бұл процессор 6000 танзистордан тұрып , 64 Кбайт жадыны адрестеуге мүмкіндігі болды. Altair 8800 алғашқы дербес компьютері (РС емес) осы процессормен жиналды. Бұл компьютерде СР/М операциялық жүйесі қолданылды, ал Microsoft фирмасы оған BASIC тілінің интерпритаторын жасап шығарды. Бұл мыңдаған бағдарлама жазылған компьиердің алғашқы моделі болды. Intel 8080 прцессорының әйгілігінің арқасында кейбір фирмалар оның көшірмесін шығара бастады. Осылай, 1976 жылдың шілде айында 2,5 МГц жиілікмен жұмыс істеген (бұдан кейінгі модельдері 10 МГц жиілікпен жұмыс істеді) Z80 процессоры (Zilog фирмасы) пайда болды. Ол Radio Snack фирмасы шығарған TRS – 80 Model 1 компьютерлерінде қолданыла бастады.


Intel өзінің жетістігімен тоқталып қалған жоқ, ол 1976 жылдың наурыз айында 6500 транзистордан тұрып, 5 МГц жиілікте жұмыс істеді. 20 – разрядты адрес шинасының арқасында оның 1 Мбайт жадыны адрестеуге мүмкіндігі болды. 8086 процессоры біршама қымбат тұрғандықтан, 1979 жылы Intel осы процессордың 8088 атты ―арзан‖ версиясын шығарды. Бұл процессор алдыңғысынан 8


– разрядты мәліметтер шинасымен ерекшелінеді. Нақ осы процессорды алғашқы IBM PC компьютерлеріне орната бастады. 8088 процессоры 30000 транзистордан тұрып, 5 МГц жиілікте жұмыс істеді.


Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Микропроцессорлық жүйенің базалық архитектурасына нелер жатады?

  2. Алғашқы микропроцессорлар қандай болған?

  3. Микропроцессор дегеніміз не?

  4. Микропроцессор жасау технологиясының түрлері қандай?

  5. Микропроцессор (поколения) буындары және олардың негізгі мүмкіндіктері қандай


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет