Дәріс Микропроцессорлық жүйенің архитектурасы Мақсаты: Микропроцессорлық жүйенің базалық архитектурасымен танысу. Жоспар



бет2/3
Дата11.12.2023
өлшемі185,08 Kb.
#137085
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 6

MMX технологиясы. Контексте байланысты MMX multi – media extensions (мультимедиялық кеңейтулер) немесе matrix math extensions (матрицалық математикалық кеңейтулер) дегенді білдіруі мүмкін. ММХ технологиясы бейне сығуын, суретті басқаруды, шифрлеуді және осы кездегі бағдарламаларда қолданылатын барлық енгізу – шығару операцияларын орындауды жылдамдататын кеңейту ретінде бесінші кезендегі Pentium процессорларының жоғарғы модульдерінде (Сурет 1) қолданылады.


Сурет 1. Intel Pentium ММХ процессорының астынан және үстінен қарағандағы көрінісі.

ММХ процессорларының архитектурасында екі негізгі жетілдіру бар. Біріншісі, барлық ММХ микросхемаларында үлкен ішкі құрамдас орналастырылған кэш бар. Бұл әр бір бағдарламаның және барлық бағдарламалық жабдықтың орындалу нәтежелігін арттырады. Екінші жетілдіруге процессордың бұйрықтар жиынын 57 жаңа бұйрықпен кеңейту, сондай – ақ бұйрықтардың жекелеген легі – мәліметтердің топтық легі (Single Instruction – Multiple Data, SIMD) деп аталатын бұйрықтарды орындаудың жаңа мүмкіндігін еңгізу жатады. AMD және Cyrix секілді фирмалар Intel фирмасынан


ММХ технологиясына рұқсат алып, оны өздерінің процессорларында жүзеге асырды. Pentium процессорлары. РGА типті қорап осы уақытқа дейін кеңінен таралып келді. Ол 286 процессорлары үшін 80 – шы Pentium және Pentium Pro процессорларында пайдаланады. Микросхема қорабының төменгі бөлігінде тор түрінде орналасқан цилиндрлік стерженьдер массиві бар. РGА қорабы ZIF (Zero Insertion Force – қосубың нөлдік күші) типті ұяға кіргізіледі. ZIF ұясының чипті кіргізу және босату процесін жеңілдетуге арналған тетігі бар. Pentium процессорларының көпшілігінде РGА қорабының бір түрі – SPGA (Staggered Pin Grid Array - цилиндрлік стерженьдер массивінің шахматтық торы ) қолданылды, мұнда чиптің төменгі бөлігіндегі цилиндрлік стерженьдер стандартты бағаналар мен жолдар бойынша емес, шахматтық қатар бойынша орналасқан. Бұл стерженьдерді бір біріне жақын орналастырып, микросхема көлемін кішіреуті үшін жасалған.




Сурет 2. - РGА қорабындағы Pentium 66 (сол жақта) және SPGA қорабындағы Pentium Pro процессоры (оң жақта)

Шындығында, Pentium II процессорына дейіні барлық процессорлардың қораптары ―әрбір чипке – жеке ұя принцпі бойынша жобаланады. Pentium II/ III процессорларының қораптарын жобалау кезінде бұл әдістен бас тартуға тура келді, бұл микросхема қорабы Single Edge Cartridge (SEC – бір жақты байланысты қорап) типіне жатады. Процессор мен екінші деңгейлі кэш – жадсының бірнеше микросхемасы кішкентай платаға орналасқан. Плата металл мен пласмассадан жасалған катриджге жапсырылған. Катридж адаптер платасының қосқышына қатты ұқсас Slot 1 деп аталатын жүелік плата қосқышына кіргізіледі. Single Edge Processor (SEP – бір процессорлы қорап) қорабы SEC қорабының арзан түрі болып табылады. SEP қорабында жоғарғы пласстмасса қақпағы жоқ, сондай – ақ екінші деңгейлі кэш – жадысы орнатылмауы мүмкін. SEP қорабы Slot 1 қосқышына кіргізіледі. Көбінесе SEP қорабына арзан процессорларды, мысалы Celeron, орналастыады. Slot 1 – бұл 242 байланыстан (контакт) тұратын жүйелік плата қосқышы. Slot 1 қосқышының өлшемдері сурет 3-те көрсетілген. Ішінде процессор орналасқан SEC немесе SEP қорабы Slot 1 қосқышына кіргізіліп, арнайы тұтқамен бекітіледі. Кейде процессорды салқындату жүйесіне арналған тіреуіш болады. Сурет 4-те SEC катриджінің қақпағының бөліктері көрсетілген. Процессормен бөлінетін жылуды әлсіздедіретін үлкен платинаға назар аударыңыз. SEР қорабы сурет 4-те көрсетілген.






Сурет 3. Pentium II процессорына арналған Slot 1 қосқышының өлшемдері.



Сурет 4. Pentium II процессорына арналған SEC қорабының бөлшектері


Сурет 5. SEC қорабындағы Celeron процессоры
Pentium III процессоры SECC2 ( Single Edge Contact Cartridge,2 версия) деп аталатын қорапқа орналастырылады. Бұл қорап SEC қорабының бір түрі болып табылады. Қораптың бір жағында қақпақ орналасқан, екінші жағынан микросхема салқындататын элемент бекітіледі. Осындай конструкциялық шешім процессордан шығатын жылуды тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Мұндай қораптағы процессорлар Slot 1 қосқышына кіргізіледі. SECC2 қорабы сурет 6-да көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет