Дәріс Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану Дәріс жоспары



бет2/3
Дата05.12.2023
өлшемі25,49 Kb.
#134452
1   2   3
Байланысты:
8 дәріс (1)

Педагогикалық білім (ПедБ)
Педагогикалық білім – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер
мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді.
Технологиялық білім (ТБ)
Технологиялық білім – оқытудың видео, веб-материалдарға қол жеткізу және басқа да сандық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты қосалқы құралдары туралы білім. Бұл білім технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларды меңгеруді де меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық
құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.


Технологиялық, педагогикалық және пәндік білім (ТППБ)
Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және пәндік білім (ТППБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті
болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімнің оқушылардың осы білімді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласын өзара байланыстыра алған мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша,
осындай мұғалімдердің зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар сияқты технологиялық сарапшылармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда кәсіби білімі анағұрлым ауқымды болады.
Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқыту мен оқу үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

Мектептегі технологияларға мыналар жатады:



    • Теледидар бағдарламалары;

    • Сандық теледидар;

    • Интернет/ WWW;

    • Ұялы телефон;

    • Ұтқыр қондырғылар;

    • Компьютер/ноутбук.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет