Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ



бет20/31
Дата12.10.2022
өлшемі186,77 Kb.
#42603
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Д ріс Ойлау м дениетіні алыптасуы ойлауды философиялы т рі

2. Антиканың этикалық ілімдері. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ғылым ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқан. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. «Никомах этикасын», «Эвдем этикасын» жазған ұлы ойшыл этиканы дамыту барысында елге танытты.
Аристотель этикасында «құба төбел» немесе «алтын орта» принципі ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие. Ойткені Аристотель айтуынша екі шекті күйлердің ортасын таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан адам өте ыңғайлы орталық қасиетті ұстана білсе, ізгілікті болғаны.
Жалпы антикалық этикаға тиеселі негізгі деген үш мұратты (идеяны) атап өтуге болады. Олар мыналар:

  1. Адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу.

  2. Адамның құдіретіне, өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейлінше сенді;

  3. Эвдемоны, яғни бақытты – адам мақсат-мұраттарының ең биігі деп танып, оны ізгілікпен теңдестірді.

Көне гректер адамгершілік қасиеттерін, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде «каллокагатия» идеалы дүниеге келген болатын. «Каллокагатия» көне грек тілінен «каллос» (Әсем, сұлу, әдемі) және «агатос» (мейірімді, жақсы) деген екі сөзінің қосындысынан тұрады. Ол ізгі сұлулықты, яки жан сұлулығы мен тән сұлулығының ішкі бірлестігін дәріптейді.
Гедонизм – грек тілінің ләззат іздеу, қызыққұмарлық деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты өмірдің қызығына бату, ләззат алу.
Эвдемонизм – көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарамасаңыз да оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны – адамның бақытқа (эвдемонаға) жетуі.
Стоицизм – грек этикасының бұл бағытына өмірден тек ләззат алу мүмкін емес, өйткені қуаныш соңын іле-шала жүретін қайғы-қасірет көп, сондықтанда өмірде ең бастысы – мойынға түскен ауыртпашылыққа мойымай, қасқая қарсы ала білу деген түсінік тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет