Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ



бет1/31
Дата12.10.2022
өлшемі186,77 Kb.
#42603
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Д ріс Ойлау м дениетіні алыптасуы ойлауды философиялы т рі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Инжиниринг және ақпаратты технологиялар факультеті
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНЕН ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Алматы, 2021


Дәріс 1.Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ.


Жоспар

  1. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия.

  2. Философия – даналыққа құштарлық ретінде.

  3. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.

1. Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік таным арқылы заттар мен құбылыстар тұралы үстірт, қарапайым білімдерге ғана қол жеткізе аламыз. Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып танылады. Ойлау адам санасы мен объективті шындық арасындағы диалектикалық бірлікті білдіреді. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отыратын, өте күрделі және маңызды, түпкілікті процесс. Ойлау объективті шындықты бейнелеің жоғарғы, адамға ғана тән формасы. Ойлау дүниені тану мен игеруді жоғарғы сатысы. Ойлау арқылы адамзаттың тарихи және әлеуметтік тәжрибесі, матриалды және рухани мәдениетінің нәтижелері қортылып, бекіген.


Ойлау – қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл ойлаудың дамуы мен іске асуының қозғаушы күші. Ойлаудың пайда болуы – белгісіз нәрселерге зер салу мен танып-білуге деген қызығушылықтан туындайды. Әлем шексiз, соған орай дүниенi танып бiлу де шексiз. Адамның ойы сол шексiз әлемдегi нәрселердiң сырын, құпиясын бiлуге бағытталады. Әрбiр адам ойланып-толғанғанда өзiне беймәлiм нәрселердiң сырын ашып, жаңалықты бiледi.
Ойлау дегенiмiз- әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен тығыз байланысты психикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың, дүниедегi нәрселердiң жалпы және жанама бейнеленуi. Бұл бейнелену адам ойының талдау және бiрiктiру әрекеттер арқылы танылады. Бiр сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы жанама жолмен бiздiң санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi. Ойлау адамның өмiр тәжiрибесi мен практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде пайда болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң шеңберiнен әлдеқайда асып түседi.
2. Дүниені танып білуге деген қызғушылық философияның пайда болуына түрткі болды. Философия – даналыққа құштарлық (Пифагор). «Философия – сенің ойлауыңның жемісі болып табылады және сенің өзіңде өмір сүреді» (Т. Гоббс). Философиның пәні- ойлаудың жалпы заңары болып табылады. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Сондай-ақ. философияға сұқбаттық сипатжәне эвристикалық мүмкіндіктер тән.
3. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістердің шарты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет