Ретардация (лат. Retardatio - баяулау) акселерацияға қарама-қарсы үдеу процесі болып табылады және балалар мен жасөспірімдердің өсу қарқынында, 1-2 жастағы құрдастарынан физиологиялық жүйелердің дамуы мен қалыптасуындағы артта қалушылықты білдіреді. Акселерация сияқты, ол үйлесімді және үйлесімсіз болуы мүмкін.
Ретардацияның биологиялық механизмі нақты белгілі емес
Биологиялық себеп
Әлементтік себеп
босанғаннан кейінгі онтогенезде алынған әртүрлі тұқым қуалайтын, туа біткен органикалық бұзылулар
Жанұядағы төменгі материалдық шығын,
Балабақшадағы немесе жанұядағы кері эмоционалдық микроклимат
Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.
«Акселерация» терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды – оны 1935 жылы неміс дәрігері Е.М. Кох ұсынған болатын. Бұл сөзбен (латын тілінен «жылдамдату» дегенді білдіретін) балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының, салмағының және кейбір басқа өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын. Акселерация құбылысы қалаларда ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс береді. Оның кеңінен таралуы ғалымдарғаакселерация құбылысын қазіргі заманғы адамның дамуына тән қақын ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Акселерацияның басты мысалдары ретінде: - жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін (зерттеу кезіне (1979 ж.), орта есеппен 1-2 кг-ға және 4-5 см-ден жоғары (сол жүз жылдықтың 30жылдары). - тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын (1-2 жылға) - скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын (20 ғасырдың 20-30 жылдарымен салыстырғанда 2-3 ж. ерте) - өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 810 см.-ге өсуін.
- мектп жасындағы балалардың бойының өсуі, ерте жыныстық жетілуін (ұлдарда 11-12 жаста) мысалға келтіруге болады.
Реактивтілік және организмнің резистенттілігі
Реактивтілік латынша (reactio)- қарсы әсер деген сөзден шыққан. Реактивтілік – организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті;ол да бүкіл тіршілік атаулының зат алмасу ,өсу көбею т.бмаңызды қасиеттері секілді. Организмнің резистенттілігі – оның патогендік факторлар әсеріне төзімділігі, яғни қарсы тұру қабілеті. Екі термин де тірі организмнің негізгіқасиеттерін айқындайды, әрі бірімен бірі байланысты. Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі аурудың пайда болуында ,дамуында,патологиялық процестердің өту барысында мәні бар. Сондықтан ,ауру патогенезін түсіну үшін организмнің осы қасиеттерін зерттеу қажет.
Реактивтілік және резистенттілік туралы түсінік көне медицина дәуірінде қалыптаса бастады. Бұл жөніндегі мәліметтерді көне қытай және көне үнді медициналарынан табуға болады. Алайда ол көне грек медицинасында неғұрлым нақты формада қалыптасты. Сол кездің өзінде ақ дәрігерлер әр түрлі адамдардың ауру тудыратын әрекетті түрліше сезінетіндігін білді. Мұны гиппократ организм сөлінің біркелкі араласпауынан –дискразиядан деп түсіндірді. Реактивтілік туралы ілімнің жаңа бағыты XVII ғасырдың аяғында басталды. Глиссон тұңғыш рет бүкіл жанды организмді тітіркендіргіштік қасиетімен сипаттады.
Төзімділік (резистенттілік) – деп аурутуындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығын айтады.Төзімділік пен реактивтілік өзара бірімен-бірі тығыз байланысты және екеуі де тірі организмнің негізгі қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Төзімділік спецификалық және бейспецификалық болып ажыратылады.
Реактивтіліктің түрлері Организмнің реактивтілігі: ● түрлік; ● топтық; ● даралық – болып ажыратылады.
Спецификалық даралық реактивтілікке организмнің иммундық реактивтілігі жатады. Физиологиялық спецификалық даралық реактивтіліктің көрінісі иммунитет кезінде байқалады. Дерттік спецификалық даралық реактивтілік аллергия, иммундық тапшылықтар және иммундық тежелулер түрлерінде көрінеді. Сыртқы орта ықпалдарына организмнің иммундық жүйесінің қатысуынсыз жауап қайтаруының барлық түрлерін бейспецификалық реактивтілік – дейді. Мәселен, ашығу, жарақат, қансырау, гипоксия, температуралық, химиялық және сәулесоқ әсерлер кездерінде реактивтіліктің бейспецификалық көріністері байқалады.
Дерттік реактивтілік – деп әртүрлі экзогендік және эндогендік ықпалдардың әсерлеріне организмнің қалыптыдан ауытқыған, өзгерген түрде жауап қайтару қабілетін айтады. Ол гиперергия, гипоергия, анергия, дизергия түрлерінде көрінеді. Дерттік реактивтілік мына жағдайларда: ● тұқым қуалаушылыққа бейімділігі бар және аллергиялық болмысы болуы кезінде; ● жаңа, әсіресе шала, туған балалар мен кәрі адамдарда; ● сүлде аурулардың болуы нәтижесінде; ● организмнің ұзақ немесе сапалы ашығуы кезінде; ● организмнің ұзақ гиподинамиясы кезінде; ● қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластануларының әсерлерінен - байқалады.
Қорыта келгенде әртүрлі ықпалдарға организмнің бейімделуін арттыру арқылы оның реактивтілігіне әсер етуге және аурутуындататын қоздырғыштарға төзімділігін көтеруге болады. Бұл кезде назар аударатын бір жәйт ол организмнің төзімділігі адаптация туындатқан ықпалға ғана көтеріліп қоймай, көптеген басқа аурутуындататын ықпалдарға да жоғарылайды. Мәселен, организмнің гипоксияға бейімделуінің нәтижесінде оның төзімділігі жүрек, ішек-қарын, жүйке ауруларына, кейбір жұқпаларға, өспе өсуіне т.б. ықпалдарға артады.
Назарларыңызға рахмет!