Дәріс 1. Онтогенез. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Дәрістің жоспары:
1. Жас ерекшіліктер физиологиясының мақсаты мен міндеттері
2. «Жас ерекшеліктер физиологиясының» маңызы
3. «Өсу» және «даму» ұғымдары
4. Даму кезеңдері және гетехрондылығы
5. Сенситивті кезеңдер
6. Акселерация және ретардация
Жас ерекшеліктер физиологиясының міндеттері:
Балалар мен жас өспірімдер ағзасының анатомиялық, физиологиялық ерекшелектерімен таныстыру;
Өсу мен дамудың негізгі заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру ;
Дене шыңықтыру және спорт саласындағы келешек мамандарды балалар мен жас өспірімдер ағзасының ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Функционалды – мүшенің атқаратын қызметі.
Ағзаның, жүйелердің мүшелердің, ұлпалардың, жасушылардың өсіп, дамуының негізін анаболизм және катаболизм, яғни зат алмасуы құрайды. Ағзаның өсуі дегеніміз ондағы жасушалар санының көбеюі, салмағының артуы; денесінің ұзаруы; кеуде шеңберінің ұлғаюы т.б. Ағзаның дамуы дегеніміз сандық көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштеріне айналуы; ұлпалардың жекешеленуі арқылы мүшелердің белгілі бір қызмет атқаруы. Ағза дамуының екі түрі болады. Сандық – мүшелердің ұзындығы, ені, көлемі, аумағы, салмағы, ағзада алып жатқан орны т.б.
Адам ағзасы қызметтерінің әртүрлі кезеңдердегі жеке дамуы яғни онтогенез (грекше онтогенезис - даму). Онтогенез ұғымы ағзаның барлық кезеңдерін: ұрықтан бастап адамның өлгеніне дейінгі аралықты қамтиды. Ағзаның онтогенезде дамуын екі кезеңге бөлуге болады:
Жатырдағы (пренатальды) онтогенез:
Эмбриональды кезең (2 айға дейін)
Фетальды кезең (2-9 ай аралығындағы іштегі нәресте)
https://youtu.be/NJYeSlrb3RU
Онтогенез кезеңдері
https://youtu.be/NJYeSlrb3RU Постнальды (туғаннан кейінгі) онтогенезге келесі кезеңдер жатады:
Жаңа туған нәресте (туғаннан 10 күнге дейін)
Емшектегі кезең – 10 күн – 1 жас
Ерте балалық шақ – 1-3 жас (бала-бақша кезеңі)
Алғашқы балалық шақ – 3-7 жас Бастауыш мектеп жасы 7-13 ұлдар, 7-11 қыздар
Жас өспірім кезеңі, ұлдар – 13-17 жаста, қыздар – 11-15 жас
Жастық кезең - ұлдар – 17-21, қыздар – 16-20
Бірінші ересек кезең – 21-35 жас
Екінші ересек кезең 35-60 ерлер, 35-55 әйелдер
Егде жас (кексе, мосқал) кезең 3 – 60-74
Кәрілік кезең – 75-90
Ұзақ өмір сүрушілер – 90 жастан жоғары (Хрипкова А.Т., Антропова М.В., Фабер Д.А., 1990 т.б.)