Дәріс11. Ұжым-тәрбие құралы. Ұжым туралы түсінік. Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. Ұжымның белгілері.Ұжымның қызметтері.
Мақсаты: педагогикалық процесте ұжымдық іс-әрекеттің ықпалдастығының ғылыми негіздерін сипаттау
Жоспары: 1. Ұжым, балалар ұжымы ұғымдарына түсінік
2. Мұғалім мен балалар ұжымының өзара байланысы
Негізгі ұғымдары: ұжым, балалар ұжымы, ұжымдық-танымдық іс-әрекет
13.1. Ұжым, балалар ұжымы ұғымдарына түсінік Ұжым мәселесімен педагогтар мен қатар философтар, психологтар, әлеуметтанушылар және т.б. да айналысуда. Педагогикалық тұрғыдан теориясын қалыптастырып, дамытуға А.С.Макаренко, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, ВУ.И.Сороко-Росиннский, С.Т.Щацкий және т.б. ғалымдар өзіндік тұрғыдан атсалысты.
Әрине, педагогикада ұжым мәселесін А.С.Макаренко есімімен тікелей байланыстырамыз. Ол ұжымда жеке адамды қалыптастырудың теориялық негізін құра отырып, оның басты белгілерен атап көрсеткен. Яғни, ұжым- басқа да бір ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру; олардың арасында жауапкершілікті қарам-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Мектептерде балалар ұжымы сыныптардан тұрады және олар жалпы мақсаттарды жүзеге асыруға бірлесе араласып, жақын қарым-қатынас орнатады.
Сонымен оқушылар ұжымы дегеніміз ортақ мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізінде оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын айтамыз. Ұжымның жас ерекшелікке байланысты өзгешеліктері бар. Айталық балалар ұжымының үлкендер ұжымынан ерекшелігі:
қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған бірлескен іс-әрекеті;
ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;
өзін-өзі счайлау органдарының болуы. Көптеген зерттеушілер тапсырмаларды, рольдерді бөлудегі тең құқықтық, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп және т.б. да ерекшеліктерге тоқталған.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымы- өте сезімтал аспап, ол тек педагог арқылы ғана дамиды, деп тұжырым жасаған. Бұл дегеніміз мұғалім ұжымның даму заңдылықтарын, сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін білуі тиіс дегенді білдіреді. Ұжвм дамуының негзгі заңдылығы – перспективалық бағыттарының болуында, яғни жаңа перспективалар байқалғанда ғана даму механизмі болады. А.С.Макаренко перспектвалық бағытты үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспективалар. Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының құлықтық дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.