Дәріс Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Материалтанудың даму бағыттары



бет11/25
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#131098
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Легірленген болаттар.
Болатқа қажетті қасиет беру үшін арнайы қосатын элементтерді легірлеуші элементтер дейді де, құрамында легірлеуші элементтері бар болаттарды легірленген болаттар деп атайды. Ондай элементтерге хром, никель, титан марганец, кремний, мыс, вольфрам және т.б. элементтер жатады.
Легірлеуші элементтер темірдегі полиморфты түрлену температурасын өзгертеді. Оларды екі топқа бөледі. Бірінші топ элементтеріне никель мен марганец жатса, ал екінші топ элементтеріне хром, вольфрам, молибден, алюминий және т.б. жатады.
Легірленген болаттарды қолданылуына байланысты үш топқа бөлуге болады. Олар конструкциялық легірленген, аспаптық легірленген және ерекше қасиеттрі бар болаттар.
Легірленген болаттардағы легірлеуші элементтер келесі әріптермен белгіленеді: Х – хром, Н – никель, Т – титан, Д – мыс, М – молибден, П – фосфор, Г – марганец, Ц – цирконий, В – вольфрам, Ю – алюминий, К – кобальт, Б – ниобий, Р – бор, С – кремний, Ч – сирек кездесетін элементтер.
Болат ентаңбасын санмен және әріптермен белгілейді. Конструкциялық легірленген болаттар маркаларының алдында қойылған екі сан оның құрамындағы көміртегінің шамасын пайыздың жүзден бір бөлігімен көрсетеді. Әріптер құрамындағы элементтерді көрсетеді. Егер әріптен кейін сан болмаса, ол элементтің мөлшері 1,0...1,5% болады. Мысалы, 12ХН2 болатының құрамы келесідей болады: шамамен 0,12%С, 1% дейін Cr және 2% Ni, ал 18ХГТА болатының құрамында шамамен 0,18%С, 1% Mn, 1% Ti. Соңында қойылған А әріпі болаттың жоғары сапалы екенін, демек зиянды қоспалар мөлшерінің аз екендігін көрсетеді.
Конструкциялық легірленген болаттар. Легірленген болаттардың механикалық қасиеттері термиялық өңдеуден кейін көміртекті болаттарға қарағанда жоғары. Бұл болаттар аз легірленген (құрылыс болаттары) және легірленген болаттар болып бөлінеді.
Аз легірленген болаттардың пісірілгіштігі, жемірілуге төзімділігі жоғары болады. Бұл болаттардағы негізгі легірлеуші элементтер – марганец пен кремний. Олардың соғу тұтқырлығы төмендемеуі үшін марганец пен кремний мөлшері 2% аспауы керек. Құрамында көміртегінің мөлшері 0,1...0,2%-дан аспайды. Аз легірленген болаттарға 18Г2С, 25Г2С, 30ХГ2С және т.б. таңбалары жатады.
Легірленген болаттарда көміртегінің мөлшері 0,4% шамасында болады. Легірленген болаттарды бірнеше топқа ажыратуға болады. Олардың аталуы құрамындағы элементтермен анықталады: хромды, марганецті, хроммарганецті және т.б.
Хромды болаттардың термиялық өңдеуден кейінгі беріктігі көміртекті болаттарға қарағанда жоғары. 15Х, 15ХА, 15ХРА,20Х, 20ХР болаттар тозуға төзімді және орташа қысым мен жылдамдықта жұмыс істейтін саусақшалар, өстер итергітр, тісті дөңгелектер сияқты бөлшектер жасауда қолданылады.
Жақсартылатын болаттар деп орташа көміртекті (0,3...0,5%С) шынықтырылып және жоғарғы температуралық босатудан өткізілетін конструкциялық болаттарды айтады. Оларға 30Х, 30ХРА, 35Х, 35ХРА, 38ХА, 40Х, 40ХР таңбалары жатады. Бұл таңбалы болаттардан біліктер, өстер, төлкелер, саусақшалар, тісті дөңгелектер жасалады.
Марганецті болаттарға 10Г2, 35Г2, 40Г2, 25Г2, 50Г2 таңбалары жатады. Бұл болаттардың пісірілгіштігі мен илемділік қасиеттері жоғары, олардан ернемектер, жалғамалар, құбырлар және бекіткіш бөлшектер жасалады. Аталған таңбалы болаттардың тозуға төзімділігі жоғары болады.
Хроммарганецті болаттарды біріктіріліп пісірілетін негізгі қосылыстар мен тозуға тзімді машина бөлшектерін жасауда қолданады.
Хромникелді болаттар құрамында никель болғандықтан, оның шынықтыру тереңдігі артады, сондықтан бұл болаттардан жоғары жүктемеленетін бөлшектер жасалады. Оларға 12Х12, 12ХНЗА, 12Х2Н4А, 20ХН, 45ХН, 50ХН таңбалары жатады.
Анайы қолданылатын легірленген болаттар рессорлар, серіппелер, шарикті мойынтіректер, құбырлар жасауда қолданылады. Бұл болаттардың термиялық өңдеуден кейін аққыштық, серпімділік және төзімділік шегі жоғары, ал тұтқырлығыжеткілікті болуы керек.
Рессорлы-серіппелі болаттар құрамына кіретін негізгі элементтерге кремний, марганец, хром және ванадий жатады. Рессорлы-серіппелі болаттардың ентаңбалары: 55ГС, 55С2, 50ХГС, 50ХФА, 55Х және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет