Дәріс Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Материалтанудың даму бағыттары


Екінші түрлі – бірі екіншісінде шексіз еріп, химиялық қосылыс түзбейтін қос қорытпалар күй диаграммасы



бет8/25
Дата28.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#131098
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Екінші түрлі – бірі екіншісінде шексіз еріп, химиялық қосылыс түзбейтін қос қорытпалар күй диаграммасы. Екінші түрлі қос қорытпалардың күй диаграммаларына Си – Ni, Fe – Ni, Fe –Cr сияқты жүйелерін жатқызуға болады.



8.3 сурет.
Екінші түрлі қос қорытпалардың күй диаграммасы

Мысал ретінде Сu–Ni күй диаграммасын қарастырайық. Бұл күй диаграммасын алдында келтірілген (I түрлі күй диаграммасы) күй диаграммасы сияқты салқындау қисықтарының ауыспалы нүктелері арқылы саламыз. Күй диаграммасының жалпы көрінісі 8.3 суретте келтірілген. АmВ сызығы – ликвидус сызығы, АnВ – солидус сызығы. АnВ сызығынан төмен қорытпалар қатты ерітінділер күйінде болады.


Ликвидус және солидус сызықтарының арасында екі фазалы аймақ болады, онда қатты ерітінді кристалдарымен қатар сұйық ерітінді де болады. Үздіксіз қатты ерітінділер қатарын түзетін кейбір диаграммалардың ликвидус және солидус сызықтары Си – Ni диаграммасында келтірілген сызықтарға қарағанда, күрделі болу мүмкіндігін айтып кеткен жөн. Кейбір жағдайларда қосымша сызықтардың болуы да байқалады, олар қатты ерітінділерде өтетін түрленулерді көрсетеді (полиморфты және т.б.).
III түрлі – қорытпалардың компоненттері қатты күйде бірі екіншісінде шекті еру күй диаграммасы. Бұл күй диаграммасын сұйық күйінде бір екіншісінде шексіз еритін, қатты күйінде шекті еритін, кристалданған кезде эвтектика түзетін (8.4 сурет) қорытпалар сипаттайды. Оған Аl – Сu, Fe – С, Mg – Al, Mg – Zn жүйерелін жатқызуға болады.
III түрлі күй диаграммасын жалпылама қарастырайық. АЕВ сызығы – ликвидус, одан жоғары қорытпалар сұйық күйінде болады; АДЕСВ – солидус сызығы, бұл сызықтан төмен қорытпалар қатты күйінде болады. АЕ сызығынан төмен F компонентінің К компонентіндегі қатты ерітіндісінің кристалдары – α-қатты фазасы бөлініп шығады, ВЕ сызығынан төмен К компонентінің F компонентіндегі қатты ерітіндісінің кристалдары – β-қатты фаза бөлініп шығады. F компонентінің К компонентіндегі шекті ерігіштігі DD' сызығымен анықталады, ал К-ның F-тегі шекті ерігіштігі СС' сызығымен анықталады. Диаграммадан көрініп тұрғандай, F-тің К-дағы және К-ның F-тегі ерігіштіктері температураға байланысты өзгереді. Кейде F компоненті К компонентінде ерісе және ерігіштік температура өзгеруіне байланысты өзгерсе (DD' сызығы), ал К компонентінің ерігіштігі F-те температура өзгеруіне байланысты өзгермеуі де (СG сызығы) мүмкін. АDEA - сұйық ерітінді және α-қатты ерітінді кристалдарынан, ВЕСВ - сұйық ерітінді және β-қатты ерітінді кристалдарынан түзілген аймақ. АDD'КА - α-қатты ерітіндінің кристалдар аймағы; ВСС'FВ - β-қатты ерітіндінің кристалдар аймағы; DEE'J – эвтектика α-ерітіндісінің және bII-фазасының кристалдар аймағы; ECGE' – эвтектика, b-ерітіндісінің және aII-фазасының кристалдар аймағы.



8.4 сурет.


Қос қорытпалардың III түрлі күй диаграммасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет