Рекристаллизация диаграммалары.
Жоғарыда қарастырылған барлық факторлардан ұяшықтардың көлемінің өзгеруін бір диаграммада көрсету мүмкін емес. Осының арасындағы қолданысқа ие болған кеңістіктегі рекристаллизация диаграммасы, яғни бұл жерде металлдың ұяшығының немесе қорытпа ұяшықтарының деформация әсерінен және жасыту температурасын белгілі уақытта ұстаудан көлемдерінің өзгеруі тәуелділігін көрсетеді. Бұл диаграммалар жасыту режимін анықтап, керекті құрылымды алу үшін қолданылады. Кеңістіктегі рекристаллизация диаграммасының тік қимасы тұрақты деформация дәрежесі мен тұрақты жасыту температурасы суреттердегі графиктермен сәйкес ұқсас болады. Диаграмманың төменгі көлденең жазықтықта рекристаллизация басталуының деформация дәрежесіне тәуелділігін көрсетеді.
6.9 сурет. Электролитті темірдің рекристаллизациялық диаграммасы
Дәріс 7. Қорытпалар теориясының негіздері. Қорытпалардың негізгі фазалар. Фазалар және кесінділер ережесі. Дендритті ликвация.
Таза металдардың беріктігі және технологиялық қасиеттері төмен болады. Техникада әдетте қорытпаларды қолданады. Олар элементтерді бірге балқыту арқылы алынған күрделі заттар.
Қорытпаларды компоненттер санына байланысты - екі компонентті, үш компонентті, көп компонентті; негізгі элементтері бойынша – темірлі, алюминийлі, мысты және т.б.; қолданылуына байланысты – конструкциялы, аспапты, серіппелі және т.б.; тығыздығы бойынша – ауыр (вольфрам, рений, қорғасын және т.б.), жеңіл (алюминий, магний, берилий және т.б.негізінде); балқу температурасына байланысты - қиын балқитын (ниобий, молибден, тантал, вольфрам және т.б. негізіндегі қорытпалар) және жеңіл балқитын қорытпалар (баббиттер және т.б.); бұйымдарды және жартылай фабрикаттарды дайындау технологиясына байланысты – құймалы, деформацияланатын, қақтала жабысқан (спеченные), түйіршіктелген (гранулированный), композициялы және т.б.
Қорытпаны химиялық элементтер немесе химиялық қосылыстар түзеді. Металл қорытпаларының компоненттері металл және металл еместер болуы мүмкін. Компоненттер санына байланысты қорытпалар қос, үштік және т.т. болады. Компоненттердің химиялық әсерлесуіне байланысты қорытпаларда фазалар түзіледі.
Қорытпаларда компоненттердің әрекеттесуінің нәтижесінде сұйық ерітінділер, қатты ерітінділер және химиялық қосылыстар түзілуі мүмкін.
Қорытпаның компоненттері сұйық күйінде әдетте бір-бірінде шексіз еріп, сұйық ерітінділер түзеді. Қатты күйінде компоненттер екі немесе бірнеше фазалардың қоспасы болатын - механикалық қоспа; компоненттері өз ара химиялық жолмен әрекеттесіп – химиялық қосылыс; еріткіш деп аталатын компонентте екінші компоненттің еруі нәтижесінде – қатты ерітінділер түзіледі.
Механикалық қоспа. Қорытпа құрамына кіретін барлық элементтер сұйық күйден салқындату нәтижесінде қатайып (кристалданып) бірі-бірінде ерімесе және бір-бірімен әрекеттеспесе, онда механикалық қоспа түзіледі. Мысалы, механикалық қоспа Al-Cu, Pb-Sb қорытпаларының кристалдануы нәтижесінде түзіледі.
Химиялық қосылыс. Егер қорытпаны түзетін элементтер бір-бірімен әрекеттессе, онда химиялық қосылыс түзіледі. Химиялық қосылыстардың қасиеттері оларды түзетін элементтердің қасиеттерінен өзгеше болады.
Әдеттегі химиялық қосылыстарға қарағанда металды химиялық қосылыстардың көпшілігінің құрамы айнымалы және оның өзгеру шегі кең болады. Металды химиялық қосылыстың ерекше сипаттамасы болып кристалл торының түзілуі саналады. Түзіліген кристалл торының металды химиялық қосылыс түзген элементтердің кристалл торынан айырмашылығы болады және барлық қасиеттері едәуір өзгереді.
Химиялық қосылыстың екі түрін ажыратуға болады: металл-металл және металл – металл емес.
Қатты ерітінділер. Бір компоненті өзінің өзінің кристалдық торын сақтап, ал ал басқа компоненттердің атомдары оның кристалдық торын бұрмалап, ішінде орналастын фазаларды – қатты ерітінділер дейміз.
Кристалл торында атомдардың орналасуына байланысты қатты ерітінділерді орын басу және ену қатты ерітінділері деп ажыратады.
Орын басу қатты ерітіндісінде еріген элементтің атомдары еріткіш элементтің атомдарының түйіндерінің орнын басып алады, демек, ортақ кристалдық тордың түйіндерінде орналасады (11, а сурет ).
Ену қатты ерітіндісінде еріген элементтің атомдары еріткіш элементтің атомдарының кристалл торының түйіндерінің арасында орналасады (11, ә сурет).
а ә
11 сурет
Қатты ерітінділерде атомдардың орналасуы:
а) орын басу қатты ерітіндісі; ә) ену қатты ерітіндісі; о – еріткіш компонентінің атомдары; ● – еритін компоненттің атомдары
Достарыңызбен бөлісу: |