Жемірілулік бұзылулардың түрлері.
11.1 сурет. Жемірілу қирауының түрлері (қимасы): а – біртұтас жемірілу; б – жергілікті жемірілу (1 – дақты; 2 – нүктелі; 3 – беткі қабаттың асты); в – кристаларалық
Болаттың құрамына бүтін берік тотықты қабықшасын түзетін хром, алюминий, кремнийді енгізу арқылы оның жемірілуге тұрақтылығын жоғарылатуға болады.
Алюминий мен кремний болаттың морттылығын жоғарылататындықтан хромға қарағанда сирек қолданылады. Болаттың құрамында хромның мөлшері 12% болғанда оның бетінде берік қорғаушы Cr2O3 тотықты қабықша түзіледі.
Құрамында 12...14% Cr бар болаттар атмосфера, теңіз суында, кейбір қышқылдарда, сілтілер мен тұздарда жемірілуге берік болады. Жемірілуге берік болаттардың құрамына, сонымен қатар, басқа да элементтер ендірілуі мүмкін. Мысалы, никельді жиі қосады. Хромның мөлшері өскен сайын болаттың жемірілуге беріктігі жоғарылайды.
Жемірілуге берік болаттарды әдетте құрамына байланысты: 12...25% Cr және 0,07...0,2%С бар болаттар хром-ферритті; 12...18% Cr және 0,15...1,2%С бар болаттар хром-мартенситті; 12...18% Cr, 8...30%Ni және 0,02...0,25%С бар болаттарды аустенитті деп ажыратады.
Хромды болаттар.
Хромды болаттардың химиялық құрамы және қасиеттері 11.1 кестесінде келтірілген.
11.1 кесте. Жемірілуге төзімді хромды болаттардың қасиеттері
Болат
|
Класс
|
Элементтердің массалы мөлшері,%
|
Термиялық өңдеу
|
|
|
Жасыту
|
Шынықтыру және жоғарғы босату
|
Шынықтыру және төменгі босату
|
|
|
С
|
Сr
|
σв,
МПа
|
δ,%
|
Σв,
МПа
|
δ,
%
|
σв,
МПа
|
δ,%
|
08Х13
|
Ферритті
|
< 0,08
|
12-14
|
400
|
20
|
500
|
30
|
-
|
-
|
12Х13
|
Феррит-
мартенситті
|
0,09-0,15
|
12-14
|
400
|
20
|
600
|
20
|
-
|
-
|
20Х13
|
Мартенситті
|
0,16-0,25
|
12-14
|
500
|
20
|
660
|
16
|
-
|
-
|
30Х13
|
Мартенситті
|
0,26-0,35
|
12-14
|
500
|
15
|
700
|
12
|
1600
|
3
|
40Х13
|
Мартенситті
|
0,36-0,45
|
12-14
|
600
|
15
|
800
|
9
|
1680
|
3
|
Аустенитті хром-никельді болаттар.
Хромникельді жемірілуге тұрақты болаттар ауада салқындатылғаннан кейін аустенитті, аустенит-мартенситті және аустенит-ферритті құрылымға ие. мұндай құрылымға құрамында 18% Cr және 12%Ni бар 12Х18Н10Т, 12Х18Н9, 04Х18Н10, 03Х18Н12,17Х18Н9 сияқты болаттары ие және олар кеңінен қолданылады. Бұл болаттардың жеміріліге беріктігі хромды болаттарға қарағанда әлде қайда жоғары.
Баяу салқындатқан кезде хромникелді болаттар көпфазалы құрылымға ие болады. Демек, құрылым аустениттен басқа аз мөлшерде болса да феррит пен карбидтен түзіледі. Мұндай құрылымды болаттың жемірілуге тұрақтылығы мен илемділігі нашарлайды.
Қысылу дәрежесі, %
11.2 сурет . Пластикалық деформацияның 12Х18Н10Т болатының механикалық қасиеттеріне әсері
Достарыңызбен бөлісу: |