4 – дәріс сабағы. Бизнес-жоспардың мәні мен негізгі сипаттамалары Оқытушы: Экономика кафедрасының аға оқытушысы
Салибекова Перизат Қалмырзақызы
Дәріс сабағының жоспары: «Бизнес-жоспар» бизнесті жоспарлау құралы ретінде
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері
Бизнес-жоспар түрлері
Бизнес - жоспар – бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.
Бизнес – жоспарды жасап шығарудың мақсаты – нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу және болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау.
Бизнес – жоспардың міндеттері болып келесілер табылады:
кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзіді мақсаттарын қалыптастыру, оларға жетудің тактикалары мен стратегияларын анықтап алу;
кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, нарыққа бағытталуы мен нарықтағы оның орнын анықтау;
өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;
нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т.б. бойынша маркетингтік шаралардың құрамын анықтау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қолда бар қаржылық және материалдық ресурстарды, қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерімен сәйкестендіру және т.б.
Бизнес – жоспар келесідей негізгі функцияларды атқарады, атап айтқанда:
болашақта бизнесті жүргізу тұжырымдамасын жасап шығару үшін қолданылуы мүмкін;
қаржылық ресурстарды иемдену құралы болып табылады;
кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру құралы ретінде сипатталады.
Осылайша, бизнес – жоспар кәсіпорын қызметінің мүмкіндіктерін талдауға және басымды мақсаттарды таңдауды негіздеуге, яғни оның қызмет етуінің стратегиясын айқындауға мүмкіндік береді.
Бизнес – жоспарлардың түрлері. Нарықтық жағдай мен құрастыру мақсатына қарай бизнес – жоспарлар әр түрлі болуы мүмкін:
бизнес – линиялары бойынша (өнім, жұмыстар, қызметтер, техникалық шешімдер);
жалпы кәсіпорын бойынша (жаңа немесе жұмыс істеп жатқан).