Ұ, ү әріптері, негізінен, сөздің бірінші буынында және бір буынды
сөздерде жазылады: ұ-лы, ұ-зын, ұ-лан, кұ-лақ, жұ-дырық, құ-мыра, үл-кен,
тү-йіншек, түй-реуіш, ұн, ұл, үн, үш, құн, күн, күрт.
Алдыңғы буындағы еріндік ұ, ү, о, ө дыбыстарының әсерімен келесі буында
естілетін (айтылатын) ұ, ү дыбыстарының орнына ы, і әріптері жазылады:
құндыз (айтылуы - құндұз), құрық (айтылуы - құрұқ), бүгін (айтылуы -
бүгүн), күбір (айтылуы - күбүр), орын (айтылуы - орұн), өңір (айтылуы -
өңүр), домбығу (айтылуы -домбұғұу).
Е с к е р т у л е р . 1. Мына тәрізді түбір сөздердің екінші буындарында
естілуінше ұ, ү әріптері жазылады: бұлбұл, байғұс, мазмұн, мақұл, мағлұмат,
дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, марқұм, нақұрыс, әңгүдік (бұлардың жазылуын
орфографиялық сөздіктерден қарап білуге болады).
2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарыңда (яғни олардың
екінші сыңарында) ұ, ү әріптері жазыла береді: көкқұтан (көк//құ-тан),
Аққұдық (Ақ//кұ-дық), қыстыгүні (қысты//гү-ні), мал-мүлік (мал//мү-лік),
күп-күрең (күп// кү-рең).
Достарыңызбен бөлісу: |