ІY дәріс. Дауыссыз дыбыстардың емлесі. (1 сағат)
1. Дауыссыз дыбыстар, олардың жасалуы.
2. ь,ъ дыбыстарының емлесі
3. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі.
4. Африкат дыбыстар.
Тірек сөздер: дауыссыз дыбыс, емле, африкат дыбыстар, кірме сөздер,
дәнекер, қосымша.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың да сөз ішінде қолданылуында
өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақтың төл сөздері б, в, г, ғ, д, щ дыбыстарына
аяқталмайды, ң,й дыбыстарынан сөз басталмайды.
1. Орыс тілінен енген сөздерге қосымшаның жіңішке және дәнекер ы, і
арқылы жалғануы .
2. Кірме сөздердің қосарлы дыбыстарға бітіп, қосымша жалғанғанда соңғы
дыбыстардың түсуі. Африкат дыбыстар – ц және ч.
Ф, х әріптері, көбінесе, орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа
тілдерден енген сөздер мен жалқы есімдерде, оның ішінде кісі аттарында
жазылады: фабрика, фонетика, шкаф, шеф, химия, хлор, техника, цех,
Фатима, Фазыл, Фарида, Хамит, Халел, Райхан, Мұхтар, Ахмет. X әрпі араб-
парсы тілдерінен енген бірқатар сөздерде де жазылады: халық, хат, хал, хан,
ханзада, хас ("тән" деген мағынада), хош (иісті), мұхит, сахна, тарих, рухани,
- хана (асхана). В, ч, ц әріптері орыс тілінен енген және орыс тілі арқылы
енген сөздерде ғана жазылады: вагон, велосипед, вокзал, аквариум, цирк, чек,
очерк, диспетчер .-Ов, -ев, -ова, -ева жұрнақтарымен жасалған қазақ
фамилияларында в әрпі жазылады: Асанов, Асанова, Бәйішев, Бәйішева .Щ
әрпі орыс тілінен енген жалпы және жалқы есімдерде, қазақ тілінің ащы,
тұщы, кеще деген түбір сөздерінде ғана жазылады: училище, Щорс, Щедрин.
Әдебиеттер:
1. Уәлиев Н. Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар.
2. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері.Анықтағыш.Алматы 1996.
3. Р.Сыздық..Қазақ тілінің анықтағышы. Алматы, 2000
4. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
5. Уәлиев Н., Алдашева А., Емлесі қиын сөздер. А.,2000.
Cұрақтар:
1. Дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы не білесіз?
2. Қазақ сөздерінің басында жазылмайтын әріптер туралы.
3. Ф,х әріптерінің емлесі туралы не білесіз?
4. Һ әрпіне қатысты емлені айтып беріңіз.
5. Ь,Ъ әріптерінің жазылу орны жөнінде не білесіз?
6. Африкат дыбыстардың емлесі.
7. Щ әрпінің қолданылуы жайында не білесіз?
8. –ов,-ев, -ова,-ева қосымшалары қалай жалғанады?
|