Мақал-мәтелдердің фразеологизмге қатысы.
Мысалы, Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады дегенде құстың ұшып – қонуын ойлаймыз, ең алдымен, адам туралы, күнделікті өмір – тіршілік туралы ойлаймыз.Құсты ұшырып- қондырып тұратын оның қанаты мен құйрығы болса, сол сияқты адам да бірі мен бірі селбесіп, бір – бірінің тілін тауып, бірлесіп, қол ұстасып өмір сүрмесе болмайды деген ойға келеміз. Мақал – мәтелдер жайдан – жай айтылмайды, белгілі мақсатты ойды жүзеге асыру үшін, тыңдаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдер сияқты мақал – мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан, орны бекем болады.
Бұлардың компоненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен өзгертуге келмейді. Сонымен қатар сыртқы түр – тұрпаты жағынан, яғни өзінің семантикасы мен құрылым – құрылысы жағынан мақал –мәтелдердің фразеологизмдерден елеулі өзгешеліктері болады. Фразеологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнде келеді. Ал мақал – мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал – мәтелдер қаншалықты ауыс мағынада айтылғанымен, құрамындағы сөздері өзінің байырғы лексикалық мағыналарынан қол үзіп, онша тасаланбайды.
Сөз саны жағынан мақал – мәтелдерге қарағанда фразеологизмдер өте шектеулі болады. Көпшілігі екі, я үш – төрт сыңарлы болады. Мысалы, қол бала, қолы ұзын, аспанға қолы жеткендей т.б. Мақал мен мәтелдер мән – мағынасымен қатар құрылым – құрылысы жағынан да сан түрлі болатындығы белгілі.Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді. Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел белгілі бір ұғымды жанамалап, меңзеп, тұспалдап атайды.Мысалы, бөрік кигеннің намысы бір; саусақ илікпей, ине ілікпейді; т.б.
Фразеологизмдерге ұйытқы сөздер. (Мысалдармен дәлел жасаңыз)
Тіс сөзіне қатысты фразеологизмдер. Оныц ішінде есім фразеологизмдер: а) сүт тіс,.күрек тіс, қасқа тіс, мандай тіс, ақыл тіс, үры тіс, азу тіс, қой тіс, жылқы (ат) тіс, сиыр тіс, бұзау тіс, ит тіс, сойдақ тіс, қашау тіс, сары тіс, маржан тіс, ұрғашы тіс, еркек тіс (тараққа қатысты) т. б. ә) тіс қаққан, тіске басар тіс гимеген, тісі шыккан, тісі каладаіі, тісі меруерттей т. б. Етігтік фразеологизмдер: тіс жарды, тіс жармады, тісі батпады, тісін басты, тіске басты, тісіи батырды, тісінен шыгармады, тісін қайрады, тісі шықты, тісі тісіне тимеді, тісің барда ысқыр, тіске сыздық етті, тісінің сыздығына сақтады т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |