Тіс-технигінің жұмыс орны. Тіс технигінің пайдаланатын материалдары мен құралдары. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы



бет1/25
Дата12.09.2023
өлшемі75,09 Kb.
#106924
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

  1. Тіс техникалық зертхана жұмысын ұйымдастыру. Тіс-техникалық зертхананың жабдықтары.




  1. Тіс-технигінің жұмыс орны. Тіс технигінің пайдаланатын материалдары мен құралдары. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы.

Тіс-техникалық зертханасында пайдаланатын материалдары мен құрал-саймандар:
Клиникалық зерттеу мен ортопедиялық емдеуге арнайы аспаптар жинағы қолданылыды. Негізгі тексеру құралдар стоматологиялық айна мен зонд болып келеді.
Цементті арсеналда араластыру үшін шпатель қолданады. Балауызбен жұмыс істеу үшін тұтқасы ағаш немесе пластмасадан жасалған шпатель қолданады. Оның бір ұшы скальпель сияқты болады. Ал екіншісі кішкене иілген воскты ерітіге қолданады.
Металмен жұмыс істеуге қайшы қолданады.
Сауыттың припосовкасы үшін штифты дайындауға кламмерлерді бұруға крампонды қысқыштар қолданады.
Сауытты және көпіртәрізді протезді шешу үшін бір жағы тістің айналасын қоршау үшін жартылай сопақша болады, ал екінші жағы сауытты кесуге арналған пышақ түріндегі қысқыш қолданады.
Штифтті дайындау үшін тіс техникалық наковальня қолданылады.
Қалып алу үшін гипті араластыруға резеңке кесе мен металдан жасалған шпатель қолданады.
Металдық және пластикалық шпательдер альгинатты және силиконды модельдің массаның және медициналық ғаныштың қажетті сулы қосындының консистенциясына дейін араластыру, сондай - ақ оларды порционды араластыруға және қалыптық қасыққа алдын ала үйлестіру үшін қолданылады.
Окклюзиялық бақылау жинағы алдыңғы және артқы тістерге арналған окклюзиялық жазықтықты дұрыс анықтауға көмектеседі. Жинақта окклюзиялық жазықтықты анықтауға арналған пластина, альвеолярлы жоталардың қатынасын анықтауға арналған құрал, Mould-Mate құрылғысы және маркер болады.
Артикулятор бұл астыңғы жақ қимылдарын (төмен, жоғары, алға, артқа, сол жаққа, оң жаққа) дәл қайталап беретін аспап. Ортопедиялық стоматологияда бұл аспаптың әмбебап және қолайлы түрлері бар. Әмбебап аспап ғылыми-зерттеу, диагностикалық мақсатта және тіс протездерін құрастыру үшін қолданылады.
Окклюдатор - ол жақ сүйектің гипстегі моделін ашып - жабуға арналған жай аппарат. Толық алмалы-салмалы және жартылай протез тістерін дайындарда пайдаланады.
Шлифмотор бұл әр түрлі материалдарды: металл, нейлон, акрил, пластикті әрлеуге, ұнтақтауға және жылтыратуға қолданылатын стоматологиялық зертханаға арналған жабдық.
Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы:
Тіс технигі адам ағзасына зиянды әсер ететін қышқылдың, бензиннің, негіздің, металметакрилаттың, сынаптың, қорғасыннң булары және тақы көптеген заттармен жұмыс істейді. Протезді өңдеу процесі кезінде металл және пластмассаның майда түйіршіктері адам ағзасында кері әсерін тигізеді.
Тіс техникалық зертханада жұмыс істеу кезінде тыйым салынады:
1)Технологиялық процестерді орындау.
2)Ақауы бар аппараттарда, аспаптарда, жарамсыз құрылғылары бар құрылғыларда жұмыс істеуге.
3)Спиртовка мен газ жанарғыларын, электр желісіне қосылған аппараттарды, аспаптарды, құрылғыларды қараусыз қалдыруға, оларға жақын жерде тез тұтанатын заттарды ұстауға.
4)Препараттарды зақымдалған қаптамада сақтау және қолдану.
5)Сумен жабдықтау, және желдету жүйелері ажыратылған кезде жұмыс істеу.
6)Арнайы киімсіз және сақтандыру құрылғыларынсыз жұмыс істеу.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет