Дәріс Шеңбер мен дөңгелек Жоспар



бет3/6
Дата05.03.2022
өлшемі191,57 Kb.
#27094
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекц 7 геом

Теорема. Кез келген үшбұрышқа іштей шеңбер сызуға болады. Оның центрі үшбұрыштің ішкі бұрыштарының үш биссектрисасының қиылысу нүктесі (ол үшбұрыштың екінші тамаша нүктесі) болады.
Осы дәріс бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.

1. Центрі берілген нүкте болатын неше шеңбер болады?

A) Ешқандай. B) Біреу. C) Екеу. D) Шексіз көп.

2. Бір нүкте арқылы неше шеңбер жүргізуге болады?

A) Біреу. B) Екеу. C) Үшеу. D) Шексіз көп.

3. Екі нүкте арқылы неше шеңбер жүргізуге болады?

A) Ешқандай. B) Біреу. C) Екеу. D) Шексіз көп.

4. Центрі О нүктесі және радиусы R болатын дөңгелектен тыс жататын М нүктесі қандай қатынасты қанағаттандырады?

A) OM R. B) OM > R. C) OM R. D) OM < R.

5. Шеңбердің диаметрі 10 см. Шеңбердің центрінен 3 см қашықтықта болатын түзу осы шеңберге қатысты қалай орналасады?

A) Қиылыспайды. B) Қиылысады. C) Жанасады.

D) Анықталмайды.

6. Шеңбердің диаметрі 8 см. Шеңбердің центрінен 4 см қашықтықта болатын түзуосышеңберг еқатыстықалайорналасады?

A) Қиылыспайды. B) Қиылысады. C) Жанасады. D) Анықталмайды.

7. Шеңбердің диаметрі 6 см. Шеңбердің центрінен 5 см қашықтықта болатын түзу осы шеңберге қатысты қалай орналасады?

A) Ортақ нүктесі жоқ. B) Қиылысады. C) Жанасады. D) Анықталмайды.

8. Екі шеңбердің радиустары 10 см және 15 см. Олардың центрлерінің арақашықтығы 20 см. Осы шеңберлер өзара қалай орналасады?

A) Ортақ нүктесі болмайды. B) Қиылысады.

C) Іштей жанасады. D) Сырттай жанасады.

9. Екі 6 см және 8 см. Олардың центрлерінің арақашықтығы 14 см. Осы шеңберлер өзара қалайорналасады?

A) Ортақ нүктесі болмайды. B) Қиылысады.

C) Іштей жанасады. D) Сырттай жанасады.

10. Екі шеңбердің радиустары 10 см және 20 см. Олардың центрлерінің арақашықтығы 10 см. Осы шеңберлер өзара қалай орналасады?

A) Ортақ нүктесі болмайды. B) Қиылысады.

C) Іштей жанасады. D) Сырттай жанасады.

11. Сәйкесінше центрлері O1, O2 және радиустары R1, R2 болатын екі шеңбер берілген. Олар үшін қандай қатынас орындалады?

A) O1O2 <R1+R2. B) O1O2 = R1+R2. C) O1O2 >R1+R2. D) O1O2 = |R1R2|.

12. Сәйкесінше центрлері O1, O2 және радиустары R1,R2 болатын екі шеңбер іштей жанасады. Олар үшін қандай қатынас орындалады?

A) O1O2 = |R1R2|. B) O1O2 >|R1R2|. C) O1O2<|R1R2|. D) O1O2 = R1+R2.

13. Шеңберден тыс жатқан нүктеден оған екі жанама жүргізілген. Осы нүктеден шеңберге дейінгі ең қысқа қашықтық шеңбердің радиусына тең. Жанамалардың арасындағы бұрышты табыңдар.

A) 30о. B) 45о. C) 60о. D) 120о.

14. Шеңбердегі нүктеден екі хорда жүргізілген, олардың әрқайсысы шеңбердің радиусына тең. Хордалардың арасындағы бұрышты табыңдар.

A) 30о. B) 45о. C) 90о. D) 120о.

15. Берілген нүктеден шеңберге жүргізілген жанамалар өзара 60о бұрыш жасайды. Берілген нүктемен шеңбердің центріне дейінгі қашықтық 24 см. Радиусын табыңдар.

A) 6 см. B) 8 см. C) 12 см. D) 24 см.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет