Аудан ұғымы
2. Үшбұрыштың ауданы.
3. Төртбұрыштың ауданы. Дөңгелектің ауданы.
Aудан (геометриялық мағынада), S - геoметриялық пішіннің екі өлшемді кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама. Aудан - геометриялық пішіндерге байланысты негізгі шамалардың бірі болып табылады. Қарапайым жағдайда аудан пішін ішіне сиятын бірлік квадраттардың санымен өлшенеді. Ауданды жобалап өлшеу үшін планиметр құралын қолданады.
Ауданы тең пішіндерді тең шамалы пішіндер деп атайды.
Аксиомалар
Тең фигуралардың аудандары да тең.
Егер фигура қандай да бір сызықпен екі басқа фигураларға бөлінсе, онда берілген фигураның ауданы осы бөліктердің аудандарының қосындысына тең.
Қабырғасы бір өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы 1-ге тең.
Аудан анықтамасы
Берілген жиын егер Жордан ішкі өлшемі сыртқы өлшеміне тең болса Жордан бойынша өлшемді болып табылады
Аудан — келесі қасиеттері орындалатын функция:
Аудан оң, яғни аудан теріс бола алмайды;
Аддитивті шама, яғни пішін ауданы осы пішінді құрайтын бөлшектер аудандарының қосындысына тең;
Инварианттілік, конгруэнтті пішіндердің аудандары тең;
Нормаланған, яғни бірлік квадраттың ауданы 1-ге тең.
Осы анықтамадан ауданның өспелілігі шығады, яғни пішін бөлігінің ауданы толық пішін ауданынан аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |