Дәріс Сөз мәдениетінің теориялық негізі


Дәріс 15. Сөз мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері



бет5/5
Дата19.10.2022
өлшемі22,11 Kb.
#44069
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сөз мәдениеті және оқыту. Дәріс тезистері 2022

Дәріс 15. Сөз мәдениетінің лингвоэкологиялық аспектілері. Сөз мәдениетіндегі экологиялық мәселелер. Сөз экологиясы.
Сөз экологиясының басты мәселесін З.Қабдоловтың мына сөзінен аңғаруға болады: «Ана тілін білу, бәрінен бұрын, адам қоғамын сол кемтарлықтан – рух жетімдігінен, мәңгүрттіктен емдеу, тазарту» «Ана тілі, 11 маусым, 2000 ж.» деген еді. Қабдоловтың осы сөзі лингвистикалық экологияның бүгінгі күні уақытта өзектілігін жояды? Мемлекеттік тілге қысым көрсетілмегенде, ұлт тілінің мемлекетттік статусы толық сақталғанда, ұлттық тілге қоғамдағы әлеуметтік топтардың саналы көзқарасы толық орныққанда жойылады.
Сөз экологиясы дегеніміз ойлау- сөйлеу мәдениеті, сөйлеу тәртібі, лингвистикалық дәстүрге тәрбиелеу, ұлттық тілді қорғау және тазалау, ұлттық тілді меңгеру, сөз сапасын арттыру, функционалды стильдердегі баланстарды сақтау, сөз этикасының жолдарын білу, ана тілді сүюге әрекетті түрде тәрбиелеу, туған тілдің өткені мен бүгінгісін, ертеңгісін қамқорлық жасау деген ұғым түсініктерді қамту.
Экология терминін алғаш рет 1886 жылы дарвинист ғалым Эрнст Геккель ұсынған болатын. Ол экологияны организмнің қоршаған ортамен байланысын оқып үйрететін ғылым ретінде тану керектігін анықтаған еді, бертін келе бұл терминнің концептуалдық мәні кеңейді, сөз экологиясының мәселелерін анықтап, түсіндіруге ықпал етті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет