Дәріс Сөз мәдениетінің теориялық негізі


Шаршысөз мәдениеті. Коммуникативтік тұлға, тілдік тұлға



бет3/5
Дата19.10.2022
өлшемі22,11 Kb.
#44069
1   2   3   4   5
8.Шаршысөз мәдениеті. Коммуникативтік тұлға, тілдік тұлға.
Публицистикалық стильде де екі жақтың да қоспасы бар: стильдің жанры әралуан болғандықтан, онда ақпарат тасушы және экспрессивтілікке ие құралдар бірлікте қолданылады. Газет тілінде әбден тұрақталған, құрылымдар да орын алады. Көркем сөз стилінің өте кең, көркем әдебиет тіліне жазбаша және ауызша тілдік құралдардың бірігуі тән. КШ жазушының өзіндік дүниетанымы, көзқарасы бейнеленеді, шығарманың жанрлық тақырыптық ерекшеліктері көрініс табады. Жазушының стильдік даралығы, қайталанбас сөз қолданысы бейнеленеді.
Дәріс 8. Шаршысөз мәдениеті. Көпшілік алдында сөйлеу әдебі мен тілдік нормалары. Сөйлеу – әрекет. Сөйлеу арқылы қарым-қатынас қалыптасады. Қарым-қатынас – әрекеттің бір түрі. Сөйлесу, өзара түсінісумен байланысты «норма» ұғымы қалыптасады. «Норма» ұғымы екі түрлі мәнде қолданылады. Тілдегі ғылыми түрде анықталған, кодификацияланған норма, сөйлеу тілінің қозғалысты, субъективті сипатымен байланысты сөйлеу нормасы.
Ауызша сөздің қолданылатын орындары және коммуникативтік сапасы.Сөздің күші, сөздің әлеуметтік мәні, эстетикалық мәні, функционалды көп қырлылығы, шынайылығы, рухани мәні, эстетикалық көркемдігі, әлеуметтік қуаты, сөз сарасы, сөз жақсысы, сөзі тәтті, ақылға қонымдылығы, сөздің стилистикалық бағалау категориясы.
Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасын оқыту. Стилистикалық норма. Оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды стильдік жіктеліс тән. Әдеби норма жалпы және жеке, функционалды стилистикалық нормаға ажыратылады. Жалпы норма тұтастай әдеби тілге тән, барлық функционалды стильдік тармақтарына ортақ. Жалпы норма тілдік деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. Жеке норма стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарды қамтиды.
Дәріс 9-10. Көркем дискурс және сөз мәдениеті
Әдеби тілдің нормаларын кодификациялаудың негіздері. Әдеби тілдің лексика-фразеологиялық нормасы. . «Көркем әдебиет тілін зерттеудің негізгі мұраты –тілдің өзін емес, оның мүмкіншілігін көрсету», –дейді Р.Сыздық. Көркем әдебиет тілінің ұлттық мәдениетімізде алатын орны, оның қолданылу заңдылықтары, бүгінгі күй-қалпы деген мәселелер сөз мәдениетін қалыптастыруда ерекше. Көркем сөз стилі тілдік құралдарының стилистикалық бояуы өте кең, бай және әртүрлі. Көркемдік мақсатқа барлық тілдік құралдар қызмет етеді. Публицистикалық стил де стилистикалық бояуға ие тілдік құралдармен ерекшеленеді. Олардың арақатынасы шығарманың жанры мен стиліне байланысты. Егер очерк жанры болса, көркем стильге жақын болады, ақпараттық мақала іс қағаздар стиліне жақын. Ғылыми стильдің басты және тұрақты белгісі терминдердің көп қолданылуы болса, бейнелілік көркем сөздің басты белгісі.
Көркем сөз стиліндегі дәлдікті ісқағаздар стиліндегі дәлдікпен бірдей емес. Көркем сөздегі дәлдік образды бейнелеудегі дәлдік, бұл тұста ол шеберлікпен астасып жатады. Көркем сөздің бейнелілігі эстетикалық сипаттағы, дараланған, ешқашан қайталанбас нақты бейнелілік. Ғылыми танымға да бейнелілік тән, бейнелі ойлау ғылыми шығармашылықтың айнымас қасиеті. Алайда көркем сөздегі бейнеліліктен ерекшелігі ол типтенген, жалпыланған, дерексізденген сипатқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет