Дәріс тақырыбы. Бағдарламалау тілдері және алгоритм ұғымына кіріспе. Дәріс жоспары


Алгоритмдік тіл және оның жалпы ережесі



бет4/4
Дата18.11.2022
өлшемі34,89 Kb.
#51132
түріПрограмма
1   2   3   4
Алгоритмдік тіл және оның жалпы ережесі
Алгоритмдік тіл деп - орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөдерін пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады.
Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады




1. – сурет Программаны орындау кезеңдері

Алгоритмдік және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада (компьютерде) орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш (аудармашы) программалар болуы керек, оларды трансляторлар деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.


Интерпретатор – берілген программаның әрбір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор.
Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің қалауымыз бойынша орындайды.
Ассемблер – тек автокад түрінде, яғни ассемблер тілінде жазылған программаларды ғана машина тіліне аударады.


Негізгі әдебиеттер тізімі
1. Қойбағарова Т. Қ. Turbo Pascal программалау тілі: оқу құралы. - Павлодар, 2012
2. Көксеген Ә. Е. Алгоритмдеу және программалау тілдері: оқулық. - Алматы, 2011
3. Шайқұлова А. Ә. Бағдарламалық жасақтаманың қазіргі заманғы жабдықтары: оқулық. Астана, 2010

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет