2. Бұлшық ет күшінің физиологялық сипаттамасы.
Күш дегеніміз ағзаның сыртқы кедергіні жеңе алу қабілеті немесе оның бұлшық ет ширығуына қарсы тұруы.
Күштің түрлері. Максимальды күш (МК)лабораториялық жағдайда бұлшық етке электрлік әсер бергенде анықталады. Максимальды ерікті күш (МЕК) бұлшық еттердің ерікті жиырылуы кезіндегі изометрлік жағдайда анықталады.
Күш тапшылығы (КТ) дегеніміз жүйке-бұлшық ет аппаратының бағдарлы қабілетінің деңгейінің көрсеткіші: КТ═МК-МЕК
Абсолютті күш (АК): АК═МЕК/S, мұндағы S- бұлшық ет талшығының физиологиялық көлденеңі (кг/см2). Бұлшық еттің физиологиялық көлденеңі – Берліген бұлшық еттің барлық талшықтары өтетін көлденең кесіндінің ауданының мөлшері (см2).
Салыстырмалы күш (СК): СК═МЕК/S, мұндағы S – анатомиялық көлденең (кг/см2). Анатомиялық көлденең бұлшық еттің ұзындығына перпендикулярлы жүргізілген көлденең кесіндісі. Спорттық тәжірибеде салыстырмалы күшті МЕК спортшының саламағын қатысы ретінде анықталады.
Статикалық күш изометрлік жағдайда анықталады.
Днамикалық күш динамикалық жұмыс кезінде айқындалады. Динамикалық күштің бір түрі – жарылыс күші. Шапшаңдықты-күшті жаттығулардағы (секірулер, лақтырулар) жетістік осы күштің дамуына байланысты.
Бұлшық ет күші күші тәуелді физиологиялық факторларды үш топқа бөлуге болады: 1) бұлшық ет ішілік факторлар; 2) жүйкелік реттелу ерекшеліктері; 3) психологиялық-физиологиялық механизмдер.
Бұлшық ет ішілік факторлар: 1) бұлшық еттің физиологиялық көлденеңі;
2) бұлшық еттің құрамы (бұлшық ет талшықтарының үйлесімділігі); 3) бұлшық еттердің миофибрилді гипертрофиясы.
Жүйкелік реттелу: 1) жұлынның мотонейрондарынан қаңқа бұлшық еттеріне келіп түсетін жүйке импульстерінің жиілігінің артуы; 2) қызметке қатысатын қимыл бірліктерінің мөлшерінің артуы; 3) Бұлшық ет бағдары.
Психологиялық-физиологиялық механизмдер:1) функционалді күй (сергектік, ұйқы басуы, шаршау), 2) мотивацияның және эмоцияның әсері; 3) симпатикалық және гормоналді әсерлер.