Дәріс тақырыбы: «Дәрістің тақырыбы: Спортшынылардың шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық негіздері.»
Құрастырушы: Р.Б. Лесбекова Дәрістің мақсаты: Дене жаттығуларынан кейінгі шаршаудың және қалпына келудің физиологиялық механизмдерін зерттеу.
Дәріс жоспары 1. Шаршау түсінігінің анықтамасы. Шаршау түрлері.
2. Шаршаудың қалыптасуының теориясы.
3. Шаршаудың орнығуы.
4. Әртүрлі дене жүктемелерінен кейінгі шаршаудың ерекшеліктері.
5. Шаршаудың биологиялық маңызы.
6. Бұлшық ет қызметінен кейінгі қалпына келу процестерінің физиологиялық сипаттамасы.
7. Қалпына келу процесінің физиологиялық заңдылықтары.
8. Әртүрлі қуатты жұмыстардан кейінгі қалпына келу.
9. Қалпына келу процесін жеделдету әдістері.
1. Шаршау түсінігінің анықтамасы. Щаршаудың түрлері. Шаршау – атқарылған жұмыстың нәтижесінде уақытша туындайтын және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуімен сиптталатын ағзаның физиологиялық күйі. Шаршау қажу сезімінен туындайды.
Шаршаудың бірнеше түрлері бар: ақыл-ой, талдағыштар, дене шаршауы және эмоциялық шаршау.
Сондай-ақ, тез шаршау бар, бұл кезде берілген жүктеме ағзаның жұмысқа қабілеттілігінен артып кетеді және созылмалы, бұл ұзақ уақыт қалпына келмеуден туындайды.
2. Шаршаудың қалыптасу теориясы Қазіргі уақытта шаршаудың механизмдерін түсіндіретін бірнеше теориялар бар. Оларға – бұлшық еттердегі қуат көздерінің таусылу (Шифф,1868) теориясы, бұлшық еттерде зал алмасудың соңғы өнімдерінің жинақталу (Пфлюгер,182) теориясы, метабоилттермен улану (Вейхард,1902) теориясы, тұншығу - оттегінің жетіспеуі нәтижесінде (Фервон,1903) және кеңестер одағы елдерінде кеңінен таралған –И.М.Сеченовтың (1903) жасағн және А.А.Ухтомскимен толықтырған шаршаудың орталық жүйкелік теориясы.
Бірақ, қазіргі кездегі әдістер шаршаудың қандай да бір мүшелердегі немесе мүшелер жүйесіндегі, нақты жүйке жүйесіндегі өзгерістерге қатысты себептерін анықтай алмайды.Шаршау, біріншіден, көптеген мүшелердегі және мүшелер жүйесіндегі функционалді өзгерістердің дамуымен, екіншіден, қызметінің төмендеуі қандай да бір дене жүктемелерін орындау кезінде байқалатын мүшелер мен жүйелер қызметінің әртүрлі үйлесімділігімен байланысты.