Байланысты: Дәріс тақырыбы Физика тарихы курсына кіріспе-emirsaba.org (1)
Эксперименталдық (тәжірибелік) физиканың алғашқы жетістіктері XVI жүзжылдықтың қырықыншы жылдарынан бастап, XVII жүзжылдықтың қырқыншы жылдырына дейін (Коперниктен Галилейге дейін) ортағасырлық дүниетаным мен ғылымның жаңа дүниетаныммен ауысудың қиын революциялық үдерісі өтіп жатты.
Эксперименталдық және математикалық әдістердің жетістіктері ең алдымен механикада байқалды. Енді Леонардо да Винчи механиканың статистикалық және динамикалық есептеріне жаңаша көзбен қарады. Галилейдің досы Гвидо Убальдо дель Монте статика бойынша 1577 жылы шығармасын басып шығарды. Убальдо ғылымға «момент» ұғымын енгізді. Гвидо Убальдо рычаг тепе-теңдігі үшін күш мәні мен тіреу нүктесінен күш сызықтарына түсірілген перпендикулярдың ұзындығы маңызды.
Статистикалық мәселелерге жаңа әдісті «Начала статики» (Статика бастауы) атты голландтық инженер мен математик Симон Стевиннің классикалық еңбегінен таба аламыз. Стевиндегі математикалық әдіс тәжірибемен және техникалық практикамен сәйкес келеді. Стевин мәңгі қозғалысты мүмкін емес деп санайды.
№10 дәріс
Дәріс тақырыбы: Ньютон дәуірі
1. Исаак Ньютон.
2. Ньютонның ғылыми шығармашылығы.
Исаак Ньютон Физика тарихы ұлы есімдерге бай. Сол есімдердің бірі – ағылшын физигі, математик Исаак Ньютон (12-сурет). Оның шығармашылығы – адамзат ойының ғылыми шыңы еді. Біз оның бойынан физик-теоретик және эксперимент шеберін көре аламыз. Ол классикалық механиканың негізін салушы, ғылыми бағдарламалар авторы, сол бағдарламалар арқасында XVIII-XIX ғғ. физика дамыды.
Исаак Ньютон 4 қаңтарда 1643 жылы Линкольширде Вулсторп ауылында фермер жанұясында дүниеге келген. Әкесі Исаак дүниеге келмей өмірден өткен, ол 12 жасына дейін апасының тәрбиесінде болған. Ол кедейленген дворяндықтардың ұрпағы. Ньютонның жақын туған туыстары – шіркеу қызметкерлері, дәрігерлер отбасы, дәріханашы, фермерлер болды.
Ньютон оқуды, жазуды, санауды ауылдық мектепте үйренді. Кейіннен оны анасы Грэнтемдағы королевалық мектепке оқуға жібереді. Ньютонның әкесі ерте қаза тапқандықтан, анасы көрші қаланың шіркеу қызметкеріне күйеуге шығып, сол қалаға кетеді. Ньютонды Вулсторптағы апасының қолына қалтырады.
1656 жылы Ньютонның анасы тағыда жесір қалғандықтан, 1658 жылы үй шаруашылығына көмектесу үшін Ньютон Вульсторпқа қайтып келеді, бірақ үй шаруашылығына селқос қарайды.
Бір күні Ньютонның шіркеуде істейтін ғалым ағасы Эйскоу, жас Ньютонның аулада терең ойға батып, математикалық есептер шығарып отырғанын көрген. Ньютон қиын механикалық ойыншықтар, су диірменінің моделін, самокатты, су және күн сағаттарын құрастыруды ұнатқан.
Ньютонның өзінің айтуы бойынша, оның бірінші физикалық эксперименті 36 жасында жасалған.
Тәжірибенің жасалуы: ол дауыл кезіндегі желдің күшін анықтамақшы болып, желге қарсы секіреді. Сол секірген кездегі өзінің секіру ұзақтығын өлшеу арқылы желдің күшін анықтаған.
Әрине, жас Ньютонның ғылымға деген ынтасы көрінбей қалған жоқ. 1660 жылы 18 жасар Ньютон қайтадан Грэнтем мектебіне оқуға барады және Кембридж университетіне түсуге қатты дайындалады. 1661 жылы мектепті аяқтап Кембридж университетіне түседі. Ол екі жылдың ішінде арифметиканы, Эвклид бойынша геометрияны, тригонометрияны, діни ілімдерді және ежелгі тілдерді оқып үйренеді. Сол кезде Коперниктің жүйесімен танысады.
Ол Грантэма мектебінде оқып, одан соң Қасиетті Троиц (Тринити колледжі) колледжіне түсті.
Ол уақытта ағылшын университетінде жабық колледж қоғамы болды, яғни соның ішінде оқыды, тұрды және жұмыс істеген. Нашар тұратындар – сабсайзерлер деп аталды. Олар төлеуге шамалары келмегендіктен колледждің басқа студенттеріне қызмет еткен. 1661 ж. Ньютон университетке сабсайзер ретінде қабылданды.
Ньютонның оқытушысы профессор Исаак Барроу болды. Барроудың оптикадан берген дәрістері Ньютонды қызықтырды. Ол екеуі өте жақын достарға айналды.
1665 ж. И. Ньютон бакалавр дәрежесін, ал 1668 ж. магистр дәрежесін алды. Осы жылдары «оба» ауруы басталған еді. Адамдардың барлығы жан-жаққа кете бастады. Ал Ньютон Вулсторптағы үйде ешқайда шықпай жоғарғы белсенділікпен жұмыс істейді. Осы оба жалдарында Ньютонның ұлы ашулары пайда болды.
1669 ж. И. Барроу теологиямен айналысып кеткеннен кейін өзінің Лукасовский кафедрасын өзінің шәкірті Ньютонға тапсырады. Осы уақыттан бастап И. Ньютон көп жылдар бойы Кембридж университетінде профессор болып оптикадан дәрістер оқиды.
Ньютонның ғылыми жолы шағылатын телескопты ойлап шығаруынан басталды. 1668 ж. жасалған бұл телескоп Ньютонды физик ретінде елге танытты. Осыдан кейін Ньютонды Лондон корольдар қоғамына мүше етіп қабылдайды.