Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет15/54
Дата17.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#117080
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Физика тарихы курсына кіріспе-emirsaba.org (1)

2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет.
Декарттың рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін» (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтын нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылы қабылданады. Тәжірибелік жаратылыстанудың пайда болу кезеңі XV ғ. басы мен XVII ғ. бірініші жартысы аралығында болды.
Ғылымның жаңа әдістемесі мен жаңа ұйымы
XVII жүзжылдықтың басында физиканың жылдам дамуына дайындық жолға қойылды. Бұл дайындықтың астарында университеттерде беріліп жүрген физиканың техникалық және географиялық ашылулар нәтижесінде пайда болған құбылыстарды түсіндіруге жағдайы келмеді. Алға қарай жылжу антикалық ғылымның мұраларына жүгіну аздық етті. Университеттерде басым болып тұрған Аристотельдің алдында бас имей ары қарай жүру мүмкін болмады. Коперник, Бруно, Галилей әрқайсысы өз алдына аристотельдік дәстүрмен күреске түсті. Бұл істі ары қарай олардың жақтастары мен мирасқорлары жалғастырды.
Галилей жақтаушыларының бірі ағылшын мемлекеттік қайраткері және философы Френсис Бэкон болды. Мемлекеттік жұмыстар Бэконның ғылыми прогресс жайлы ойлауына кедергі болмады. Ол «Великое восстановление» (Ұлы қалпына келу) атты кең ауқымды шығармасын жазуды ойлады. Бірақ оның 1620 жылы жарық көрген «Жаңа органон» деген атпен бір бөлімін ғана жазып үлгерді. Бұл шығармасында Бэкон университеттегі ғылымның қараусыз қалған күйін жазды.
Бэкон өз заманындағы ғалымдарды 2 топқа бөлген: эмпириктер мен догматтар. Эмпириктер, құмырсқаларға ұқсас, өздерінің құмырсқалық үймелеріне барлық мүмкін мәліметтерді тасиды, догматтар өрмекші секілді, өздерінен мата тоқиды. Бэконның ойынша, ғылымда ара сияқты жұмыс жасау керек: материалдарды сыртқы әлемнен алып, оны рационалды түрлендіру қажет.
Бэкон әдісінің негізінде тәжірибе жатыр. Ғылым жеке факттерден жалпыға көше отырып, индукция әдісі арқылы тәжірибеге, практикаға сүйеніп қорытынды жасауы қажет. Бұл қорытулар тағы да тәжірибемен және практикамен тексеріледі.
Жаратылыстану ғылымының дамуында индуктивті әдіс үлкен рөл атқарды. Ұзақ уақыт бойы жаратылыстану ғылымдары: физика, химия, астрономияны – индуктивті ғылымдар деп атап, оларды гуманитарлық ғылымдар мен таза математикаға қарсы қойды.
Бэкон ғылымды және ғылым орындарының ұйымдарын қаржыландыру керек екенін жақсы түсінді. Шын мәнінде ғылым дамуының қажеттігі өмірге жаңа ғылыми ұйымдар мен академияның келуіне себеп болды. Осындай алғашқы академияның бірі – Флорентийстік тәжірибе академиясы – 1657 жылы Флоренция қаласында Галилейдің оқушылары мен ізбасарлары құрды.
Флоренциядан бұрын 1645 жылдан бастап Лондонда жаратылыстану ғылымдарының әуесқой үйірмелері ашыла бастаған. Сол жылдары Англияда азаматтық соғыс болып жатқан, үйірмеге қатысушылар екіге бөлінді: біреулері Лондонда қалса, енді біреулері Оксфордқа жиналды. Қайта қалпына келтіру барысында үйірме Лондонда 1660 жылы 28 қарашада Лондондық корольдік ұйым ретінде қайта құрылды. Ол қазір де Англияның жоғары ғылыми ордасы (Ағылшын ғылым Академиясы) болып саналады.
Ғылымның дамуы ғылыми ақпараттардың да дамуын талап етті. Мұндай ақпараттардың қарапайым формалары жеке тілдесулер және хат жазулар (және кітаптар) болды. Галилей дәуірінде Мерсенн атты ғалым монах өмір сүрді. Ол акустика саласындағы жаңалықтарымен танылған. Бірақ оның өміріндегі ең басты істерінің бірі хат жазу арқылы ғалымдардың ғылыми ақпараттарын ұйымдастыруы болды. Ол өз заманындағы барлық жетекші ғалымдармен хат жазысып тұрған. Мерсенді журнал – адам деп атаған. Бірақ ғылыми журналадар пайда болған кезде Мерсенн өмірден өтті. 1665 жылдан бастап Лондон Корольдік қоғамының (Philosophical Transaction), одан кейін Париж ғылым Академиясының еңбектері шыға бастады. 1682 жылдан бастап Лейпцигте «Acta Eruditorum» ғылыми журналы шыға бастады.
Заманауи ғылымда индуктивті әдіспен қатар дедуктивті әдіс те кең қолданыс тапты. Дедукция әдісінің негізін француз философы Рене Декарт (1596-1650) қалаған. Ол бұл әдісін 1637 жылы жарыққа шыққан «Рассуждение о методе» (Әдіс жайлы пайымдау) кітабында жазады.
XVII ғасырда физиканың негізгі проблемасы қозғалыс заңдары болды. Математиканы қозғалысқа қалай қолдануға болады? Декарт математикаға ауыспалы шамаларды енгізді. Ол аналитикалық геометрияның негізін қалаған.
1664 жылы Декарт «Начало философии» (Философияның бастауы) атты ауқымды шығармасын басып шығарды. Бұл шығармасында Декарт құдайдың және құдай қалаған сыртқы әлемнің бар екендігін жазады.
Декарт бойынша бөлшектердің үш түрі бар: жер бөлшектері, ауаның және оттың бөлшектері. Ең үлкен бөлшектер – жер бөлшектері. Декарт физикасында күштерге орын жоқ. Әлемнің барлық құбылыстары қозғалыстарға және бір-біріне жанасқан бөлшектердің әрекеттесуіне алып барады. Мұндай физикалық көзқарастар ғылым тарихында картезиандық, латын тілінде айтқанда Декарт-Картезий көзқарасы деген атау алған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет