Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет5/54
Дата17.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#117080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Платон Академиясы және Аристотель ликейі (лицейі) қазіргі жоғарғы оқу орындарының алғашқы үлгісі болды. «Көру теориясы» Аристотельдің еңбектерінің маңыздысы болды. Ежелгі Грпецияда бірте-бірте инженерлер, дәрігерлер, математиктер, географтар және тарихшылар сияқты мамандар пайда бола бастады. Александр музейі сияқты ғылыми зерттеу институттары пайда бола бастады. Сонымен бірге ғылыми шығармалар, лекциялар, диспуттар және ғалымдардың хат алмасулары сияқты ғылыми информация пайда болды.
Демек, Ежелгі Грецияда жүйелі ғылыми зерттеулер, ғылыми сабақ берулер, маман-ғалымдар және ғылыми информация пайда болды . Ежелгі Греция ғылым тарихының отаны болды. Ежелгі грек ғалымдарының көптеген жетістіктері туралы мәліметтер басқа ғалымдардың шығармалары және грек ғылыми тарихшылары еңбектері арқылы келіп жетті.
Грек ғылымының шығу кезеңін әдетте Кіші Азиядағы қалалардың өркендеу тұсына жатқызады (б.э.д. VII-VI ғ.). Ол кезең саяси және экономикалық өмірдің даму кезінде, халықтың (демос) аристократтарға қарсы күресінің бұрқыраған кезінде, Шығыс елдерінен сауда жолдарында пайда болды. Қоғамдық динамикалық жағдай, қоғамдық өмірдегі жылдам өзгерістер қоршап тұрған дүние туралы көзқарастарға әсер етті. Эфестен шыққан философ Гераклит “Бәрі өтеді, кетеді”, “Бір өзенге екі рет сүңгу мүмкін емес” деп айтты (530-470 ж.).
Милеттен шыққан Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық заттардың материалдық негізі бар екендігін, олардың сол алғашқы негізден дамитындығы туралы ой қозғады. Мысалы, Фалес ондай негіз су, Анаксимандр анықталмаған бастама “апейрон” (Апейрон әлемнің негізі болып табылады және мәңгілік қозғалыста болатын белгісіз, шексіз бастапқы зат), Анаксимен ауа деп, Гераклит алғашқы бастаманы от деп есептеді. Анаксагор айды, күнді және жұлдыздарды қатып қалған тастар деп санады. Ол барлық зат ұсақ бөлшектерден тұрады деп айтқан. Грек ғалымы Эпикур «Заттың табиғаты жайлы» поэманы жазды.
Пифагоршылар Жердің шар тәрізді екендігі туралы көзқарас енгізді. Олар пироцентрлік жүйе деп аталатын жүйе негізді, онда Жер, Күн, Ай және планеталар орталық оттың айналысында қозғалады.
Кейіннен Сомостық Аристарх орталық отты алып тастап, Әлемнің ортасына Күнді қойып, гелиоцентрлік жүйенің алғашқы моделін ұсынды.
№4 дәріс Дәріс тақырыбы: Ежелгі Физика (жалғасы)
Дәріс жоспары
1. Антикалық ғылымның бастапқы кезеңі
2. Атомистиканың пайда болуы
3. Аристотель
4. Архимед


Антикалық ғылымның бастапқы кезеңі
Ежелгі философия-Ежелгі Греция мен Римде б. з. д. 6- ғасырдан б. э. 6-ғасырына дейінгі кезеңде пайда болған философиялық ілімдердің жиынтығы антикалық ғылым деп аталады. Ертедегі Шығыстың ғылымға қосқан үлкен үлестеріне қарамастан, заманауи ғылымның түпнұсқасы Ежелгі Грекия болды. Дәл осы жерде әлем туралы ұғымды дамытатын теориялық ғылым пайда болды.

Сонымен, Ежелгі Грекияда жүйелі ғылыми зерттеулер, ғылыми білім беру, ғалым – мамандар мен ғылыми ақпараттар пайда болды.


Грекиялық ғылым қарқынды политехникалық және экономикалық өмір ахуалында туындады. Ол Шығыс елінен келе жатқан сауда жолдарынан шыққан.
Грек ғылымының негізін салушы Фалес Милетский (шамамен б.э.д. 624-547 ж.ж.) және басқа да Ионийстік мектептің өкілдері: Анаксимандр (шамамен б.э.д. 610-546 ж.ж.), Анаксимен (шамамен б.э.д. 585-525 ж.ж.) барлық заттардың материалдық негізі жайлы және барлық заттар осы негізден дамитыны жайлы идеяны ұсынған. Фалес мұндай негізді су деп санаса, Анаксимандр – «апейрон», Анаксимен – ауа деп санады. Сонымен, әлемді ештеңеден құдіретті күшпен жасау жайлы діни ұсыныстарға қарсы грек ойшылдары мәңгілік идеяларын, диалектикалық даму идеясын және әлемнің жасалмайтынын ұсынды.
Иоництердің материалистік түсініктерімен қатар философияда Пифагор (шамамен б.э.д. 580-500 ж.ж.) және оның шәкірттері дамытқан идеалистік бағыт пайда болды. Пифагордың жеке тұлғасын аңыздар тұманы басқан. Көптеген ғылымның және философияның тарихшылары Пифагорды аңыз адам деп санаған. Бірақ дәл сол Пифагор жайлы биографиялық жинақтар жеткілікті көлемде сақталған. Пифагор аристократиялық әулеттен шыққан, өзінің шыққан тегін мифтік Гераклдан алған. Ол Самос аралының тұрғыны, аристократтардың саяси күресіне және аристократия жағындағы демократияға қатысқан. Сосын ол Италияға қашып кетіп, сол жақта құпия одақ құрған. Саяси күресте одақ құлатылып, ал Пифагор қуғында жүріп өмірден өткен. Бірақ пифагорлық мектеп өзі қайтыс болған соң да өз жұмысын жалғастыра берді. Филолая, Сократ, Аристарх және Самосскийдің есімдері мектеппен байланысты.
Пифагор философиясының орталық пункті – әлемді басқаратын сияқты сандардың құдіретті рөлі жайлы оқыту болды. Олар кез келген затты, әлемдегі кез келген құбылысты сандармен түсіндіруге болады деп жорамалдады. Әрине пифагорлықтардың сандық көзқарастарының маңызы жайлы идеясында табиғатта рационалдық дән бар: сандық талдау, математикалық қатынастар табиғатты сипаттаудың ғылыми негізін құрайды. Пифагорлықтардың маңызды сіңірген еңбектерінің бірі – Жердің шар тәріздес екендігін және оның қозғалысын ұсынғандықтары болды.
Сонымен, ғылым дамуының алғашқы кезеңінде – ақ әлемнің құрылуы мен шығуы жайлы, қозғалыстың себебі жайлы, табиғаттағы сандық көзқарастардың (қатынастардың) рөлі жайлы терең сұрақтар қойылды. Осы сұрақтарға жауап беру мақсатында ертедегі ғалымдар табиғаттың теориялық талдауларына, әлемнің ғылыми көрінісінің дамуына негіз салды. Бұл алғашқы әрекеттерде көп аңғырттық, қияли өтіріктер болды және де ғылыми болжамды тексеру болмады және тәжірибелер мен математикалық талдауларды ұсыну болған жоқ. Бірақ материяның мәңгілік екендігі жайлы, жаратылыстанудың себебінен әлемнің дамуы жайлы нақты идеялар айтылған және Ғаламның алғашқы үлгілері жасалды. Әлемнің пайда болуы, құрылуы жайлы діни және мифтік ұсыныстардың орнына ғылым келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет