Дәріс тақырыбы: Физика тарихы курсына кіріспе



бет6/54
Дата17.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#117080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Атомистиканың пайда болуы.
Атомистика кез келген нысанда ең алдымен әлемнің микроқұрылымының теориясы яғни қандай құрылымдық элементтер және заттардың қалай құралғаны туралы ілім.

Ежелгі гректердің азапты ойлары Ғалам құрылған элементтердің тұжырымдамасын алдыңғы қатарға шығарды. Бұл тұжырымдаманы алғаш Эмпидокл (шамамен б.з.д. 490-430 ж.ж.) ұсынды, ол Сицилия аралындағы Акрагант қаласында тұрған. Эмпидокл төрт нақты элементтерді жорамалдады, дәлірек айтсақ: от, ауа, су және жер. Бұл элементтер өмірлік болып тұрып, біріктіру және бөлу жолдары арқылы олар саны мен шамасы жағынан өзгереді. Эмпидокл бойынша заттардың алуан түрлілігі төрт түрлі элементтің үйлесуінен сәйкестендірілген, ал табиғаттағы өзгерістердің себебін өзіне тартатын және өзінен кері итеретін күштердің әрекеті деп санады, Эмпидокл мұндай әрекеттерді - Махаббат пен Өшпенділік деп атаған. Эмпидокл сақталудың жалпы бастауын нақтылықпен орнатты. «Ешнәрсе ештеңеден пайда болмайды және ол еш себепсіз жоғалып кетпейді». Қазіргі физикада іргелі рөл ойнайтын сақталу заңдарының тарихы Эмпидоклдың осы тұжырымдамасынан бастау алған.


Б.з.д. V ғасырдан бастап грек ғылымы орталығы Афиныға көшті. Мұнда алғашқы ғылыми мектептер, даналық ұстаздары пай болды. Афиныда өнер мен әдебиет жоғары дәрежеге жетті. Перикл дәуірінде атақты Акрополь құрылды, әйгілі мүсінші Фидиенің басшылығымен мүсіндер тұрғызылды, грек драматургі Софокл трагедиялар жазды және осы трагедиялар грек театрларының сахналарында қойылды, Аристофон ойдан комедиялар жазды. Грек ғылымының көрнекті өкілдері Афиныға келді. Математик Геппократ, философ, әрі физик Анаксагор (шамамен б.з.д. 500-420 ж.ж.) осында оқыған.
Египеттіктер және гректер ғажайып табиғатты Ай, Күн, планеталар мен жұлдыздар деп есептеді, ал Анаксагор Афиныдан қуылып, өмірі Кіші Азияда аяқталды.
Анаксагор атомистиканың негізін қалаушылар Ливкипп пен Демокриттің (шамамен б.з.д. 460-370ж.ж.) замандасы болған.
Барлық денелер Жеке бөлшектер – атомдардан тұрады деген ілім Ежелгі Грецияда IV ғасырда пайда болды. Грек философы Демокрит барлық заттар адам көзіне көрінбейтін ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұрады деп ұсынды.
Демокрит Абдера қаласында туылған. Демокриттің көп саяхаттағандығы жайлы мәліметтер сақталған, ол Египетте, Вавилонда, Персияда болған және ғылымның әр саласынан көптеген туындылар жазған. Бірақ оның туындылары бізге жетпеген және оның туындылары жайлы басқа авторлардың кітаптарынын білеміз. Демокрит теорияларының негізгі ережелері физика және философия бойынша көптеген қазіргі кітаптарда сол бір сөзбен қолданылады. Демокрит ережелері төмендегідей:
1. Ештеңеден ешнәрсе пайда болмайды. Бар нәрсе жойылып кетпейді. Барлық өзгерістер бөлшектердің бірігуі мен жіктелуі салдарынан болады.
2. Себепсіз ештеңе болмайды, бірақ барлығы да қандай да бір негіздеме мен қажеттіліктен туындайды.
3. Атомдар мен бос кеңістіктерден басқа ештеңе жоқ, басқаларының барлығы тек көзқарас.
4. Атомдар саны жағынан шексіз және пішіні жағынан шексіз әртүрлі. Шексіз кеңістік арқылы мәңгі құлау кезінде жылдам құлайтын үлкен атомдар кішкентай атомдармен соғылады; осының салдарынан қаптал қозғалыстар, құйындар пайда болады және біреулері басқаларымен бірге немесе біреулері басқаларынан кейін қайта жоғалып кетіп жатады.
5. Заттардың арасындағы айырмашылық олардың атом сандарының, шамасының, пішінінің және атомдардың орналасу тәртібінің айырмашылығынан болады; атомдардың арасында сапалық айырмашылықтар болмайды. Атомда ешқандай «ішкі күйлер» жоқ; олар бір – біріне қысым және соққы жолдары арқылы әсер етеді.
6. Жан жіңішке, тегіс және домалақ атомдардан тұрады. Бұл атомдар ең көшпелі және денеге енген атомдардың қозғалысы өмірлік құбылыстарды туғызады.
Ғасырлардан өткен атомдық ілім идеализммен қатал күреске төтеп беріп, барлық қазіргі жаратылыстанудың негізі болды.
Атомистердің ілімі – монистикалық ілім, бұлар арқылы материя мен қозғалыс – болмыстың негіздері.
Аристотель
Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.
Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.
Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектерлдің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың ситілі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.
Пәлсападан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтанутуралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған. Александр қайтыс болғаннан кейін Афиныда македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айптау жасады. Аристотель «Афинылықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афинылықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады
Аристотельдің (б.з.б. 384—322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Бұл жерде біз Аристотель мен Платонның арасындағы сабақтастық байланысқа тоқталып өткеніміз жөн. Иә, Аристотель — Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарсы шықты.
Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізінде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.
Ендеше, Платонның бұларды екіге бөліп, сезімдік заттар дүниесі мен идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Өйткені, сайып келгенде, Платонның ойынша, қарама-қарсы идеялардың өзі сезімдік заттар дүниесінің көшірмесі, егіздің сыңары сияқты емес пе? Олай болса, Платон екіге бөліп отырған заттардың өзі бір-бірімен бірігудің орнына алшақ келіп, бізге ешқандай білімнің негізін бермейді.
Сондай-ақ, олар білімнің негізі емес. Платонның айтуынша, "идеяларда" жалпылық бар. Мұндай жалпылық жекелеген сезімдік заттарға да тән. Ендеше, осылай бөліне беретін идеяларда мазмұнның болуы неғайбыл. Өйткені сайып келгенде, жекелеген сезімдік заттарда мазмұн болмай шығады ғой. Айталық, адам "идеясының" әрбір жеке сезімдік адамның ортақ белгілерінің жиынтығьшан ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл жерде Аристотель өзінің болашақ философиялық жүйесінің негізгі теориясын айқындап беріп отыр. Өйткені Платон өзінің философиясында мазмұн (сезімдік заттар дүниесі) жөне форманы (сезімнен тыс идеялар дүниесі) бір-бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Ендеше, мұндай бір процестің екі жағын бір-біріне қарама-қарсы қою болмыстың мәнін аша алмайды.
Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында, "Платон идеялар дүниесін жеке бөліп альш, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді" деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекетгенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға біршама "қатысы" бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе, оның логикалық ілімінің қайшылығын да ашты.
Платон идеяларының логикалық арақатынасы жөніндегі пікірі, тіпті, қисынға келмейді. Біріншіден, "идеялардың" арасындағы логикалық байланыс, екіншіден, "идеялар" мен сезімдік заттар арасындағы қатынастар қайшылыққа толы. Идеялар арасындағы байланыс жеке идея мен жалпы идеялардың арасындағы қатынас арқылы көрініп, жалпы — жекенің мәні деген қорытындыға тіреледі. Ал идеялар мен сезімдік заттар арасындағы қатынаста зат пен оның идеясы бір-бірінен бөлек тұратын көрінеді. Бірақ заттар дүниесі, Платонның ойынша, "идеялар" дүниесінің бейнелеуі ғана ғой. Ендеше, әрбір заттың және оның идеясының екеуіне де ортақ және жалпы бірдеңе болуы керек. Егер сезімдік затгарға қатысты "идеялар" дүниесі бар десек, онда осыларға қатысы бар "идеялардың" жаңа дүниесі де болуы қажет.
Ендеше, бұл — "идеялардың" өзіне тән екінші дүние. Сөйтіп, Платонның идеялар дүниесін амалсыздан сансыз көбейте беруге болады. Яғни, Аристотель көрсеткендей, идеялар дүниесінен келіп, "үшінші адам" шықты деуге мәжбүр етеді. Ол қалай дейсіз ғой? Ол мынандай жағдайға байланысты: "Әуелі жеке сезімдік адам және оның идеясы бар". Одан соң, осылар бағынатын тағы да бір "идея" бар. Ендеше, бұл идея бірінші идея мен сезімдік адамның арасындағы ортақ жалпылықты қамтиды. Олай болса, ол — "үшінші адам".
Сайып келгенде, Платонның идеялар туралы теориясы сезімдік заттар дүниесін түсіңдіре алмайды, оның қасиеттерін ашуға да дәрменсіз. Бұл идеялар заттардың шығу тегін, қозғалуы мен қалыптасуын, пайда болуы мен жойылуын түсіңдіріп, оның мәнін аша алмайды. Өз алдына бөлек тұрған идея заттардың қайдан пайда болып, не себептен қозғалып дамитынына жауап беруге дәрменсіз келеді.
Платон идеялар дүниесі арқылы жаратылыстану саласыңдағы себеп-салдарлы байланысты аша алмады. Сондықтан Аристотельдің ғылыми ілімдерге жете көңіл бөліп, жаратылыстану саласымен кеңінен айналысуы Платон философиясындағы қайшылықтардан шығудың жолын іздегендігі деуге әбден негіз бар.
Осы жерде бұл екі ойшылдың көзқарасын бір-біріне тым қарсы қойып, бірін — материалист, екіншісін — идеалист деуден аулақ болған дұрыс.
Мұндай қағиданы тым асыра дәріптеп жіберуге болмайды. Өйткені Аристотель Платонды сынап, шын мәніндегі басқа бағытқа карай өтейін деп отырған жоқ. Керісінше, Аристотель белгілі бір философиялық мәселені шешу барысында ұстазының қайшылыққа белшесінен батып, одан шыға алмағанын ғана көре білді. Енді өзі белгілі бір жүйе жасау үшін, осы қайшылықтарды қалайда шешуге ұмтылды.
Біз Аристотельдің сынын ақтайық деп отырғанымыз жоқ. Бірақ дөл осы логикалық-диалектикалық, танымдық-теориялық мәселелерді шешуде, көне грек философиясының алыбы — Аристотель үшін басқадай жол қалмаған еді.
Дегенмен, Платонды сынау арқылы Аристотель көптеген мәселелердің бетін ашып тастады емес пе?
Мәселенің өзі осы болып тұр. Біреуді "мынаны істемеді, мына мәселені шешпеді" деп сынау, тағы басқа да себептерді айтып, айыптау оңайырақ. Ал енді сол мәселелерді шешуге бет алған сыншының өзі қайшылықтарға белшесінен батып, тұншығып, шыға алмай қалуы мүмкін.
Аристотельдің таным теориясы.
Сөзіміз жалпылама, абстрактылы болмас үшін, мынандай мәселенің қойылуы және шешілуін алайық. Жоғарыда біз Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, ягаи материя мен форма мөселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның ("материя" мен "форманың") диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.
Аристотельдің анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын тілінде "негіз", "астар" деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға тиіс. Сонда бұл процесс қалайша бір— біріне өтеді?
Ең алдымен материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені болмыс еместен ештеңе де шықпайды ғой. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды екен. Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз болар еді.
Сонда Аристотельдің формаға берген анықтамасы, жалпы Платонның идеясын, яғни идеалдықты елестететін болды ғой. Бәрін былай қойғанда, жаңа замандағы К.Маркстің тауарды, құнды, қосымша құнды, тағы басқаларын әрі реалды, әрі идеалды деп анықтағанына ұқсас болып шықты ғой деген ойға келуіміз де мүмкін.
Ол да рас. Шынында да, болмыстың болмауы және шын мәніндегі болмыс осы Аристотель айтып отырған форманы көз алдымызға елестетеді. Яғни Аристотельдің тілімен айтқанда, форма әуелгі кезде болмыс "мүмкіндігі". Ал оның мүмкіндікген шывдыққа айналуы форма болып шығады.
Бірақ мәселе мынада. Қалайша болмыс болмыс емеске, одан керісінше айналады, ол ненің әсерінен болады? Оның қайнар көзі қайда жатыр? Аристотельдің айтуынша, шындық болатын болмыс формасы әуел басында өзінің бойына мүмкіндікгі сақтайды екен. Өзінің ойын Аристотель былай деп түсіндіреді. Адам әуелгі кезде сауатсыз еді, енді сауатты болды. Оның сауатты болғаны, бұрынғы сауатсыздығынан емес, керісінше, адамның сауатты болғаны, оның бойында сауаттылыққа деген мүмкіндіктің (қабілеттің) бар болғандығынан.
Ендеше материяның, субстраттың бойында екі жағдай бар. Бірі — онда әлі "форма жоқ", ол кейін пайда болады, екіншіден, онда болашақта "формаға" айналатын мүмкіндік бар. Бұл бір процестің екі жағы. Бірі — теріс анықтама, ал екіншісі — оң анықтама.
Материя деген ұғым, Аристотельдің түсінігі бойынша, бір жағынан субстрат, яғни негіз, бірдеңенің ішкі астары. Бұл шын мәніндегі таза мүмкіңдік қана деуге болады. Екінші жағынан материя мүмкшдік қана емес, ол іске асқан шыңдық. Айталық, егер біз "мраморды" алсақ, ол өз алдына жатқан "материя", яғни сезімдік зат. Оның осы күйінде химиялық, физикалық, биологиялық ерекшеліктері, қасиеттері бар. Оларды ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл, Аристотельдің тілімен айтқанда, "соңғы материя" болады.
Ал енді оның осы табиғи қасиеттерінен басқа жағына, оның іске асатын мүмкіндігіне көңіл бөлсек, оның шындық жағдайы туады. Бұл мүмкіндікті (ешқандай физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерімен ғана шектелмейтін) ешуақытта да, еш жерде де сезім арқылы қабылдауға бол-майды. Ол тек оймен ғана айқындалады. Осындай жағдайға байланысты, оны "белгісіз субстрат" деп атайды. Ал Аристотель өзінің философиясында бұған "бірінші материя" деп ат берді.
Бұл жерде үлкен бір философиялық мән жатыр. Тегі осы "соңғы материя" мен "бірінші материяның" байланысы диалектикалық болуға тиіс. Бірі сезімнің химиялық, физикалық, биологиялық ерекшелігімен дараланса, екіншісі басқа да қасиеттерімен, басқа да сапалық ерекшеліктерімен анықталуға тиіс. Міне, осы ерекшеліктер мүмкіндіктің шындыққа, материяның формаға айналуын белгілеп беретін болғаны.
Аристотельдің бұл пікірі бірін-бірі диалектикалық байланыста ұстап отырған "материя" мен "форма", яғни мүмкіндік пен шындықтың бір-біріне өтуі, олардың өзара тығыз байланыстылығы басқа бір процестен келіп шығады ма деген ойға әкеп тірейді.
Сонда ол не болды екен? Мүмкін осының бөрі адамдардың іс-әрекетіне байланысты шығар? Аристотель өзінің шығармасында мұндай өзара байланысты, өзара сабақтас ұғымдар тізбегін: мрамор — мүсін — мүсіншіні көрсетіп берді емес пе? Сонда адам ғой негізгі, оның іс-әрекеті де маңызды рел атқарады екен ғой.
Біз осы ойды терең талдай отырып, мына пікірге ойысамыз. Айталық, мрамор — субстрат материалды зат болса, оның бойында табиғи ерекшеліктерінің бәрі бар. Ал енді осы мрамор мүсіншінің қолына түсті делік. Одан шебердің қолы арқылы тамаша мүсін пайда болады. Сонда бұл ненің нәтижесі? Бұған жауап бере келіп, өрине, Платон мен Аристотель мұны күні бұрын адамның басына ұялаған идеяға байланысты дер еді. Өйткені осы идеяның негізінде ғана мрамордан салтанатты сарайдың, адамның, жан-жануардың мүсіндері, әдемі ыдыстардың, тағы басқа да әсем заттардың өзі пайда болады ғой.
Иә, ол да дұрыс жауап. Дегенмен, Аристотель ұстазы Платонның абсолюттік идеясынан гөрі басқаша пікір айтып отыр емес пе? Сондықтан ол осы заттарды, өсем мүсіндер мен салтанатты сарайларды тудыратын адамдардың идеялары ғана емес, олардың қызметі деп есептейді.
Жаңа заманда, капитализм дәуірінде ғана дүниеге, ойлау процесіне енген адамдардың қызметі туралы идея сонау көне грек дәуіріндегі Аристотельдің басына ұялағанына таң қаламыз.
Бірақ ол кезде, яғни көне грек заманында құн ұғымының болмауы Аристотельдің қайшылыққа тап болуына әкелді де, ол әрі қарай мәселені талдауды тоқтатады. Ал, шындығында, бір тауар мен екінші тауардың өзара алмасуының негізі бір нәрсеге байланысты ғой. Ол — адам еңбегі емес пе? Ендеше, Аристотель материядан формаға, мүмкіндікген шындыққа өту адам қызметінің нәтижесі деп көрсетсе, оның не артықтығы бар? Дегенмен, Аристотель тауар құнының формасында еңбекгің барлық турлері бірдей бар екенін аша алмаған. Яғни, басқаша тілмен айтқанда, тауар құндарының формасында еңбектің барлық түрлері бірдей және демек, бір-біріне тең адам еңбегі болатындығын Аристотель құн формасының өзінен шығара алмады, өйткені грек қоғамы құл еңбегіне негізделген-ді, демек, бұл кемшіліктің табиғи негізі адамдардың және олардың жұмыс күштерінің теңсіздігінде жатыр еді. Еңбекгің барлық түрлері тең және бірдей. Өйткені олар жалпы адам еңбегі болып табылады, құн көрінісінің бұл жасырын сыры адам тендігінің идеясы халық сезімівде тұрақты орын алған кезде ғана ашылуы мүмкін еді. Ал мұның өзі тауар формасы еңбек өнімінің жалпы формасына айналған қоғамда, демек, тауар иелері ретіндегі адамдардың өзара қатынасы үстемдік етуші қоғамдық қатынас болып табылатын кезде ғана мүмкін болады. Аристотельдің данышпандығы дәл мынадан көрінеді: тауар құнының көрінісінен ол теңдік қатынасын ашады. Ол өмір сүрген қоғамның тарихи өрісінің тарлығы ғана бүл теңдік қатынасының мәні "шындығында" дәл неде екенін ашуға оған кедергі болды.
Аристотель физика ғылымының атасы болды. Оның табиғатты зерттеуге арналған кітабының атауы ("физика") физика ғылымының атауына айналды. Аристотельдің өзі кітабының басында осы ғылымның мақсаттары мен міндеттерін келесідей анықтайды: "ғылыми білім барлық зерттеулерден туындайды, олар бастауларға, себептерге немесе элементтерге олардың білімі арқылы таралады (өйткені біз білген кезде кез-келген нәрсені білуге сенімдіміз
Евклид (б.з. д. III ғасырда өмір сүрген) өзінің бұрынғы адамдарының математикалық білімдерін қорытындылады және жүйеледі, оның мұғалімі атақты ғалым Евдокс Книдский болды. Евклидтің "бастаулары" - бұл Евклид геометриясы деп аталатын геометрияның экспозициясы. Ол қазіргі ғылым Евклид кеңістігі деп атайтын кеңістіктің метрикалық қасиеттерін сипаттайды. Евклид кеңістігі-классикалық физиканың физикалық құбылыстарының аренасы, оның негізін Галилео мен Ньютон қалаған.
Бұл кеңістік бос, шексіз, изотропты, үш өлшемге ие. Евклид атомдар қозғалатын бос кеңістіктің атомдық идеясына математикалық сенімділік берді. Евклидтегі қарапайым геометриялық объект-бұл оның бөліктері жоқ деп анықтайтын нүкте. Басқаша айтқанда, нүкте — кеңістіктің бөлінбейтін атомы.
Кеңістіктің шексіздігі үш постулатпен сипатталады: "әр нүктеден әр нүктеге дейін түзу сызуға болады
"Шектелген сызықты түзу сызықпен үздіксіз жалғастыруға болады".
"Кез-келген орталықтан және кез-келген ерітіндімен шеңберді сипаттауға болады".
Параллель туралы ілім және әйгілі бесінші постулат ("егер екі түзу сызыққа түсетін сызық ішкі және бір жағынан екі түзуден кіші бұрыштарды құраса, онда шексіз жалғасатын бұл екі түзу екі түзуден аз болатын жақта кездеседі") Евклид кеңістігінің қасиеттерін және оның Евклид емес геометриялардан өзгеше геометриясын анықтайды.
Біраз уақыттан кейін Архимед Евклид кеңістігіне тағы бір сипаттама берді, келесі болжамды қабылдады: "бірдей ұштары бар барлық сызықтардың ішінен түзу ең аз болады". Евклид геометриясындағы түзу сызық-геодезиялық сызық, яғни ең аз ұзындығы бар сызық. Евклид кеңістігі тегіс.
Әрине, Евклид кеңістігінің барлық ерекшеліктері бірден ашылмады, бірақ ғасырлар бойғы ғылыми ойдың нәтижесінде, бірақ бұл жұмыстың бастауы Евклидтің "басталуы" болды. Евклид геометриясының негіздерін білу қазір бүкіл әлемдегі жалпы білім берудің қажетті элементі болып табылады.
Евклид "Оптика" және "Катоптрика" (зеркальный отгреческого) еңбектерінде баяндалған геометриялық оптиканың негізін қалады. Геометриялық оптиканың негізгі ұғымы-түзу сызықты жарық сәулесі. Евклид жарық сәулесі көзден шығады (визуалды сәулелер теориясы), бұл геометриялық құрылымдар үшін маңызды емес. Ол шағылысу Заңын және доңес сфералық айнаның фокустық әрекетін біледі, дегенмен фокустың нақты орнын әлі анықтай алмайды. Қалай болғанда да, физика тарихында Евклидтің атауы геометриялық оптиканың негізін қалаушы ретінде тиісті орынға ие болмады.
Архимед
Ғылымдар тарихынан құрметті орын алып, ғасырлар бойы халықтардың жалынды сүйіспеншілігіне бөленген білім мен ой алыптардың бірі, ежелгі замандағы ғылыми ойдың атасы - Архимед.
Архимедтің есімін естімеген адам ілуде біреу-ақ болар. Архимед саны, Архимед аксиомасы, Архимед ережесі, Архимед заңы, Архимед әдісі, Архимед теоремасы, Архимед нақылы. Ұлы ғалымның атына байланысты ұғымдар ғылымның сан алуан саласынан кездеседі.
Архимед біздің жыл санауымыздан 287 жыл бұрын Жерорта теңізіндегі Сицилия аралының күн шығыс жағасында Сирикуз қаласында туып өскен. Әкесі Фидий астроном болған. Жасынан математикамен шұғылданған Архимед, Мысырдағы Александрия қаласына барып, біраз білімін көтеріп қайтқан. Александрия ғалымы – математик, астроном, географ Эратосфенмен достық қарым-қатынаста болған.
Сол заманда Рим империясы мен Карфаген мемлекетінің арасында Жерорта теңізін, оның ішінде, Сиракузды басып алу үшін қанды күрес болады. Осы қанды күресте қаланы Архимед қорғады. Ол түрлі соғыс машиналарын жасап, олармен қала халқын қаруландырады. Рим солдаты қолынан қайтыс болады.
Архимедтің есімі ІХ – Х ғасырларда арабтарға жеткен. Архимедтің еңбектерін араб тілінде аударған, шығармаларына талдау жасалған.
Архимед есімі Қазақстанға физика мен математиканың мектептік оқулықтары арқылы келді.
Архимед шығармаларына тоқталайық. Ғалымның қанша еңбек жазғаны белгісіз.
Төменде шығармаларына қысқаша шолу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет