Дәріс 7. Тақырыбы:Халықтық кәсіптердің айрықша ерекшеліктері. 2. Кәсіптің түрлері: ағашты оюлау, сүйекті оюлау, теріні бедерлеу, соқпалау, қыш бұйымдарын жасау, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік іс, кестелеу және басқалар. Сәндік-қолданбалы өнер түрі
Тіршілік Көркемдеу
Көркем зат (Бейне)
Көркем зат бейне, образ (талапты адамның шабытынан туындайды). «Шабыт» дейді психологтар, өнер адамдарында ғана емес, эстетикалық тұргыдан дамыған адамда да болады деген тұрымға келген. Студенттерді эстетикалық тұрғыдан дамытуда Мағжан Жұмабаевтың «Бір затты зерттеп алу үшін сол заттан адам жанында көп әсерлену болу шарт, сонымен қатар адамға не нәрсе үйретсек те көрсетіп үйрету керек» деген тұжырымға сүйене отырып оқыту керек. Қол өнершілер сұлулық пен үйлесімділік сүйене отырып туындыларын шабыттың үш бағытында жасалған.
Сәндік-қолданбалы өнер халық шығармашылығымен тығыз байланысты. Мұндай өнер туындыларына: жиһаз, кілемдер, ыдыс-аяқтар, киім-кешектер, тұрмыстық заттар және ойыншықтар т.б. жатады. Әрбір бейнелеу өнерінің түрлерінің өзіне тән ерекшеліктері мен стильдері болғандықтан, олар бірнеше бөліктерге бөлініп отырады. Ол бөліктер жанр деп аталады. Енді жоғарыда айтылған тіршілік өнері мен көркем өнерін жанрларға бөліп қарастырамыз. XIX ғасырдың ортасына карай өнер шеберлері тұрмыстық заттар және ауыл шеберлері больш бөлініп кетті. Өйткені белгілі кәсіпшіл мамандар пайда болды.
Әр жанрға жеке тоқталатын болсақ: темір өңдеу.
Темір өңдейтін адамды ұста деп атайды. Темір өңдеудің екі тәсілі бар. Ыстыктай және суыктай өңдеу. Қол өнерші ұстаның кұрал-саймандары төс, күрек, балға, шеге, т.б. жатады. Олар қарапайым ауыл шаруашылық сайман соқадарды құйды. Өндіріс саймандарына басқа соғыс қару жарактарын: қанжар, қылыш, семсер, айбалта, найза, жебе, сұңгілер соғып шығарды. Сонымен катар ауыл және тұрмыстық заттарды жасаған. Мысалы: ат, түйе әбзелдерің, адалбақандар, үш аякты дөңгелек темір ошақ, көсеу, қалақ, т.б. соғып кұйып жасаған. Бір тайдың еті толығымен сиятын тайқазан жасаған. Теміршінің өндіріс саймандары: көрік, төс, балта, қысқыш, кескіш, тескіш, тістеуік, егеу т.б. болды.
Ағаш өңдеу. Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қол өнері өріс алған, оларды аға шеберлері деп атаған. Ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегін оның құрама бөлшектерін тұрмыстық заттар, ерлер т.б. жасаған.
Жүн өңдеу. Қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылады. Қылшықты жүндерден бау, басқұр, қап тоқылады. Қылдан арқан жіп тоқылады. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүні кәдеге асады.