Дәріс тақырыбы: «Жас спортшыларды іріктеудің заманауи жүйесі» Дәріс жоспары



бет3/4
Дата18.04.2023
өлшемі91,53 Kb.
#83847
1   2   3   4
Байланысты:
2-лекция

Бірінші іріктеу - келешек спортшымен танысу, оны жан-жақты зерттеу. Ол мынандай əр түрлі іріктеу түрлерінен түрады:
- қозғалыс қасиеттерін эр түрлі сынақтар арқылы бағалау;
- дене құрылысы ерекшеліктерін көру, бағалау;
- психо-физиологиялық тексерулер (сұрақ қою əдісі);
- ата-аналарымен танысу.

Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған жөн (ағзаның құрылысы жəне дене мүшелері). Спорт түрлері адамның морфологиясына əр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардын аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с.
3. Спорт мектептеріне іріктеу шарты: дәрігерлік-биологиялық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік.
 
Физиологиялык ерекшеліктер. Физиологиялық ерекшеліктер ағзаның козғалысын ғана емес, вегетативтік (қызметтік) жүйесінің сипаттамасын да көрсетеді. Жүгіру, шаңғы, коньки спорттарын іріктеу кезінде оттегін (ауаны) барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы зерттейміз.
Психологиялық ерекшеліктер. Оқушылар нерв, жүйке жүйелеріне байланысты мықты жəне шапшаң психикалы спортшьшар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бірқалыпты, ұзақ жүмысты керек ететін спорт түрлерінде шапшаң жүйке жүйелі спортшылар көп жетістіктерге жететіні дəлелденген.
Тұқым қуалаушылық факторлары. Қазіргі кезде тұқым қуалаушылық факторларға ерекше назар аударылып отыр. Адам ағзасының құрылысы, салмағы ата-анадан балағатұқым қуалау арқылы берілетіні дəлелденген. Ата-ана мен баланың қозғалыс кабілеттілігінің арасында байланыс бар.
Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген,
əр түрлі амалдар қолданады:
1. Жарыс. Бұл амал ресми жəне əр түрлі бəсеке түрінде өткізіледі.
2. Жаттықтыру. Спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау.
3. Бақылау сынақтары. Жаттықтыру кезінде колданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу.
4.Адам ағзасын зерттеу. Баланың қабілеттілігін əр түрлі аппараттар арқылы тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет