Дәріс тақырыбы: «Жас спортшыларды іріктеудің заманауи жүйесі»
Дәріс жоспары: 1. Іріктеу жүйесінің негізгі түсінігі, спорттық-тәсілдік, дене даярлығының бастапқы деңгейі
2. Дене қабілеттерінің дамуы, спорттық дарындылық, спорттық бағдар, жас спортшыларды іріктеу кезеңі.
3. Спорт мектептеріне іріктеу шарты: дәрігерлік-биологиялық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік.
1. Іріктеу жүйесінің негізгі түсінігі, спорттық-тәсілдік, дене даярлығының бастапқы деңгейі Спорт түрлері, олардың топталуы қазіргі кезде олардың топталуының 7 түрлі нұсқасы бар:
1. Бəсекелесу түріне, сипатына байланысты спорт түрлері бес топқа бөлінеді:
- спортшының дене қуаты қасиеті деңгейінің анықталуына байланысты топталатын спорт түрлері;
- техника құралдарын басқару арқылы қозғалу спорт түрлері;
- спорттық қарумен нысана ату спорт түрлері;
- спортшының əр түрлі заттардан қозғалатын құралдар (модельді) құрастыру қызметіне байланысты спорт түрлері;
- логика, ақыл-ой мүмкіншіліктерін қолдана отырып бәсекелесетін спорт түрлері.
2. Жеңімпазды анықтау ерекшеліктеріне байланысты спорт түрлері екі топқа бөлінеді:
- спортшылардың бəсекесін құралдармен өлшеп, анықтайтын спорт түрлері; - спортшылардың бəсекесін көру,бақылау арқылы анықтайтын спорт түрлері.
3. Қозғалыс құрылысы ерекшеліктеріне байланысты спорт түрлері үш топқа бөлінеді:
- циклді спорт түрлері; Оған жататындар: жүгіру түрлері, суда жүзу, шаңғы, ескек есу т.с.с;
- ациклді спорт түрлері; Оған жататындар: күрес, ауыр атлетика, секіру түрлері, бокс т.с.с.;
- аралас спорт түрлері. Оған барлық спорт ойындары жатады.
4. Қозғалыс əрекетінің күрделілігіне байланысты спорт турлері екі топқа бөлінеді:
қарапайым спорт түрлері;
Олар: туризм, жеңіл атлетиканың жүгіру түрлері, т.б.;