Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет76/80
Дата10.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#136173
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-emirsaba.org

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:

1

№13-
дәріс



Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Дәріс №13. Тақырыбы: Әлеуметтік-психологиялық кикілжің.
Жоспары:

1. Кикілжің ұғымына анықтама.


2. Кикілжіңнің түрлері мен функциялары.

1. Кикілжің ұғымына анықтама.
Кикілжің сөзі латын тілінен аударғанда – соқтығысу, қақтығысу деген мағынаны береді және өзара іс-әрекет процесінде пайда болатын қарама-қарсы бағытталған мақсаттар, қызығушылықтар, ұстанымдар, ой-пікірлер, көзқарастардың бір-бірімен сәйкес келмеуі аталады.
Кикілжіңдерді жіктегенде әртүрлі критерийлерді қолдануға болады:

  1. кикілжіңдердің орны бойынша тұлғаішілік, тұлғааралық, тұлғалық-топтық, топаралық деп бөлуге болады.


  2. тұлғаішілік кикілжің адамның ішкі дүниесінде пайда болып, оның әртүрлі мақсат, тілек, себептерінің негізінде пайда болады.


  3. тұлғааралық кикілжің екі немесе одан да көп жеке адамдардың арасында пайда болады. Тұлғааралық кикілжіңдердің пайда болуынынң бірнеше себептері бар:


  • ақпараттың жеткіліксіздігі;


  • тығыз байланыстың аз болуы;


  • таңдау жасаудағы еріксіздік;


  1. тұлғалық-топтық кикілжің жеке адамның мінез-құлқының топтық нормаларға сәйкес келмеуінен пайда болады. Жеке адам мен топтың өзара іс-әрекет деңгейіндегі кикілжіңдер әртүрлі нұсқада беріледі:


  • басшының қол астындағылармен кикілжіңі – бұндай кикілжіңдердің себебі басшының төмен деңгейлі құзырлылығынан болуы мүмкін;


  • теріс ықпалды формальды емес лидерлердің басымдылығы;


  • жаңа басшыны «сырттан» сайлау, бұнда осы топ ішінде басшы болуға мүмкіндік бар үміткердің болуы;


  • басқару стилінің сәйкес келмеуі;


  • топ мүшелерінің ұжыммен кикілжіңге баруы – кикілжіңнің себебі адамның тұлғалық ерекшеліктері болуы мүмкін;


  • жеке адам үшін маңызды нормаларды топтың бұзуы;


  • топтың жеке адамдардың статусына қарым-қатынасының сәйкес келмеуі;


  • адамдардың ресми және ресми емес өзара іс-әрекет нормаларын бұзуы.


  1. топаралық кикілжің – бұнда кикілжіңге қатысушылар ретінде қарсы топтың мақсаттарымен сәйкес келмейтін топтар алынады. Нәтижесі бойынша конструктивті және деструктивті кикілжің деп бөлуге болады.


Конструктивті кикілжің – мұнда жеке адам немесе топ жинақталған қарама-қайшылықтарды шешіп, ол дамуының жаңа кезеңіне өтуге бағыт алады.


Деструктивті кикілжің – бұл түрі өзара іс-әрекеттерді бұзуға, жеке адам мен топтың эмоциональды жағдайын төмендетуге бағытталған. Көп жағдайда кикілжіңнің осы түрі стресс жағдайының себебі болып табылады.
Деструктивті кикілжіңнің мынадай белгілері бар:
  1. кикілжіңге жаңа адамдарды көптеп енгізу;


  2. бір-біріне деген қарым-қатынаста жағымсыз әсерлердің көбеюі;


  3. кикілжіңнің «эскалациясы» - қысымның өршуі, қарсыласты шынайы қабылдамау.


Кикілжіңнің бұл түрін шешу өте қиын.


2. Кикілжіңнің түрлері мен функциялары.
Кикілжіңдердің функциясын сипаттай отырып, оның екі аспектісін анықтауға болады:
  1. кикілжіңге қатысушылардың өздеріне әсері;


  2. кикілжіңнің әлеуметтік ортаға әсері.


Конструктивті функцияның қатысушыларға әсеріне мыналар жатады:


  • қатысушылар арасындағы қарама-қайшылықтарды толық немесе жартылай жою;


  • қарсыластардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін терең бағалауға мүмкіндік беру;


  • кикілжіңге қатысушылар арасында психологиялық қысымның азаюына жол беру;


  • жаңа тәжірибе жинақтау және жеке адамды дамытудың қайнар көзі болуы;


  • қарсыластардың тұлғааралық қарым-қатынастарын тұрақтандыруға ықпал ету.


Әлеуметтік ортаға кикілжіңнің конструктивті әсері мына жағдайларда көрінеді:


  • кикілжіңнің топтың әлеуметтік өмірін жетілдіруге ықпал етуі;


  • қызмет пен қарым-қатынастағы шешілмеген мәселелерді түсінуге мүмкіндік беру;


  • топтың пікірін, оның мүшелерінің көзқарасы мен көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік беруі;


  • кикілжіңнің ішкі қиындықтар пайда болғанда топтың ұйымшылдығына әсер етуі.


Қатысушыларға кикілжіңнің деструктивті әсері мына жағдайда көрінеді:


  • кикілжің қатысушылардың психикалық жағдайына жағымсыз әсерінің және стресске ұшырауының себебі болуы мүмкін;


  • тұлғааралық қарым-қатынастардың бұзылуының себебі болуы мүмкін;


  • қызметтің тиімділігінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін;


  • кикілжің топтағы мәселелерді күштеп шешудің себептері болуы мүмкін.


Әлеуметтік ортаға кикілжіңнің деструктивті әсері мына жағдайларда көрінеді:


  • кикілжің топтағы қарым-қатынас процесін бұзады;


  • топтың құндылық-бағдарлы тұтастығын әлсіретеді;


  • бірлескен іс-әрекеттің сапасын төмендетеді.


Көптеген тұжырымдамаларда отбасы әлеуметтендірудің маңызды институты ретінде қарастырылады. Отбасында өзара іс-әрекеттің алғашқы дағдылары қалыптасады, алғашқы әлеуметтік рольдерді меңгереді, ер адамға және әйел адамға тән белгілер қалыптасады. Адамның мінез-құлқының негіздері, оның еңбекке, моральды, идеялық және мәдени құндылықтарға қатынасы қалыптасады.


Әлеуметтендірудің маңызды факторларының бірі мектеп болып саналады. Мектепте жүйелі білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге адамды қоғамдағы өмірге үйретеді. Мектеп отбасымен салыстырғанда, қоғам мен мемлекетке біршама тәуелді, сонда да болса, мектепте адамға мемлекеттің бір азаматы ретінде алғашқы түсінік беріледі.
Балалардың отбасы мен мектептен тыс уақытының көп болуына байланысты замандастар қоғамының маңызы артуда, олардың ықпалы ата-аналар мен мұғалімдердің ықпалынан көбірек.
Мектептен басқа, бұқаралық ақпарат құралдарының – баспасөз, радио, теледидар, компьютерлік жүйелердің ролі мен маңызы артуда. Баспа мен теледидарды бақылау мен жоспарлауға алуға болады, ал интернет жүйесін бақылауға алу қиынға соғады.
Әлеуметтендіру процесіне белгілі бір этносқа қатыстылық мәселесі ықпал етеді. Этностық ерекшеліктер бір жеке адамға емес, көптеген топтарға сипаттама береді. Этностардың құрылуы көптеген ғасырлар бойы біршама факторлардың әсерімен жүріп келе жатқан процесс болып табылады. Әрбір этносқа белгілі рухани құрылым тән, мысалы – менталитет, қазақшаға аударғанда діл деп аталады. Менталитет халықтың арнайы әлеуметтік мәдени өмір жағдайларында қалыптасады және әлеуметтендірудің маңызды факторы болып саналады.
А.В.Петровскийдің пікірі бойынша, менталитет ұғымы бір қауымдастықты екінші бір қауымдастықтан ерекшелейтін сана ауқымындағы ерекше құбылыстарды анықтауға қолданылады. Әрі қарай ол мынадай мысал келтіреді: «жақын адамдарға деген махаббат сезімі, олардан айырылғандағы өкініш сезімі, олардың өмірден өтулеріне себеп болған адамдарды кінәлау жалпы адамдық қасиеттер бооып табылады, сонымен қатар қанды кек алуды адамгершілік жағынан ақтау – менталитеттің халық дәстүрімен бекітілген белгісі болып саналады. Мысалы қанды кек алу – «вендетта» деп аталады, итальян тілінде «кек алу» деген мағынаны білдіреді.
Әлеуметтендірудің маңызды факторларының бірі елді мекеннің типі болып табылады. Әлеуметтендіру процесі үлкен қалалар мен алыстағы кішкентай ауылда бірдей жүреді деп айтуға болмайды.
Жеке адамның қалыптасуы жүретін үш сфераны атауға болады: қызмет, қарым-қатынас және өзіндік сана. Осы үш сфераның жалпы сипаттамасы ретінде индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланыстарын кеңейту процесін алуға болады.
Қызмет сферасында адам қызметтің жаңа түрлерін меңгереді. Қарым-қатынас кезінде оның кеңдігі мен тереңдігі қарастыралады. Қарым-қатынасты кеңейтуді адамның басқа адамдармен байланыстарын көбейту деп түсіндіруге болады. Қарым-қатынастың тереңдігін монологты қарыми-қатынастан диалогты қарым-қатынасқа өту деп түсіндіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет