Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Амбиваленттік біртектілік –



бет14/106
Дата20.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69515
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   106
Амбиваленттік біртектілік – бұл анық көрінбейтін этникалық біртектілік, ол аралас этникалық ортада көрініс табады.

Сонымен, этникалық біртектіліктің аталмыш типтері мен түрлерін айқындай келе, олар тек үлкен эмперикалық мәліметтерді зерттеу негізінде қалыптасқан ғылыми абстракциялар екеніндігін түсіну қажет. Адамдардың сәйкестілігінің басқа нысандары ішінен этникалық біртектіліктің шынай көрінісі аталған типтің біреуімен ғана емес, бірнешеуімен анықталады. Мысалы, қандай да бір адам ауылда өзін соның тұрғыны ретінде сезінеді және солай болып басқалармен де қабылданады. Қалада ол өз диалектісі, дағдысы, салты бар нақты жердің өкілі ретінде әрекет етеді. Сол себепті этникалық біртектілік шекарасы жылжымалы, және мәдени негізделген.
Этникалық біртектіліктің негізделуі.
Әлем халықтарын зерттеу үрдісінде біз этностың адам еркінен емес, ол обьективті тарихи үрдіс негізінде пайда болғанын көреміз. Соған сай этноқалыптастырушы үрдістер ішкі этникалық, этносаралық және этникадан тыс сипатқа ие әртүрлі факторлар әсерінен дамиды. Осыған байланысты этнос күрделі құрылысты білдіреді, және де олардың әр қайсысы көпшіліктен айыратын немесе тіптен басқа этностардан ажырататын ерекше қасиеттерге ие болады.
Бұл тұрғыдан этникалық біртектілікте ерекше маңызға біртектіліктің негізделуі ие болады.
Этнопсихологияда этникалық біртектіліктің негізделуінің үш типі көрініс табады: тудырушы механизмдер, бірлескен белгілері және біртектілікті жүзеге асыру амалдары.
Этникалық біртектіліктің тудырушы механизмі адамның мемлекеттегі және әлемдегі әлеуметтік мәртебесі. Жоғары әлеуметтік мәртебе, өткен өмірде және қазіргі кезеңде басқа халықты басып жаншу, үстерінен әмірлік жүргізу ниетінен көрінетін ұлттық үстемдік сезімін тудырады. Төменгі әлеуметтік мәртебе өз халқына тиісті болу беделсіз екенін ұғыну негізінде, ұлттық құнсыздық сезімін тудырады, ол өз кезегінде ұлттық тиістіліктен бас тартуға әкеледі. Этникалық біртектіліктің қалыптасу механизмі оның негізгі мазмұнын анықтайды, сонымен қатар басқа халықтарға өзін жалғастырушы ретінде қарау, өз елін әлемнің этникалық картасында кеңеюіне оңды көзқараста болуына жол ашады.
Этникалық біртектілікте бірігу белгісі болып жиынтығында ұлттық сипат қалыптасатын, этникалық дағдылар табылады. Ұлттық сипат белгілеріне келесі қасиеттер тиісті: белсенділік-салғырттық, жауапкешілік-жауапсыздық, адамгершілік–құнсыздық сезімі, сенімділік-күмәншілдік, ұстамдылық-ысырап етушілік, шыдамдылық-төзімсіздік, адалдық-екіжүзділік, ақкөңілділік-алдамшылық, батырлық-қорқақтық, қайырымдылық- немқұрайлылық, ашықтық-тұйықтық және т.б. Шындығында әр халық осы қасиеттердің қандай-да бір түрлерін алып жүруші болып табылады, ол өз кезегінде оған басқа халықтың ішінде өз орнын табуға септігін тигізеді.
Этникалық біртектілікті жүзеге асыру амалдары мен жағдайлары ішінде біріншіден ұлтттық тіл мен ортақ территорияда өмір сүруін ажыратып көрсету қажет. Ұлттық тіл негізінде этностың біртұтастылығы қамтамасыз етіледі. Бір жерде тұру жинақылығы этнос тұтастығының қажетті белгісі болып табылады. Дегенмен, жаңа ақпараттық және транспорттық байланыстардың дамуымен байланысты жинақылық пен шашыраңқы белгілері жанама болып отыр.
Этникалық біртектілік мәселесін зерттеуде этнодифференциальды белгілер мәселесі де ерекше маңызға ие, оларды бірқатар этнологтар этнос мәнін анықтауда қосымша белгілер қатарына жатқызады. Демек, этникалық дифференциясыз этникалық біртектілік мәселесі барлық мәнін жоятындығы естен шығарылады.Этникалық қауымдастықтың сипатттық ерекшелігі олардың өзара ажыратылуында жатыр.
Этнодифференциальды белгілер жиынтығы ішінен ең алдымен адам тегінің сыртқы физикалық ажырату ерекшелігін бөліп көрсеткен жөн, яғни нәсілдік белгілері. Адамды бағалау оның сыртқы түр сипатынан басталады ғой, нақтырақ айтсақ нәсілдік тиістілігінен. Себебі, бүкіл әлемнің халықтары көбінесе салыстырмалы біртекті нәсілдік құрамға ие, дегенмен антропологиялық тектері ажыратылуы мүмкін. Маман емес, адамға жақын антропологиялық тектерді ажырату мүмкін емес.
Сондай-ақ, бір халық адамдары арасындағы сыртқы пішін айырмашылығы да жиі кездеспейтін құбылыс емес. Мысалы, Германияда мемлекеттің оңтүстік жағының орта тұрғыны яғни Баварияның тұрғындары солтүстік тұрғындарына қарағанда қаралау, беттері жалпақ, бойлары аласа келеді.
Солтүстіктің немістері арасында Баварияға қарағанда сары шаштылардың проценті көбірек. Ростовтық орыстардың басым бөлігі қара шашты және қара көзді болып келеді де солтүстік-батыс облыстарының тұрғылықты орыстарынан қатты өзгеше болып келеді, көбінесе олар сары шашты және көк көзді. Қытай мемлекетінің солтүстік-батыс ауданының қытайлықтары өз жерлестерін оңтүстік қытай теңізі жағалауының қытайлықтарынантүр әлпетінің бір белгісі бойынша ғана оңай айырады.
Соған сәйкес, шындығында нәсілдік белгілер, маңызды этнодифференциальды ролге ие емес. Сондай-ақ қазіргі таңда нәсілдердің араласуы қатты етек жайғандықтан, бұл белгі бойынша адамның этникалық тиістілігін анықтау аздап қиындыққа апарады. Жекелеген этностар әртүрлі нәсіл өкілдерінен тұратындығы туралы көптеген мысалдарды келтіруге болады. Тіптен әлемнің кейінгі этникалық суретінде абсолютті «таза», яғни антропологиялық тұрғыда шатыспаған этносты кездестіру мүлдем мүмкін емес.
Көптеген ғалымдардың пікірінше өзін бір этностың өкілі ретінде сезінуді –жеке тұлғаның этникалық идентикациясы деп атайды. Жеке тұлғаның этникалық идентикациясы туралы кең мағыналар өте көп. Оларды шартты түрде екі облысқа бөлуге болады:

  • этникалық топтың идентификациясы.

Өзіндік идентификация - этнофораның өзіндік мінезінің ерекшеліктерімен анықталады.
Ал этникалық топтың идентификациясы - әлеуметтік категориялармен және этникалық топтың қорытындысымен айқындалады. Этнофораның өзіндік идентифификациясы негізінен үш фактормен анықталады:

        1. этнофораның басқалармен қарым-қатынастағы орны (этникалық құрылымның және этникалық ролъдердің еңселігі) туралы түсінігі;

        2. этнофораның өзін-өзі көрсету сапасы ( мінез-құлық);

3. этнофораның өзіндік бағасы (теңбе-тең, теңбе–тең емес);
Этникалық идентификация тек қана өзін этникалық қауымдастықтың өкілі ретінде сезіну ғана емес, оның өзіне-өзі баға беруі.
Этнопсихологиялық зерттеулердің қорытындылары этникалық идентификацияның негізгі үш типін айқындайды :

  • Полиэтникалық идентификация – бірнеше этносқа деген көзқарас .

  • Трансэтнизм - жеке тұлғаның өзін ешқандайда этностың қатарына жатқызбауы. Өзін әлемдік қауымдастықтың субъектісі ретінде сезінуі. Мысалы: Лев Толстой, Махатма Ганди.

Жеке тұлғаның ұлттық ерекшелігінің мәні.
Ұлттық психология құрылымы туралы ғалымдар арасында бірдей бағыт жоқ. Бұған себеп: топтардың партиялар мүддесінде түсіндіріліп келуінде, ал мұндай тұрғыдан келу ұлттық мүддемен, ұлттық сана ұғымдарының толық мәнінің ашылуына мүмкіндік бермейді.
Әлеуметтік психологияда зерттеу жүргізген Г. Делигинский, А.И. Горячева., В.Ю. Бромлей ұлттық психология құрылымын, қоғамдық психология құрылымынан ажыратуға тырысты. Олар қоғамдық психологияның екі құрамдас бөлігін ажыратты:

  • Тұрақты бітістерге психологиялық бітістерді жатқызды, оған әлеуметтік және ұлттық мінез-құлық, салт-дәстүр жатады;

  • Қозғалғыш динамикалық құрылым ретіндегі эмоцияналды сфера, оған қажеттілер қызығу, көңіл-күй жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет